Home » Білім және өнер » Сегіз қырлы бір сырлы «Жігіт сұлтаны — 2018»

Сегіз қырлы бір сырлы «Жігіт сұлтаны — 2018»

Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай Қазақстандық әскерде қызмет етудің құрметтілігін, жастардың бойындағы мәдениеттілікті, рухани – адамгершілікке, өмірге, білімге, шығармашылық ізденістерін дамыту, сахна мәдениетін өзін – өзі тану қабілетін қалыптастыру, қазақ тілінің дамуына жандануына үлес қосу, жастарға қолдау көрсету мақсатында «І.Жансүгіров атындағы №28 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде техгология пәнінің мұғалімі М. Усманова апайымыздың ұйымдастыруымен Сегіз қырлы бір сырлы «Жігіт сұлтаны — 2018» тақырыбында  сайыс өтті. Халқына қалқан болған қаһармандар — деп, ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет — ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» — деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.
Сайысымыздың бағдарламасы:

  1. Тегімді менің сұрасаң (өзін таныстыру).
  2. Сегіз қырлы бір сырлы өнер сайысы.
  3. Ескірмейтін ескі сөз (сұрақ — жауап).
  4. Спорттық жарыс (жерден тартылу, гир тасын көтеру, мерген).
  5. Шебердің қолы ортақ (қол өнер, альбом жасау).
  6. Тығырыққа тірелгенде (түйме қадау).

Мұндай шараларды оқушылар арасында көптеп өткізудің тәрбиелік мәні зор. Сайыс оқушыларды болашаққа бағыттап, оларды жігерлілік пен ұстамдылыққа, тапқырлық пен ақылдылыққа, ізгілік пен парасаттылыққа, батылдық пен шымырлыққа тәрбиелейді. Сайыс барысында оқушылар өз бойларындағы бар өнерлерін көрсете білді. Сайыс барынша тартымды да, тартысты өтті. Қорытынды кезеңде әділқазылар алқасы дара шыққан оқушыларды әртүрлі номинациялар бойынша және жүлделі орынға ие болғандарды марапаттап, сыйлықтар тапсырды.

Сайысқа қатысқан оқушылар:
8 «А» — Серікбай Рамазан
8 «Ә» —  Тұрсын Еркебұлан
9 «А» — Хусанов Саддам
9 «Ә» — Ерген Мұхтархан
10 «Ә»— Алшораз Дәурен
Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, болашақта биік шыңдарды бағындыра берулеріне тілектестік білдірді!

Айнабаева Тазагул Нышанбаевна
Оңтүстік  Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы
Жылы су ауыл әкімшілігі
Мырзашоқы елді мекені
«І. Жансүгіров атындағы № 28 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ағылшын  тілі пән бірлестігінің жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.