Home » Балабақша » «Толағай» спорттық сайысы

«Толағай» спорттық сайысы

Мақсаты: Балаларды спорттық сайыстарға қатысуға баулу, көңіл күйлерін көтеру. Бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын дамыту. Шапшаңдыққа, ептілікке, төзімділікке үйрету. Отбасылар арасында бұқаралық спортты насихаттау.

Қатысатын команда:                                                                            

1.

2.

3.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар және балалар! Бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Жүргізуші:

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға  __________________   отбасын    шақырамыз.

Денсаулық – басты байлық өмірдегі

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық  жақсы азамат  өңірдегі, —

дей келе  ____________________отбасын  шақырамыз.

Спорт – біздің досымыз,

Күш қайратын сынға алған.

Спорта біздің досымыз,

Бала кезден  шыңдалған, — деп __________________ отбасын  ортаған шақырамыз.

1-жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділетті қолдайтын баға берер,

Жіберейін қазыларды таныстырып.

Әділ қазылар мүшесі:

1) . ___________________________

2).____________________________

3)._____________________________

Топтармен, қазылар алқасымен таныс болдық. Енді сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар.

1-кезең: «Менің жанұям»;

2-кезең: «Кім жылдам?»;

3-кезең: «Кім епті»;

4-кезең: «Қосарланған аяқтар»;

5-кезең: «Матрастан айналу»;

1-жүргізуші: Сайыс кезеңдерімен таныс болдық, ендігі кезекте топтарға сәттілік тілей отырып бірінші кезеңді бастауға рұқсат етіңіздер. Бірінші кезең:

Жүргізуші: «Менің жанұям».

1-жүргізуші: Бұл кезеңнің шарты бойынша әр топ өздерін таныстырып өтуі керек. Сайыстың кезеңдері аяқталған соң әділ қазылар бағалап отырады. Сайыскерлер дайын болса таныстыруды І топтан бастасақ.

(Әділ қазылар бағасы)

2 — жүргізуші:

Жатып ішер боп жалқау,

Бойкүйез болма, еріншек.

Айналысып спортпен,

Талаптан, жаттық, еңбектен.

Сайысымыздың екінші кезеңі: «Кім жылдам?».

Ойын шарты: Доппен секіру арқылы кедергілерден айналып келу.

Екеуі: Сайыскерлер дайынбыз ба?! Бір, екі, үш алғааа!!!

(Әділ қазылар бағасы)

1 — жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың,

Спортты серік ете біл,

Жеңімпаз болу оңай ма?

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда, — демекші, сайысымыздың үшінші кезеңі:

1-жүргізуші: «Кім епті?»

Ойын шарты: Аналар қапшықпен секіреді, балалары еңбектеп кедергілерден айналып келеді.

  1. Ойын шарты түсінікті болса бір, екі, үш, алғааа!!!

(Әділ қазылар бағасы)

1-жүргізуші: Кімдер күшті, кім алып,

Күш сынасып бағалық.

Доп тебісіп, жүгіріп.

Қарсыласты жығалық!

Сайысымыздың төртінші кезеңі: «Қосарланған аяқтар».

Ойын шарты: Аналар балаларын аяқтарына тұрғызып алып, кедергілер арасымен жүріп келеді, айналып кері қайтуы тиіс.

Сайыскерлер дайын болсақ бір, екі, үш. Алғааа!!!

(Әділ қазылар бағасы)

1-жүргізуші:

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің әлі талай жетістікке.

Сайыстың келесі кезеңі: «Епті».

Ойын шарты: Аналар қапшықпен кедергі арасымен кеглиді айналып келу,

балалар еңбектеп кедергілер (кегл) арасымен өтіп кеглиді айналып келу,

(Әділ қазылар бағасы)

1 — жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңіне де жеттік.

Бұл кезең «Матрастан айналу»

Шарты:  Қатысушылар жүгіріп барып, матрастан айналып, доғаның астынан өтіп, кері келерде тіке жүгіріп келу.

Ойынның шарты түсінікті болса бір, екі, үш, алғааа!!!

(Әділ қазылар бағасы).

1 — жүргізуші: Сөз кезегі әділ қазыларда (сайыскерлерді марапаттау).

1 — жүргізуші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше

Осымен сайысымыз аяқталды. Ата-аналар, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!

Жүргізуші: Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!!!!!!!!!!!!!

Бисембиева А.А

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің

білім беру бөлімінің МКҚК

Ақсай қаласы №8 «Өркен» бөбекжайы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.