Home » Жаңалықтар » Ұлттық студенттік лиганың қорытындысы

Ұлттық студенттік лиганың қорытындысы

22-29 қараша аралығында Алматы қаласында, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Қазақстанның ең үздік 20 командалары бірінші болу құқығы үшін күресті!

Ұлттық студенттік лигасының мерейтойлық, 5-ші чемпионаты студенттер арасында футзал бойынша жарыстардың сәтті өту тарихының жалғасы болды!

Шыныбеков Дамир Абдухалиұлы  (Ұлттық Студенттік лиганың Президенті)
«Бұл 18 бен 26 жас аралығындағы жастардың басын біріктіретін ең үздік студенттік спорттық шара. 5 жылдың ішінде Ұлттық студенттік лига көлемді аудитория жинап қана қоймай, мықты жетістіктерге де жетті. Оған дәлел, алғаш рет ТМД елдері арасында 17 мемлекет пен 25 команда қатысқан әлемдік бәсекенің Алматы қаласында өтуі. Ел тарихында бірінші рет ерлер құрамасы екінші орынды иеленіп, күмістен алқа тағынды. Ерекше атап өтетін жағдай, біздің барлық Ұлттық студенттік құраманың мүшелері Ұлттық студенттік лигадан бастау алған. Сонымен қатар, Ұлттық студенттік құраманың барлық 26 мүшесі кәсіпқой футбол клубтарынан ұсыныс алды».

Бірнеше жылдан бері НСЛ чемпионаты дәстүрге айналды және жыл сайын университеттер, колледждер мен кәсіби клуб командалары арасында үлкен танымалдыққа ие болып келеді. Тек осы жылы ғана жарысқа еліміздің 63 жоғары оқу орны қатысты.

Ұлттық студенттік лиганың арқасында 2018 жылдың тамыз айында ТМД-да алғаш рет футзалдан Әлем Чемпионаты өтті. Ең бастысы, Қазақстан құрамасы Ұлттық студенттік лига ойыншыларынан құралған болатын.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы келесі жылды Жастар жылы деп жариялады: «Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек «. Ұлттық студенттік лига бес жыл бойы жас спорт саласындағы таланттарды қолдауда, өйткені көптеген талантты футболшылар ҰСЛ-дан шықты. Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары!

Тұңғыш Президент күні қарсаңында, 29 қарашада ойынның соңғы күні өтті. Бірінші орынды шешуші ойын Каспий университеті (Алматы) мен Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті арасында өткізілді. Ойын 2:2 есебімен аяқталды және жоғары оқу орындарының тағдыры пенальти нәтижелеріне байланысты болды. Сәттілік Каспий университетінің жағында болды. Айта кету керек, бұл ЖОО-ның екі дүркін чемпионы атануы.

Финалдық ойынға дейін 2016 жылғы НСЛ чемпионы, 2017 жылғы қола жүлдегері Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және 2015 жылғы НСЛ чемпионы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті арасында 3 орын үшін матч өтті. Матч 10:4 есебімен, ХАТУ құрамасының пайдасына аяқталды.

Екі ойыннан кейін жабылу салтанаты басталды, онда барлық көрермендерді қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуімен шоу-бағдарлама күтті.

Сонымен қатар, лиганың жүлделі орындарынан басқа номинациялар бойынша ойыншылар да марапатталды:

1) Үздік ойыншы — Төреқұл Нұрсейіт (ХАТУ)
2) Үздік қақпашы — Сайдуллов Сәлімжан (Каспий университеті)
3) Үздік қорғаушы — Искендир Абат (КГУТИ им. Ш. Есенов)
4) Үздік бомбардир — Мәуіз Мерей (ОҚМПУ)
5) Үздік төреші — Галаев Аслан

ҰСЛ Білім және ғылым министрлігінің бастауымен құрылды. Оның мақсаты — әлемдік үрдістерге және шетелдік студенттік ұйымдардың тәжірибесіне сәйкес спорттық іс-шараларды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан жастарын белсенді өмір салтына, спортқа және дене тәрбиесіне тарту.

Ұйымдастырушы — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Ұлттық студенттік лига.

Серіктестер: «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» ҚҚ, Halyk Bank, Huawei, «Қайрат» ФК, «Қайрат» АФК, Қазақстан Футбол Федерациясы, Samal.

 

Сұрақтар бойынша:
Асем – 8 747 460 74 57
assemnva@gmail.com

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.