Ұстазым — ұлы тұлға жүректегі,
Ұстазым — асқар тауым биіктегі.
Ұстазым — шалқар көлім шарықтаған,
Ұстазым — қыран құсым қалықтаған.
Өмірдегі көп мамандықтың ішіндегі ең мейірімді, жүректі, шеберлігі өзгеше жан ол ұстаздық деп айтар едім. Ұстазымның өз ісіне деген шеберлігі мен қызығушылығы, сүйіспеншілігі қандай қиындық болса да, күлім қаққан көзі мен жымиып қана езу тартқаны жүрегімізді толқыта отырып қандай қиындық болса да сабырлылықпен, батыл кірісуге сенімді болуымызға үлкен жігер береді. Ұстазымыздың осынша бойындағы сүйіспеншілігін көріп, біздің жас жүрегімізде қайталанбас ұстаз болып қалады. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөйлеуі, биязы мінезі, шәкірттеріне деген сүйіспеншілігі, жан-жағына өзге ұстаздарға өнері мен өнегесіне көз тоймас ұшқын шашқан көз жанарына дән ризамын. Ұстаз болу көптеген білім мен біліктілікті, шеберлікті қажет етеді. «Ғасыр мақсатына сай жеке тұлға қалыптастыру, оқу үрдісіне сай шеберлік» қажет. Мұғалім деген кім? Оған мен былай айтар ем. Мұғалім мен баланың бір-біріне құрметі, ең сенімді жүректегі мейірімін төге білетін қасиет. Адамды жасына, қызметіне, ой-өрісіне қарамай сыйлау, құрметтеу бұл ұстаздың мейірімді үлкен жүрегінен шығады. Мен үшін ұстаз — балаға деген мейірімін төгуші дана адам. Мектептегі ұстазым менің екінші анам. Өмірге, болашаққа айқын жол көрсетушім. Мейірімге толы жүрегі әр оқушының қателігін кешіре біледі, ақыл-ойы бізді қуаттандырып өмірдегі өз жолымызды адаспай табуымызға жол көрсетуші. Бойында ақыл-парасаты мол ізгілігі күн шуағындай жанды мен ұстазым деп айта аламын.
Ұстазымның қажырлы еңбегін көріп Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,
– деген өлең жолдары көңіліме оралады. Егер біз өмірде бір кірпіштей қаланып жатсақ, ұстазымыздың еңбегінің ақталғаны емес пе? Ұстазымды нәзік жүрегімнің әр дүрсілінен сезінемін. Сондықтан да бізге ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ тәрбиелейтін ұстаз керек екенін әр дайым есте сақтайық.
Жарылғап Ақбота,
ЖОББМ № 27 мектептің 4 «А» сынып оқушысы,
Қарағанды облысы,
Сатбаев қаласы