Home » Жас қалам » Талабыңа нұр жаусын, балдырған жүрек!

Талабыңа нұр жаусын, балдырған жүрек!

Мен жетекшілік ететін 3 «б» сыныбында өзінің ерекше қабілетімен  өзгерлерден дараланып тұратын Нұрай есімді оқушы  қыз бар. Олай деуіме себеп  Нұрай өз достарымен өте тату әрі өзгелерге үнемі қамқорлық таныта біледі. Сабағын өте жақсы оқиды, жауапкершілікті  сезініп, ұстаздарына  жәрдемші болып жүреді. Елгезек, алғыр.

Сәрсенбай Нұрай Сайлауқызы 2008  жылы сәуір айының 17- жұлдызында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Атаның ұлағатын, әженің өнегесін бойына дарытып өскен Нұрай   ата-анасының тұңғыш перзенті.

«Өмірлік ұстанымым, биік шыңдар мен белестерді  бағындырып, өз елімнің дамып өркендеуіне үлес қосу» — деп армандайтын Нұрайдың бойында сан түрлі өнері бар. Соның бірі өлең жазу. Нұрайдың  өлеңге деген  құштарлығын шыңдауға  ұстаздық мамандықты серік еткен анасының  үлесі зор. Үш тілде білім алып  мектеп мақтаныштарының біріне айналған, қазіргі таңда ағылшын тілін еркін меңгерген Нұрай  облыстық Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған ақындар мүшәйрасына қатысып жүлделі І-орын алып келді. Нұрайға алдағы уақытта қаламыңнан  шабытты жырлар өріле берсін демекпін.

 

Мұқағали атаға

Қарасаз мекенінде туып өскен,

Ақындықпен ата жолын қуып өскен.

От ауыз, орақ тілді  ақын аға

Мұқағали аты аңыз дара тұлға.

 

Қазағымның маңдайына жаралған,

Өлеңдері ғаламшарға таралған.

Халық сүйген сырбаз ақын-Мұқағали

Туған күнің бүгін міне ақ арман.

 

Тумысынан  талантқа ие болған,

«Ақиық» ақын атанған киелі ақын.

Орақ тілді-  Мұқағали,

Мұқағали атамыз аңыз адам.

 

Мен де Сіздей ақын болсам жан-жақты

Жырлар жазсам жүрегіммен салмақты.

«Қазақ» деген рухты елдің  атасы

Ақынсыз Сіз мен сүйетін ардақты.

 

 

                                  Боранбаева Лаура Насрединқызы

№ 212 орта мектептің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.