Home » Айтарым бар » Оқушылар ұжымы – мектепте тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы

Оқушылар ұжымы – мектепте тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы

Тақырыптың көкейкестілігі: ХХ1 ғасыр – Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтың салмақты орынды иелену және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор. Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі. Оқушылар ұжымының тәрбиелік ролін көтеру — мектептің даму тенденциясының бірі. Жақсы ұйымдастырылған ұжымда үш негізгі қызмет: ұйымдастырушылық, идеялық-тәрбиелік және әр алуан іс-әрекетті ынталандыру қызметі ойдағыдай орындалып отырады. Тәрбие процесін ұйымдастыру жайында сөз қозғалғанда, оны жарақтауды есте тұтудың маңызы үлкен. Тәрбиеші оқушыға тікелей әсер жасай алады, бірақ оған жолдастары арқылы, оқушылар коллективі арқылы да әсер жасай алады. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаудың негізгі формасы, негізгі құрал-жарағы оқушылар коллективі болады..

Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі мәселені шешу кезінде жеке адам мен коллективтің ара қатысы туралы маркстік-лениндік ілімді басшылыққа алады, аса көрнекті педагогтарының теориялық тұжырымдарына және тәжірибелерге арқа сүйейді. Бұл тәжірибе ұжымның тәрбие берудің өте маңызды және ешнәрседен ауыстыруға болмайтын формасына айналғаның көрсетеді. Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай ұжымда ғана жасалады. Әрине, ұжымда жеке адамға автоматты түрде әсер етпейді. Ішкі ұжымдық қарым-қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Олар жеке-дара даму үшін қолайлы, қолайсыз және екіталай болуы мүмкін. Педагогтардың міндеті — оқушылардың бір-бірімен араласуын ұйымдастыру, оқушылар коллективінде дұрыс өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мұның өзінде араласу оқушылардың бір-біріне ықпал жасауын ғана емес, өзара әрекеттес болуды, өзара әсер етуді, өзара тәрбиені де қарастырады. [1, 5 б.]

Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік кызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен катынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап кала алмайды. Даму, ілгері қозғалу—ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн. Тәрбиелеудің жаңа шарттары мектепте тәрбие қызметінің жаңа формасы оқушылар ұжымын тудырды. Ол жеке адамның жан-жақты дамуына мейлінше жақсы жағдайлар жасайды. А. С. Макаренко көпжылдық педагогикалық тәжірибені қорытып-талдау негізінде: егер балалар ұжымы нағыз ұйым болса, онда ғажайып нәрселер жасауға болады деген. Оқушылар ұжымы— оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Дені таза және топтасқан оқушылар ұжымына тән сипаттар — идеялық нысаналылық, оның іс-әрекетін жалпы ұйымдастыру, оқушылардың өзара тығыз әрекет етуі, жалпыға бірдей жауапкершілік, ұжымның жеке мүшелеріне жоғары талап қоюшылық. Жақсы ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі — дені таза қоғамдық пікір, сенім мен жоғары талап болуы. Сондай-ақ, топтасқан оқушылар коллективі үшін онда игі дәстүр, алға тартымды перспектива қою, сергек, көңілді күй, жоғары тәртіп орнату, сын мен өзара сынды дамыту тән. Оқушылар ұжымы — бұл өзіндік әрекетке ие ұйым, ол оның барлық мүшелері әр түрлі іс-әрекет ұйымдастыруда дербестік және инициатива көрсеткен жағдайда өсіп, дамиды. Оқушылар ұжымының тәрбиелік ролін көтеру — мектептің даму тенденциясының бірі. Жақсы ұйымдастырылған ұжымда үш негізгі қызмет: ұйымдастырушылық, идеялық-тәрбиелік және әр алуан іс-әрекетті ынталандыру қызметі ойдағыдай орындалып отырады. Тәрбие процесін ұйымдастыру жайында сөз қозғалғанда, оны жарақтауды есте тұтудың маңызы үлкен. Тәрбиеші оқушыға тікелей әсер жасай алады, бірақ оған жолдастары арқылы, оқушылар коллективі арқылы да әсер жасай алады. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаудың негізгі формасы, негізгі құрал-жарағы оқушылар коллективі болады.. Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі мәселені шешу кезінде жеке адам мен коллективтің ара қатысы туралы маркстік-лениндік ілімді басшылыққа алады, аса көрнекті педагогтарының теориялық тұжырымдарына және тәжірибелерге арқа сүйейді. Бұл тәжірибе ұжымның тәрбие берудің өте маңызды және ешнәрседен ауыстыруға болмайтын формасына айналғаның көрсетеді. Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай ұжымда ғана жасалады. Әрине, ұжымда жеке адамға автоматты түрде әсер етпейді. Ішкі ұжымдық қарым-қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Олар жеке-дара даму үшін қолайлы, қолайсыз және екіталай болуы мүмкін.

