Home » Білім және тұлға » ІЗГІЛІК АЙНАСЫ

ІЗГІЛІК АЙНАСЫ

3 наурыз күні киелі қарашаңырақ №27 жалпы орта білім беретін мектебінде әріптестері мен шәкірттерінің ұйыдастыруымен Ұлытаудың ұлы топырағынан түлеп ұшқан ұлағатты ұстаз, психолог-әдіскер, іскер басшы, шәкірт жанының бағбаны, алтын құрсақты ана, сөз зергері, өнер саласының білікті жанашыры, әрі насихатшысы, халқының қалаулысы, елінің елеулісі болған Ш.Бейсенбекқызының 80 жасқа толу мерейтойы қарсаңында «Кездесейік, жүздесейік, әрдайым» атты шығармашылық кеш өтті. Кешті мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары Баян Зейнуллинқызы мен мектеп ата-анасы Байқон Қадір жүргізді. Кештің ашылу салтанатында мектеп басшысы Замзегүл Ертайқызы мерейтой иесін келе жатқан туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақ береке, ұзақ ғұмыр тіледі. Сонымен бірге кішкентай бишілер тобынан құрылған бүлдіршіндер биден өрнек тоқыды. Біз мақтан тұтатын Шабал Бейсенбекқызының ұстаздық өмірі жолы,

Орындалған арман, бақытты күндер,

Естелік болып қалыпты бізде.

«Өткен күндерден белгі бар… директорлық қызметі көріністің алтын арқауы болды. Шабал апайдың сүйіп тыңдайтын «Бір бала», «Жалт-жұлт еткен өмір-ай» өзі сүйіп орындайтын «Гаухар тас» әндерін ата-аналардың атынан Алдажанова Дәрігүл орындап, жырдан шашу шашты. Мектебіміздің күміс көмей әншісі Маханбетова Ақмоншақ «Ұстазым» әнін тарту етсе, тағы бір топ шәкірттер жырдан гүл шоқтарын сыйға тартты. Түптеп келгенде Шабал апай ата-аналармен мектепте қызықты кездесулер, шығармашылық кештер, сайыстар, қойылымдарды өткізуге көп мән беретін. Соның бір көрінісі – «Ақ әжелер» ансамблі. Сол қызықты күндерден естелік ретінде ақ әжелер тобы: «Ауылың сенің іргелі» әнін шырқады.

Бүгінгі кешке бір кездері бірі Ш. Бейсенбекқызының алдынан  білім алған, енді бірі еңбек жолын осы мектептен бастап, бірге қызмет етіп талай қиындықтар мен қуанышты сәттерді бірге бөліскен ұстаздар, білім бөлімінің әдіскері, мектеп басшылары Шабал апайға жүрекжарды ыстық лебіздерін білдіріп, өткенді көз елегінен өткізіп қуаныштан көздеріне жас та алды.

Салтанатты кештің себепкері, Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, өнегелі ұстаз, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы Ш. Бейсенбекқызы «Менің көз алдыма барлық өмірім тізбектеліп өткендей болды. Бүгін ғана 80-нің сеңгіріне келгенімді сезініп отырмын. Үлкен қуаныш пен жақсы күн сыйлағандарыңызға алғыс айтамын!», – деді.

Кеш соңында апайға арналған хор: «Ұстаз, ұстаз» әні орындалды. Кештің өн бойы апайдың өмірінен сыр сертті. Өнер сүйер қауымға ләззат сыйлап, көрермендерді жігерлендірді.

Айта берсе Шабал апайдың халқына жасаған еңбегі ұшан теңіз, өткеніне көз жіберсек, кімге болмасын ой салары тайға таңба басқандай көрініп тұр емес пе?! Өнімді еңбек еткен тұлға, оның шәкірттері кәзір әр салада абыройлы қызмет етіп, Қазақстанның көркеюіне үлес қосуда. Апайдың айтар ақылы, ісі, салып кеткен сара жолы болашақ жастар үшін жол көрсетер шырағданы, үлгі тұтар бойтұмары болары анық. Таланты мен еңбегін ұштастыра отырып, барша қауымның жүрегінен орын алды. Біз үшін Ш.Бейсенбекқызы жылуын шашып тұрған күннің нұры секілді.  Б. Момышұлының «Қыз өсіріп, ел иесін тәрбиелейміз…» деген сөзі қазақтың осындай біртуар азаматтарының бар екендігін айғақтайды.

 

Садуакасова А.М
№27 ЖОББМ
Қарағанды облысы
Сәтбаев қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.