Home » Бастауыш » Қуаныш сыйлаған кеш

Қуаныш сыйлаған кеш

Жаңа жылдық шырша аясында балалар үшін мерекелік дастархан жайылып, әр балаға сыйлық ретінде планшет, жұмсақ ойыншықтар және тәтті сыйлық табыс етілді.

Тағы да осындай шырша тойы 2017 жылдың 27 желтоқсан күні №1 Успен ЖОББМ базасында Успен ауданы әкімінің атынан жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді. Аталған іс-шараға ауданның жетім балаларына, әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың балаларына, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.

Жаңа жылдық мерекеге 5 және 13 жас аралығында жалпы -110 бала қатысты. Балалардың жаңа жылдық көрсетілімінің тақырыбы — «Біз Мәңгілік Ел боламыз!». Мерекенің негізгі идеясы – Астананың 20 жылдығы. Балалар үшін әсерлі театрландырылған көріністер мен тарихи және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен көрсетілім қойылды, әсем әнмен, бимен жалғасын тапты. Жаңа жылдық шырша мерекесінің соңында қатысушылар үшін мерекелік үстел ұйымдастырылып, әр балаға сыйлық және тәттілер табыс етілді.

Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің және облыс әкімінің атынан Жаңа жылдық шыршасына 22-27 желтоқсан күндері Павлодар қаласында өткізілген жаңа жылдық шыршаға Успен ауданынан 4 оқушы қатысты. Әрбір балаға ұялы телефон, планшет, жұмсақ ойыншық, танымдық кітап, сондай-ақ, жекелей тәттілер сыйлықтар ұсынылды.

Л. Жүнісбекова,
Білім айнасы,
Павлодар облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.