Педагогтардың міндеті — оқушылардың бір-бірімен араласуын ұйымдастыру, оқушылар ұжымында дұрыс өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мұның өзінде араласу оқушылардың бір-біріне ықпал жасауын ғана емес, өзара әрекеттес болуды, өзара әсер етуді, өзара тәрбиені де қарастырады. Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық және кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып есептеледі. Сыныпта өз-өзінен шағын топтар, микроколлективтер пайда болатыны аз емес. Олар әдетте ортақ мүдде, ортақ іс негізінде (маркаларды жинау, көгершіндерді бағу, модельдер жасау т.с.с.) құрылады. Олардың жұмысын дұрыс арнаға бағыттау керек. Осы топтарға біріккен мектеп оқушыларының жалпы кластық, жалпы-мектептік істерден тыс қалмауына, өз мүдделері шеңберінде тұйықталып қалмауына ұмтылу керек. Бірқатар жағдайларда қоғамдық, орта мен микроколлективтің әсер етуі арасында қайшылық пайда болады. Өкінішке орай, соңғы әсер ешқашанда жақсы бола бермейді. [2, 9 б.]

Ұжымның өсу және даму процесінде онда сынып пен мектеп өмірінің аса маңызды мәселелері жөнінде, оқушылар іс-әрекетті бағалауда қоғамдық пікір қалыптасады. Ол бірте-бірте оқушылардың қылықтары мен әрекеттерін бағалаудың критерийіне айналады. Қоғамдық пікірдің тәрбиелік ролі моральдық нормаларды бұзушылықты кінәлаумен және теріске шығарумен ғана шектелмейді. Қоғамдық пікірдің ынталандырушылық, ұйымдастырушылық ролінің, коллективтің қоғамға бағалы қылықтар мен әрекеттерді жақсы бағалай білуінің маңызы да ерекше. Топтасқан ұжым қоғам пікірінің күшімен әр оқушыға, оның мінезі мен тәртібіне игілікті әсер жасайды. Жолдастарының не ойлайтынын, олардың белгілі бір қылыққа қалай қарайтынын ой елегінен өткізу жаман қылықтардан сақтандырады. Оқушылар әдетте жолдастарының пікірін бағалайды, олардың кеңестерін құлақ түре тыңдайды. Осының бәрі мінез-құлықтың қажетті дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. А. С. Макаренко: «Зор беделді және сүйікті мектеп коллективінің қоғамдық пікірін бақылау осы тамаша достық одақтың мүшесі ретінде оқушының мінезін шыңдайды, ерікті тәрбиелейді, жеке бастық мінез-құлықтың қоғамға пайдалы дағдыларын, мектеп үшін және өзі үшін мақтаныш сезімін бойға сіңіреді. [3, б. 12]. Сонда бала… өзін қалай ұстауды, өзі құрметтейтін коллективтің оны не үшін мақұлдайтынын және не үшін: кіналайтынын біледі». Әрине, қоғамдық пікірдің барлығы дерлік жақсы роль атқара бермейді. Кейде, дұрыс тәрбиелемеудің нәтижесінде нашар пікір туады. Мысалы, бір топ оқушылар немесе сынып  тұтасымен тәртіп пен әдепті әдейі бұзатындарды бүркемелейді де мұны жолдастықтық көрінісі деп біледі.

Педагогтардың міндеті — өтіп жатқан оқиғаға коллективтің дұрыс көзқарас қалыптастыру қоғамдық пікірді жағымсыз фактілермен қарсы күресуге жұмылдыру. Тәрбие беруде коммунистік тәрбие міндеттеріне лайықты қоғамдық пікір ғана игі роль атқарады. Ұжым іс-әрекетінің жоғары идеялы сағытта болуын, оның мектептің, оқушылар ұйымдарының өзін-өзі басқару органдарының негізгі міндеттеріне сәйкес келуін қамтамасыз етудің соншама маңызды екендігі осында жатыр.

Бакирова Л.А.,
Павлодар облысы «Ертіс ауданы
Ұзынсу ЖОББМ» ММ-нің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. «Атамекен» ұлттық ғылыми-тәлімдік, рухани-танымдық бағдарламасын оқу-тәрбие жұмыстарына жүзеге асырудың этнопедагогикалық-этнопсихологиялық мәселелері., Астана 2008ж
  2. Н.Сейдіғазым Мұғалім даярлығына байланысты // Қазақстан мектебі: Алматы, 2002 — №3 7-9-б.
  3. М. Жұмабаев Педагогика. Алматы, ―Ана тілі‖, 1992.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.