Home » Мақалалар » Қапшағай қаласының әлеуметтік –экономикалық жағдайы

Қапшағай қаласының әлеуметтік –экономикалық жағдайы

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміздегі аймақтардың дамуына көп көңіл бөледі. Сондай-ақ, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына тікелей әсер ететін әлеуметтік саланы, оның ішінде ең төменгі әлеуметтік стандарт, әлеуметтік қолдау, өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер мәселесін шешу, жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғыртуға қолайлы жағдай жасау керектігін атап көрсетті. Басты міндеттің бірі – мемлекеттік және барлық салалық бағдарламалардың орындалуын өңірлерді дамытудың басымдыққа ие міндеттерін шешумен үйлестіру.

Облыстық бағыныстағы Қапшағай қаласы географиялық, көліктік тұрғыдан алғанда өте қолайлы жерде орналасқан. Бұл өңір орталық және солтүстік Қазақстанды Ресей және Европа елдерімен, ал Алматы облысының солтүстігін Қытаймен жалғастырады. Дамыған өнеркәсібі, туристік және сауықтандыру кешені, су және темір жол көлігі мен кең көлемді қызмет көрсету саласы бар Қапшағай қаласы – Алматы қаласының серігі болып табылады.

Қаланың даму стратегиясы Алматы облысының ұлттық, аймақтық және әлемдік шаруашылық жүргізу жүйесінде тиімді  орнығуына жағдай жасайды, бұл Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Біріншіден, қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы экономикасын реформалау үдерісін әдістемелік қамсыздандыру зерттеліп отырған аймақтың әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің даму тұжырымдамасын қайта ойластыруды және аймақ экономикасы құрылымдарының функционалдық мүмкіндігіне талдау жүргізуді және аймақтағы шаруашылық байланыстардың жаңа салалы құрылымын қалыптастыруды қажет етуі; екіншіден, Қапшағай қаласының дамуын мемлекетіміз жүргізіп отырған аймақтық саясатына сай қамтамасыз ету мақсатында кешенді баға берудің қажеттігі.

Бұл мәселені зерттеу маңыздылығы аймақтағы халықтың қазіргі кезде өткір әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында аймақтың демография-миграциялық жағдайының, өндірістік-өнеркәсіптік әлеуетінің және әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымының өткен кезеңдердегі өзгерулерінің ғылыми тұрғыда бағалануының және алдағы уақытта осы салалардың мүмкіншіліктерін саралап, болжамдауының қажеттілігінен туындаған.

Іле өзенін бөгеп СЭС салу жөніндегі ең алғашқы ұсыныс Жетісудың жер жағдайын жақсы білетін Алаштың ардагер ұлы Ораз Жандосовтың ауызынан шыққан делінеді. Отызыншы жылдары атылып кеткен есіл ердің елсіз далаға жан бітірмек болған арманына энергетик ғалымдардың ықыласы 1955 жылдан бастап ауа бастаған. Сөйтіп, бұл тораптағы гидрожоспардың тағдыры 1959 жылы бекітілді.

 Халық санын арттырып, Қапшағай қаласын дамыту және солтүстік жағалауға жолсерік қалалар мен «Жаңа Іле» қаласын салу жөніндегі G4 жобасын жүзеге асыру бағдарламасы халықаралық бизнес әрекетін «Алматы облысындағы гидро және желэнергетикасын дамыту бағдарламасы» атты жобаға қатысуға итермеледі.

Қапшағай қаласының арғы-бергі тарихы мен бүгінгі әлеуметтік-экономикасы, аймақтың даму саясатының басты жетістіктеріне және қаланың келешек даму жобасы мен оны тиімді дамытудың жолдарына сараптама жасау;

– Еліміздіңэкономикасындағыаймақтыңрөліменалатынорны,

– Қапшағай қаласының демография-миграциялық жағдайының, өндірістік-өнеркәсіптік әлеуетінің, экологиялық хал-ахуалының және әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымының өткен кезеңдердегі өзгерулері ғылыми тұрғыда бағалау .

– аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын бейнелейтін негізгі көрсеткіштер анықтау.

-Қапшағай қаласы экономикасының үдемелі дамуы жағдайында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін тигізетін ерекше факторлар айқындалды және оларды есепке алудың қажеттілігін дәлелдеу,

-үкіметтің орта және ұзақ мерзімді перспективті бағдарламалық шешімдері аясында аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуын жетілдірудің стратегиясы жасалынып оны жүзеге асырудың шаралар кешені белгіленді.

Қапшағай қаласын дамыту Стратегиясының мақсаты республиканың ұлттық экономика жүйесінде тұрақты дамуы  болып табылады.

Бүгінгі күнде шаһар тұрғындары өңірді жаңартып, жақсартатын маңызды мәселелерге барынша үлес қосуды парыз санап келеді. Олар ұлтаралық татулық пен бірлікті қастерлеп, Елбасының саясатын қолдауда. Оны дамудың дара бағытының, елдің кемел келешегінің негізі деп біледі. Алдағы уақытта жүзеге асатын осындай орасан зор істер Қапшағайдың өркендеуіне тың серпін беретіні анық.

