Home » Жаңалықтар » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА КОНКУРСТАҒЫ ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСТЕРІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА КОНКУРСТАҒЫ ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСТЕРІ

Алматы қаласында Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң механика-математикалық факультетінде 2017 жылдың 2-4 наурыз аралығында Ө.Жолдасбеков атындағы VIІ халықаралық конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты – математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау. Конкурсқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 160 ғылыми жобалар ұсынылды және Тәжікістан мен Қырғызстан өкілдері қатысты.

Павлодар облысының командасына республикалық ғылыми жоба конкурсының облыстық және қорытынды кезеңдері жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасынан 11 сыныптың 6 оқушысы енгізілді.

Конкурс қорытындысы бойынша 5 ғылыми жобаның авторлары жүлделі орындарға ие болды: І орын – Павлодар қаласы №37 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Серік Мирас; ІІ орын – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Қуанышбек Мәдина және Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Бейсембаева Бэла; ІІІ орын – Павлодар қаласы №24 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Исатаева Дарига және №16 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Сальменбаев Алгыр.

«Ертіс дарыны»
 өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.