Home » Білім және тарих » Қазақтан шыққан шипагер ғалым

Қазақтан шыққан шипагер ғалым

Іске аспады арманым, қараң қалды,
Шың басына шығарда арандалды.
Өтейбойдақ қойыпты атымды әкем,
Жаман aт, жаман ырым, мазамды алды.
Қалмады ұрпақ Өтейбойдақ аяндалды.
Мені өшірмес «Шипагерлік баян» қалды….
(Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы)

 Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ (1388-1478 ж.ж)

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «1388–1478) – қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік-саяси өміріндегі  жүйрік тарихшысы,  өз тұсында Жәнібек хан, Жиренше шешен сияқты тарихи тұлғалармен бастас болып, ел қамы, халық тағдырына қатысты келелі істерге араласқан қоғам қайраткері. Райымбек ауданы, Шалкөде жайлауында ғұмыр кешкен. Сондай-ақ, Өтейбойдақтың 90 жасқа жақындап, дүние салғаны жөнінде де дерек бар. Демек, Тіеуқабылұлы Өтейбойдақты 1366 жылы дүниеге келіп, 1478жылы дүние салды деп жобалауға болады. Қазақтың алғашқы ибн-Синасы, шипагер бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабыл үлы емшіліктің кыры мен сырына жастайынан кызығып, әрі оған кұмар болып, ерте жасынан ақ меңгеріп өсті. Емшілік, шипагерлік қасиет Өтейбойдаққа ата тегінен жұғысты болған. Ата баба әулетінің жинақтаған мол тәжірибесін бойына дарыта білген Өтейбойдақ бұл салаға бар ғұмырын арнап, халық медицинасын ғылыми жүйеге келтірген. Сөйтіп, шипагерліктің өз замандағы биік деңгейіне көтеріле білген. Бұл жолда ол Әл Фараби сияқты атақ даңқ, дүние мүлік, бас құрап, үйлі баранды болу дегендей, пендеге тән қасиеттердің бәрін тәрік етіп, бүткіл өмірін шипагерліктің қыр сырын игеруге сарып еткен. Ол адам ағзаларында кездесетін кейбір кеселдерді емдеу үшін төрт түлік малға тәжірибе жасап, шипа дарыту амалдарын тапқан. Соның нәтижесінде жазған «Шипагерлік баян» атты еңбегі 7 рет көшірілу арқылы бүгінгі күнге жетіпті деген дерек бар. Бірақ Өтейбойдақтың төл еңбегі екенін дәлелдейтін факсимиляциясы (авторлық қолтаңба нұсқасы) сақталмаған. Кітап тұңғыш рет 1994 жылы Үрімші қаласындағы (ҚХР) «Шыңжаң ғылым-техника» баспасынан жарық көрді. 1996 жылы оны жалын баспасы шығарды. Автор «Шипагерлік баян» кітабын Жәнібек ханның тапсыруы бойынша 70 жасында жаза бастағандығы туралы, содан Жәнібек хан дүние салған 1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған.

Өтейбойдақтың «Шипагерлік баян» кітабы қазақтың дәстүрлі медициналық тәжірибесі туралы мейлінше мол мағлұмат береді. Бұл ретте, автордың мыңнан астам дәрі түрлерін тоғыстыру арқылы 4 мыңнан астам шипалық шаралардың қолданымын (рецепт беру) ұсынуы, оның білікті шипагер, ғұлама ғалым болғанын пайымдатады. Сондай-ақ «Шипагерлік баян» кітабында өсімдіктен алынатын 728 түрлі, жан-жануарлардан алынатын 318 түрлі, метал-металлоидтардан түзілетін 318 түрлі шипалық қасиеті бар дәрілердің аталуы,500-ге тарта анатомиялық атаулардың келтірілуі, бұл еңбектің тарихи-этнографиялық мән-маңызының ерекше екенін білдіреді. Теңдесі жоқ «Шипагерлік баян» ол заманда да қазақ тілінің қаншалық тұнық, бай болғанының айқын дәлелі.

