Home » Ұстаз мерейі шәкірттерінің жеңісі

Ұстаз мерейі шәкірттерінің жеңісі

Ақпанның 27 күні Астана қаласы Алматы ауданының әкімшілігімен ұйымдастырылған мектепалды даярлау топтарының балалары арасында  өткізілген іс – шара «Жаяу жүргінші әліппесі» атты «Брейн — ринг» қалалық сайысына №60 «Арай» балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты.
Тәрбиеші Жаманбалина Маржан Кайратқызының жетекшілігімен «Болашақ» топ тәрбиеленушілері ІІ орын иеленді. Бұл жарысқа топтан 6 бала іріктелді. Қатысқан балалардың топ басшысы Едіге Бекалы болды. Сонымен қоса Нурмагамбетов Нұрали, Түсүпбек Кәусар, Казгужин Алихан, Комекова Адель, Полатов Дінислам есімді бүлдіршіндер де қатысты.
Топ басшысы Едіге Бекалы «Болашақ» тобына ересек жастан келді. Ол өте ақылды, сабырлы, мейірімі мол,  балабақша шараларына белсенді қатысып отырады. Сонымен қатар  сурет салғанды ұнатады. Нұрмағамбетоа Нұрали оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл тәрбиеленушінің жалпы ойлау деңгейі жоғары, себебі Нұрали көп ертегі тыңдағанды ұнатады.
Түсүпбек Кәусар, ІІ жарты жылдықта № 29 балабақшадан ауысып келді. Кәусардың  мінезі ашық, жүрегі кең – пейілді деуге болады. Кәусар өте аз уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Комекова Адель өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, балабақшада және балабақшадан тыс өтетін іс – шараларға, конкурстарға белсене қатысып, бірнеше жүлделі орындарға ие болды. Казгужин Алихан өз ісіне жауапты, жылдам әрекет ететін тәрбиеленушілердің бірі.  Логикалық ойлау қабілеті өте жақсы. Полатов Дінислам қандай да бір іс болмасын әрдайым алдында жүруге ұмтылады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Дінислам әрдайым көңілді жүреді.
«Жаяу жүргінші әліппесінің» басты мақсаты: жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны, қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір тәрбиеленуші немесе оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Өз балабақшасының мақтанышына айналған балғындарымызды жеңістерімен құттықтап алар асуларың биік болсын деп тілейміз. Әрдайым шәкірттерінің жеңісімен мақтанып отыратын педагогтарымыз үшін де бұл үлкен абырой шексіз қуаныш.

Исмагамбетова Бибігүл Абылайқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№60 «Арай» балабақшасының әдіскері.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.