Home » Айтарым бар » Құттықтау

Құттықтау

Ж.Ш.С «Гульжан» б/б құрылтайшысы К.М.Ускеноваға тілек.

Дүние есігін ашқан күн әркімнің өмірінде аса ерекше орынға ие екені анық. Кез келген адам өзінің туылған күнінде жақын адамдарынан ең әсерлі әрі игі тілектер естіп жатады. Соған орай, барынша есте қаларлықтай құттықтау сөзін жазғымыз келеді. Уақыт – ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сіз де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жеттіңіз. Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сіз солардың алғашқысы болдыңыз. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе білдіңіз. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сіздің өміріңнің шуақты күндері коп болсын.Сүйікті де сүйкімді немерелеріңіздін қызығын көріңіз!

Ақты ақ деп айтатын, қараны қара деп айтатын ақылды досты тілейміз. Жаныңа жалау болатын, сөзіңе қалам болатын жанашыр жанды тілейміз! Көзінде от бар, сөзінде оқ бар қайсар бауырды тілейміз! Сырыңды шашпайтын, сандығыңды ашпайтын адал жандарды тілейміз! Жалғызсыратпайтын, орынсыз мұң айтпайтын биіктегілерді тілейміз. Шыңнан құлатпайтын, жаныңды жылатпайтын мейірімділерді тілейміз. Себепсіз xабарласатын, есепсіз араласатын асыл жандарды тілейміз! Айтқызбай ұғып жүретін, қадіріңді біліп жүретін іні-сіңіліні тілейміз! Маңдайтан сүйіп тұратын, сен үшін күйіп тұратын аға-апаларды тілейміз! Қолдары ашық болатын, жаныңа ғашық болатын мырза жандарды тілейміз! Бақытты, байлықты, екі дүниенің абыройы, барлық заңғарды тілейміз!

Құтты болсын бүгін туған күніңіз,
Үлгі тұтар биік тұлға – ұстазсыз!
Қуанамыз өзіңізбен біз бүгін
Шыға берсін алдыңыздан ізгі күн.
Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт,
Келе берсін Сізге ылғи бақ күліп.
Шаттықпенен көріп таңның арайын,
Жаратушы төксін игі жақсылық.
Үстем болсын мерейіңіз әр қашан
Еңбегіңіз еселенсін ел үшін.
Әлі талай қызықтарға кенеліп,
Бұл өмірдің  тек қызығын көріңіз

 

Ж.Ш.С «Гульжан» б/б ұжымы

One comment

  1. Жуз жасаныз апай. Сыз ен жаксы басшысыз. Сызды мангы улгы тутамыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.