Home » Жаңалықтар » Технобақ

Технобақ

Сіздерді  Балалар мен жеткіншектер сарайы базасынан орын алатын Технобақтың үлгісімен  таныстырмақпын. Балалар мен жеткіншектер сарайындағы бұл технобақ біздің қаламыздағы жақсы, озық деген құрылғылармен жабдықталған,  заманауи қосымша білім беру  мекемесінің үлгісі болып табылмақ.  Жобаларды толық іске асыру мерзімі 5 жылды құрайды.

Технобақтың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қазіргі кезеңге және болашақ үшін маңызды ғылым салаларына деген қызығушылықтарын арттыру, адамзаттың алдында тұрған  ғаламдық мәселелерді шешуге ұмтылуларына, азаматтық көзқарастарының қалыптасуларына ықпал ету.

Күтілетін нәтиже: Жылына тұрақты және ауыспалы құрамда 5000 балаға дейін қабылдай алуы. Қаламыздағы функционалды сауатты, сапалы, заман талабына сай, өз болашағына сенетін, қажет саласын таңдай алатын оқушылар санының көбеюі.

Технобақ екі бағыттан/модульден – ғылыми-зерттеу  және  функционалдық модульдерден тұрады.

Ғылыми-зерттеу  бағытына: Шағын ғылым академиясы, Астрономиялық кешен, Интерактивті білім орталығы енеді. Бұл бөлікте балалар  ғылыммен танысуды бастайды.

Функционалдық модульде оқушылар қолданбалы, өздеріне қажетті  ғылымдармен танысады.  Бұл бөлікке  робототехникалық зертхана, қазіргі заманғы медиа-технологиялық орталық, Хай тэк цех, қолөнер шеберханалары енеді.

Екі модуль де мектеп жасындағы балалардың  бос уақыттарын сапалы өткізуге арналған.

Қазірге кезде іске асырылып жатқан бөліктерге келсек, Шағын ғылым академиясы осы технобақ құрылымына енгізілді, негізінен академия 49 жыл жұмыс істеп келеді, академияның негізгі мақсаты – ғылымға қызығушылығы бар балаларды анықтау, оларды ғылыми тәжірибелік конференциялар арқылы ғылымға тарту және олардың бұл қабілеттерін шыңдау. Бүгінде ШҒА қабырғасынан алынған тәжірибенің негізінде  халықаралық конференцияларда сапалы жұмыстар қорғаған оқушылар саны, Қазақстан Республикасы және шет елдер ЖОО  гранттары на ие болған балалар саны артуда.

Астрономиялық кешен жобасы қолға алынып жатыр.  Бұл кешен ғимарат ішінде және далада жұмыс істей алады. Аты айтып тұрғандай, оқушыларды астрономиямен, аспан ғылымымен, ғарышпен, арыштық технологиялармен таныстыруға арналған.

Интерактивті білім беру орталығы  сабақтан тыс уақытта балаларды математика, физика заңдылықтарымен ерекше ойын я басқа да қызықты, тартымды форматтар арқылы таныстыратын интерактивті құрылғылардан тұратын болады. Бұл орталықтың жұмыс формасы – саяхат, әңгімелесу, презентациялар жасау, түрлі ғылыми тәжірибелер жасау. Жұмыс ауыспалы құрамға арналады, өтінім қалдыру және шартқа отыру  арқылы оқушылар бұл орталықты пайдалана алады.

Функционалды модульге кіретін білім беретін робототехникалық зертхана ішінара жұмыс істеп жатыр, зертхана жоғары сыныптарға және төменгі буындарға арналған. Дегенмен, технобақта қарастырылған құрылғысы оқу жылының алғашқы жартысында іске қосылады деп күтілуде.  Жоғары сыныптар – 11-16 жастағы балаларға арналған EV 3 роботтық техникалық бағдарламалау құрылғысы,   төменгі буындар 5- 10 жасар балаларға арналған  әртүрлі лего алу жоспарға қойылды. Легожобалау, алғашқы робот, бағдарламаға кіріспе  конструкторлары  болмақ.

Заманауи медиа-технологиялар орталығы —  (радио, тв, әлеуметтік сервистер мен желілер орталығы) – Операторлық өнер, 3D үлгілеу, «монтаж», «телерадиокоммуникация»,  «веб-дизайн»,  «мультипликация», «бағдарламалау»,  «графикалық дизайн», «маркетинг және жарнама»  — 12 жастан асқан балаларға арналған орталық. Бұл орталықтың да жоспары жасалынып, жұмысы қолға алынуда.

Хай тэк цех – инжиниринг, өнер, математика, логика біріккен орталық.  Келесі ҚББ бағдарламалары бойынша жұмыс істейді: «Жас өнертапқыш» «Техникалық үлгілеу және құрастыру негіздері», «бағдарламалау», «радиоэлектроника», «микроэлектроника», «құрастыру және компьютерлік модельдеу» , «материалдарды өңдеу технологиясы» , «архитектура және дизайн»,  «инжениринг».

Қолөнер шеберханасы –  «Заттық орта дизайны»  бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, тоқыма, кілем тоқу, шаш үлгілері, флородизайн, скульптура – мүсіндеу, киім дизайны жатады.  Аталған бағыттар бойынша техникаландыру көзделген.

Бос уақытта кәсіптік бағдар жасау орталығы – бұл жерде  балалар жақсы құрылғыларда жұмыс істеп не болмаса сабақ өтіп қана қоймайды, сонымен қатар, өзінің болашағына таңдау жасайды.

Негізгі жұмыс бағыттары: Саяхаттар,  кездесулер, дөңгелек үстелдер, жергілікті кәсіпкерлер өткізетін шеберлік сыныптары, іс жүзінде сынама, тәжірибе жасап көру, өзін тексеру,  кәсіби шеберлік байқаулары.

Мұқажан Гүлбану Хамитқызы
Педагог-ұйымдастырушы
Балалар мен жеткіншектер сарайы,
Қарағанды қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.