Home » Мақалалар » Президенттің халыққа жолдауы талданды

Президенттің халыққа жолдауы талданды

Алматы қаласы Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талданды. Жолдауда таяу уақыттағы беталысымыз, елдің даму бағыты айқындалады. Мемлекетіміз мектеп мұғалімдері де  жаңа формада жария етілген Жолдаудағы Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыруға өздерінің оң пікірлерін білдіріп, қолдау көрсетуде.

Мемлекет басшышы еліміздің  қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін еместігін айтып, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет деп көрсетті.

“Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады”, – деді президент Қазақстан халқына жолдауында.

Мемлекет басшысы қазір Қазақстанды дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғанын айтты.

Математика пәні мұғалімі:
Ауэлбекова Г.У.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.