Home » Білім және тұлға » Халық педагогикасын пайдалана отырып, медиацияны ұлттық құндылықтармен тығыз байланыстыру

Халық педагогикасын пайдалана отырып, медиацияны ұлттық құндылықтармен тығыз байланыстыру

Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің басты мақсат.
Қазақ халқының өзіне ғана тән салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрлері бар.
Әрине бүгінгі қоғам талабы — білім мен ғылымның заманы. Егер де барлық күшімізді білім мен ғылымға жұмсап, тәрбиені, әсіресе ұлттық қазақи тәрбиені әлі де қолға алудамыз. Қанша жоғары білімді болғанымен, ұлттық мәдениетті жас ұрпақ бойына сіңіре алмасақ, ол ұлт алдында мәңгүрт, адамзат алдында пайдасы жоқ азаматқа айналмақ. Тәрбиелі қоғам мәдениетсіз болуы мүмкін емес. Ал білім, ғылым, мәдениет нағыз қазақы тәрбиемен сусындаса, қазақ қоғамы көп дүниеге қол жеткізері анық.
Осы орайда, біздің ұжымда көптеген шаралар қолға алынған. Осының басында іскер басшы тұр.
Басшы туралы жазу, мұғалім үшін қиындау, дегенмен білікті басшының жетістіктері мен мақсаттарын ұжым білген дұрыс, деген ой.
Ұлағатты ұстаз, білікті басшы — Елекеева Нүргүл Жақсыбекқызы Нұр-Сұлтан қаласы №65 мектеп-гимназия директоры жайлы айтсақ артықтық болмас. Ол еңбек жолында тәлім-тәрбие беретін тәжірибе жинайды, жинақтайды.
Іскер басшы мұғалімдермен жұмыс жүргізу кезінде медиация әдісін дәріптеп тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндейді. Түйгенін ой елегінен өткізіп, таразының екі басына салып саралайды, қорытындылайды. Білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы.
Білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан басшының өз тұғырынан түспей әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.
Тәрбиенің негізгі алтын діңгегі – ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген – ұлттық тәлім тәрбие тағылымын дәріптейді.
Үнемі ұстаздарына мектеп — бұл тек беру беру ұйымы ғана емес, сонымен қатар мәдени орта, онда қоғам деген көзқарас қалыптасатынын еске салып отырады. Сонымен бірге жас ұрпақтың санасына тәрбие кеңістігінде өмірге деген асыл құнды көзқарастар қалыптастыру үшін жауапты екенін жеткізіп отырады.
Шынында да, өрімдей бала өз ұстазына қарап бой түзейді, тәрбие алады, соған ұқсағысы келіп тұрады.
Бүгін білім саласында жаңа ғасырдың ұрпағын тәрбиелеуде жүктелер міндеттер де, талап та жоғары.
Қазақ тарихына үңілсек, медиация — ата-бабамыздың дала дипломатиясы. Бір ауыз сөзбен түрлі дау -шарларды тоқтата білетін билеріміз ел ішіндегі дау-дамай туындаған кезде ақылмен тапқырлығымен, халықты сабырлыққа шақырып татуластыра білген.
Қазіргі таңда кейбір мектептерде эксперимент ретінде медиация алаңы ашылып, білім кеңістігінде күнделікті орын алатын түрлі дау-шараларды мәдени түрде реттеу бағытында қолға алуда.
Міне, бүгінде халық педагогикасын пайдалана отырып, медиацияны ұлттық құндылықтармен тығыз байланыстыра отырып бастауыш оқушылары арасынан бастап дәріптеудеміз.
«Медиация» деген ұғым, оқушылар арасындағы күнделікті туындаған кикілжіңді мәдени жолмен шешу, татуластыру. Туындаған ренішті ешқандай кедергісіз бір-бірін мәдениетті қарым-қатынасқа үйрету болып табылды. Басқа да жағымсыз уайымдардан арылуға, жағдайды өз бетінше шешуге, болашақта осындай жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді. Сондықтан оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар арасында медиацияны насихаттап жүргізудің маңызы орасан зор екендігін біздің басшы көрегендігімен біліп отыр.
Бір халық, бір ел, бір болашақ тағдырын шешудегі аталған жаңашылдық әдіс оқушыны-ата-ананы тәрбиелеудегі ғасырымыздың жаңалықтары деуге де болады.
Іскер басшының бастамасымен ең негізгісі қазақ халқының тарихымен таныстыра отырып, жас ұрпақ мақтанып айта жүретіндей жобаларды қолға алып тәрбие жұмысын дамытатынына ұжыммен іске асатынына кәміл сенеміз. Іске сәт жас басшы…

Жағыпарова Толқын,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
№65 мектеп-гимназия, мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.