Home » Білім және денсаулық » Тәні саудың – жаны сау

Тәні саудың – жаны сау

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өзі-өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керек. Сондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл-дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс- әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Дене тәрбиесі балалардың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны жүргізілуіне, дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік – тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы- дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл – әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан- жақты жетілуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді.

– Таңертеңгілік жаттығу (Таңертеңгілік жаттығуда шар үрлеп тыныс алу жаттығуы және т.б. жаттығулар жасалады. Жаттығу кезінде бала дұрыс қозғалыста болуы үшін жыл мезгілдеріне сай киіндіру керек);
– Қимыл- қозғалыс ойындары, спорт ойындары.
– Спорттық жаттығулар.
– Ұлттық ойындар ойнатылады.

Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері: күн әртібі бойынша сауықтыру шаралары (таңертеңгілік жаттығу, қимыл-қозғалыс ойындары, серуен кезіндегі жаттығулар мен спорттық ойындар, сергіту сәттері, ауладан тыс жерге саяхат жасау, спорттық ойын сауықтар).
Дене шынықтыру балалардың денсаулығын сақтап, нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл-қозғалыс қабілетінің белсенділігін арттырады .Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселе дей отырып, біздің балабақшадағы басты міндетіміз: баланың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын-алу сақтану жұмыстарын дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға көп көңіл бөлінеді. Дене шынықтырудың нұсқаушысы Н.Г. Хольнова мен бірлесіп әртүрлі массаждар жасатып, жалпақ табандылыққа қарсы алдын алу жаттығуларын жасатамыз. Барлық топтарда оқу іс- әрекеттерінде және одан тыс кезде тәрбиешілеріміз балалардың қимыл белсенділігін арттырып отырады. Ауа, су, күн шуағын қабылдау ықшам киім, ертеңгілік жаттығу, ауладағы дене шынықтыру, серуендеу шаралары бәрі де баланың шынығып, шымыр болуына ықпалын тигізеді. Балабақшамыздың медбикесі Д.Маханбетова балалар денесінің өсіп жетілуін қадағалап, әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын өткізеді. Түрлі емдік шөптерден, фито шәй дайындап балаларға бергізеді. Денсаулықты нығайту мақсатында түрлі спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады.

Досалиева Жанат,
№31 «Салтанат» балабақшасының тәрбиешісі

15 комментариев

  1. Керемет айтылган соз

  2. Балдарга оте керемет жаттыгулар бар

  3. Ар бир бала бакша осындай болса балдарымыз тарбиели болуш еди

  4. Куштти жаттыгу

  5. I truly wanted to type a quick comment to be able to say thanks to you for all the splendid ways you are writing at this site. My extended internet look up has at the end of the day been honored with excellent facts to share with my friends and family. I would assume that we site visitors are unquestionably endowed to exist in a really good site with very many perfect people with valuable principles. I feel rather happy to have used your web site and look forward to plenty of more brilliant moments reading here. Thanks once again for all the details.

  6. It’s truly very complicated in this active life to listen news on TV, therefore I just use world wide web for that reason, and get the most recent information.

  7. Because the admin of this web site is working, no question very shortly it will be well-known, due to its feature contents.

  8. Hi there, I discovered your website by way of Google
    whilst looking for a related topic, your web site got
    here up, it looks great. I’ve bookmarked it in my google bookmarks.

    Hello there, just turned into aware of your blog through Google,
    and located that it’s really informative. I am gonna watch out for brussels.
    I’ll appreciate in the event you proceed this in future.
    Lots of folks shall be benefited from your writing. Cheers!

  9. Thanks for one’s marvelous posting! I quite enjoyed reading it, you could be a great author.I will
    always bookmark your blog and will eventually
    come back sometime soon. I want to encourage continue your great job, have
    a nice morning!

  10. I am really happy to glance at this website posts which includes lots of useful information, thanks for providing these kinds of information.

  11. I absolutely love your blog and find many of your
    post’s to be precisely what I’m looking for. Do you
    offer guest writers to write content in your case? I wouldn’t
    mind publishing a post or elaborating on a lot of
    the subjects you write concerning here. Again,
    awesome website!

  12. Hi there! This is my 1st comment here so I just wanted to give a quick
    shout out and say I really enjoy reading through your posts.
    Can you recommend any other blogs/websites/forums that deal with the same subjects?
    Thank you so much!

  13. Hi, the whole thing is going nicely here and ofcourse every one is sharing information, that’s in fact fine, keep up writing.

  14. Great goods from you, man. I’ve understand your stuff previous to and you are just too excellent.
    I really like what you’ve acquired here, certainly like what you’re stating and the way in which you say it.
    You make it enjoyable and you still take care of
    to keep it sensible. I cant wait to read far more from
    you. This is really a great site.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.