Home » Жаңалықтар » ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНДА АЛҒАШҚЫ ҚАБЫЛДАУШЫ ОТБАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНДА АЛҒАШҚЫ ҚАБЫЛДАУШЫ ОТБАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

2017 жылғы қаңтардан бастап баланы қабылдайтын отбасыға сәйкес қабылдаушы отбасы туралы Ереже заңды күшіне енді, баланы қабылдайтын отбасы – бұл жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарынан 4-10 балаға дейін тәрбиелеуге қабылдайтын толық отбасы. Облыста Железин ауданының Жолтаптық ауылынан Друзик Сергей Иванович және Надежда Алексеевнаның отбасы алғашқылардың бірі болды.

Качиры балалар үйінің 9-15 жастағы төрт баласы Кристина, Милана, Кирилл және Александр отбасының жаңа мүшелері атанды.

Надежда Алексеевна Жолтаптық мектебінде орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс істейді, Сергей Иванович шаруа қожалығының басшысы болып табылады.

Ерлі-зайыптыларда балаларды тәрбиесінің тәжірибесі жеткілікті. Олар екі баланы тәрбиелеген, бүгінгі күні өздерінің балалары ер жетіп, өз отбасыларын құрған. Надежда айтқандай: «Біздің балалар ересек және олар өз беттерімен өмір сүреді. Біз көптен бері балалар үйінің балаларына отбасы жылулығын сыйлауды армандадық және енді біздің арманымыз орындалды. Әрине есейген балаларды тәрбиелеуге алуға шешім қабылдау оңай болған жоқ, бірақ біздің ойымызша біздің тәжірибеміз бен балаларға деген махаббатымыз алдағы қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беретініне сенімдімін».

Балалар отбасы жағдайына бірден сіңіп кетті. Қыздар аналарына  ас үйде қамқоршы болса, ер балалар аулаға қожалық етті.

Бүгінгі таңда жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 508 бала отбасы жылулығы мен қамқорлыққа зәру.

Друзиктер отбасына амандық, өзара түсіністік пен табыстар тілейік, ал бұл оқиға біздің отандастарымыз үшін қайырымды үлгі болады деп сенейік.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.