Дүниедегі тіршіліктің негізі: Нұр, су, топырақ, ауа –  сынды төрт заттан құралатынын, ал адамзат баласы осы төрт затқа тікелей тәуелді болады деген өзінің философиялық көзқарасының да мәні зор. Ол адамның дене қуаттарын бес түрге: Жаншылық қуат, жаршылық қуат, ғаршылық қуат, таршылық қуат және баршылық қуат деп бөліп, оларға  жеке-жеке анықтама берген. Шипагердің терең ой-толғамының бүгінгі ғылымдағы  анықтамалардан ешқандай алшақтығы жоқ. Сондай-ақ, табиғаттағы жылдық, мерзімдік жағдайларға байланысты адамның денсаулығының бір қалыпты бол­мауының да себеп-салдары болады. Оның  түрлерін  қараүзген шипагер:  «Жылда 12 райлық құбылым бар, оның 180 күні жарықтау – өзектік, ал 180 күні қарықтау – кезектік,  сол сияқты сөткенің 12 уақыты – жарықтаулық, ал 12-сі қарықтаулық. Жыл  12 ай – 12 мүшел, сырқаттың 12 себебі – мүшелердің 12 ұштасымы. Адам денесіндегі 12 мүшенің өзектік, кезектік ортақтығы, мүшелер мен райлар ортақтығы, мүшелер мен алмасымдар ортақтығы, мүшелер мен жұлдыздар ортақтығы, мүшелер мен қуаттар ортақтығы деген бірліктердің бәрі де 12-ден құралады. Бұлардың бәрі ең соңында өзектік – кезектік, ыстықтық, суықтық  болып тиянақ табуға ұласатыны туралы айтқан ойлары, толғанысы бүгінгі ғылыми  медицинаның заңдылығымен өте ұқсастығын көрсетеді.
Ғұлама бабамыз «Адамның ауруын дұрыс анықтап, емін дұрыс жа­самаса жазылмас бейнет. Дұрыс анықтамай, ем қонбаса соңы ажал­мен аяқталмақ» – деген екен. Ол аурудың пайда болуы денедегі сыртқы суықтық пен ішкі ыстықтықтан болады  деп ұғынды. Егер ауруға суық тигендігі  анықталса ауруды жазудың негізі, оны терлету деп, шөп дәрілерін – апиынды, мияның тамырын және жалбызды беріп терлеткен. Терлеген ауруды қатал бақылаумен жылы бөлмеде ұстаған. Ал, өкпе мен көк жөтел ауруларына ұшырағандарға жас малдың еті мен сорпасынан жасалған күшті, қуатты тағамдар беріп, қымыз ішкізіп және жылқы мен борсықтың майын да ішкізіп емдеген. Бабамыз «Шипагерлік баянында» шипалық ем, дарым зәруаты үшін пайдаланатын дәрі-дәрмектік металл-металиодтардың – 62 түрінің, өскіндердің – 540-тан аса түрінің,  жан-жануарлар мүшелерінің – 260-тан аса түрінің аттарының тізбесін  жасап, ғылыми анықтама береді және дәрі-дәрмек жасаудың рецептерін баяндай отырып, дәрінің науқасқа берілетін өлшемдерін: «қызтойғы, уыстаулық, қырмаулық, сықпалық, кәдімгі уыс, шеңгелдік уыс, қысқама, сығымдық уыс, қос уыс, шымшым, елілеулік, саусақтық, буындамалық және титтей, тырнақтай, көбе буындай, сүйемдей, сынық сүйемдей, қарыс, жыртақарыс, кереқарыс» – деп атайды. Бұл кітап тілінің жұтаң емес екенін дәлелдесе керек.
Бабамыздың ғылыми еңбегін 10 жылдан астам уақыттан бері індете зерттеп, алғаш өз пікірін білдірген қытайлық зерттеуші ғалым Төлеуқан Ыбырайұлы: «Ұлтымыз тарихында сирек кездесетін, медициналық ең­бек әрі ғылымнама тек шипагерлік жағынан ғана емес, ол халқымыздың тіл, мәдениет, тарих, философия, психология, астрономия, этнография, метеорология, әскери ғылым, этика, эстетика, тағы басқа жақтардан да қыруар білім, мәдениет береді. Өнер-білім тарихы ел тарихынан айырылмайды. Ұлтымыз тарихында сирек кездесетін ғылымнама «Шипагерлік баян» өз дәуірінің жемісі» – деп әділ бағасын берді. Бұл еңбекке онан кейінгі мезгілде де пікір жазған көптеген ғалымдарымыздың ойларының түйі­ні: «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Ши­пагерлік баян» кітабы – Шығыс медицинасының үлгісімен жазылған, бірнеше ғылымдардың басын біріктіретін, адам баласының ең басты байлығы – денсаулықты сақтап, сырқаттарды емдеудің негізін қала­ған терең де тарихи ғылымнама» – дегенге саяды.

Ғұламаның «Шипагерлік баянында» ғылымға қажетті тұжырымдамалар өте көп. Халқымыздың емдік әдіс-тәсілдерін дамыту барысында шипагер бабамыздың өзінен бірнеше ғасырлар бұрында өмір сүрген атакты кұламалардың еңбектерін пайдаланғандығы байкалады. Сөйтіп, медициналык, шипагерлік, философиялык, тарихи-этнографиялык, рухани-діни, әдеби, т.б. еңбектерді оқып, тұжырым жасап, өзінің емшілік тәжірибесінде колданған. Осының нэтижесінде бабамыздың «қараүзген шипагер» атағын қазақ ханы әз Жәнібек ханның өзінен алған деседі. Ханның тарапынан койылған сүрактарға мүдірмей, білімділігінің арқасында жауап берген бабамызға «Жарайсың, Қарабас! Басың нағыз алтын бас, тілің нағыз гауһартас екен. Қараүзген шипагер екенсің» — деп бағасын алған екен.

«Шипагерлік баян» бүгінгі күнге Өтейбойдақтың ағайын ұрпақтары арқылы жеткен. Кітап уақыттың алуан түрлі зобалаңынан өтіп, мейлінше көлемді мұраның төрттен бір бөлігі ғана бүгінгі ұрпақтың қолына тиген. Қалған бөлігі Қытайдағы атышулы «мәдени төңкеріс» кезінде «хуң уейбиндер» тарапынан өртелген.  
Қазактың ұлы ғұламасы, атакты шипагері Өтейбойдак Тілеукабылұлының емшілік жолындағы ауру-сыркауды емдеудің кыры мен сырлары бүге-шігесіне дейін баяндалган атакты еңбегі бүгінгі ұрпаққа баға жетпес кұнды ұлы мұра болып қала бермек.

Қалдыбаева Айгерім Базарқұловна
Жетекші: Раева Ж.А.
Шымкент жоғары медицина колледжі, 1 курс, АК 17 «В»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.