Бүкіл Алматы облысының  даму  үрдісін  анықтайтын  Қапшағай  қаласын дамытудың стратегиялық  мақсаттары болып  аймақты дамытудың өзара байланысты екі негізгі жоспарлары анықталды:

Бірінші жоспар – қазіргі кездегі бар және жоспарланған ресурстар негізінде аймақты өндірістік және сауда-көліктік дамыту;

Екінші жоспар – Қапшағай қаласын туризм, шағын және орта бизнес, жоғары технологиялар, білім беру және медициналық қызмет көрсету саласында қазіргі заманғы сервистік орталық ретінде дамыту.

Осыған байланысты Қапшағай қаласын дамытудың мынандай салалық басымдықтары анықталды:

  1. Өнеркәсіп және агроиндустриялық кешен;
  2. Көліктік-логистикалық кешенді дамыту;
  3. Инфрақұрылымды, оның ішінде энергетиканы дамыту;
  4. Аймақтық Инновациялық жүйені (АИЖ) дамыту;
  5. Қызмет көрсету және сауда секторын дамыту, туристік инфрақұрылым мен туризмді дамыту;
  6. Шағын бизнесті дамыту.

Бүгінгі күнде шаһар тұрғындары өңірді жаңартып, жақсартатын маңызды мәселелерге барынша үлес қосуды парыз санап келеді. Олар ұлтаралық татулық пен бірлікті қастерлеп, Елбасының саясатын қолдауда. Оны дамудың дара бағытының, елдің кемел келешегінің негізі деп біледі. Алдағы уақытта жүзеге асатын осындай орасан зор істер Қапшағайдың өркендеуіне тың серпін беретіні анық ескеру керек.

Алимбаева Гульзинат Серикбаевна
№ 177 жалпы білім беретін мектеп
География пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

43 комментария

  1. Керемет макала👏🏻

  2. Оте жаксы жумыс👍🏻

  3. Оте кызыкты макала😻

  4. Куралай

    Жаксы жазылган👏🏻

  5. Оте жогары денгейде👍

  6. Керемет!!! Жарайсың!!!

  7. Оте жаксы даиындалган жумыс.

  8. Оте керемет , пайдалы деректерге толы макала 👍
    Гулзинат апай сиз биздин мектебимиздин мактанатын мугалимдеринин бирисиз оте керемет❤

  9. Керемет 💓

  10. Шапагат

    👏Оте кызык

  11. Оте керемет , пайдалы деректерге толы макала 👍

  12. Альтаир

    Гүлзинат апай өте керемет 👏🏼👏🏼👏🏼👍🏼👍🏼

  13. Оте керемет, пайдалы деректерге толы макала 👍

  14. óte sayatty jazylgan

  15. Оте керемет , пайдалы деректерге толы макала екен👍❤

  16. @aiymkairatkyzy@gmail.com

  17. Керемет макала, бәрі нақты айтылған 👍👍👍

  18. Өте керемет дүние!

  19. Оте керемет , пайдалы деректерге толы макалак екен👍❤

  20. Магыналы жаксы жазылган макала

  21. Карлыгаш Калиевна

    Отличная работа, очень актуальна 👍👍👍

  22. Оте керемет , пайдалы деректерге толы макала екен❤👍

  23. Карлыгаш

    Өте керемет жұмыс Гүлзинат апай👍🏻👍🏻👏🏻👏🏻

  24. Оте керемеет!

  25. Карлыгаш

    Өте керемет жұмыс👍🏻👍🏻👏🏻👏🏻

  26. ОТЕ КЕРЕМЕТ!

  27. Орынбасар

    Тек осы жоспарлар, анықталған басымдылықтар қолдау тауып, орны-орнымен жүзеге асырылса халық жагдайы мен ел экономикасына біршама көтерілер еді.

  28. өте керемет!

  29. Оте жаксы жазылган екен, маган унады)

  30. Жулдызай

    Өте қызыкты жумыс👍

  31. керемет жазылган👍🏻

  32. Салтанат

    Оте кызыкты макала

  33. Мақалаңыз қатты ұнады.Қазақстанның экономикасын дамыту жолында Қапшағай қаласының əр түрлі өнеркəсіптік салалық құрылымын дамытуды тезірек қолға алса жақсы болар еді .👌

  34. Раушан Аленовна

    Өте жақсы пікір

  35. Өте қызықты мақала, жақсы жұмыс жұмысыныз алға бассын👌👌👌

  36. Оте керемет, пайдалы ақпараттарга толы макала екен👍❤

  37. өте жақсы жазылған!

  38. Назерке

    Өте керемет

  39. Назерке

    Оте керемет👍🏻👍🏻

  40. Өте керемет мақала👏🏻👏🏻👍🏼

  41. Неткен керемет макала😻👍

  42. Это же моя статья из диплома 2016 года ☝️

  43. Менің мақаламғой бұл !

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.