Home » Жазу » Он алтыншы желтоқсан, Қайраттың жазу дәптерінен

Он алтыншы желтоқсан, Қайраттың жазу дәптерінен

Ашық сабақ

2  сынып

Мұғалімі: Альжанова Бибигуль Ахановна

Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің

Оразалы Қозыбаев атындағы   Қаратал орта мектебі ММ

Сабақтың тақырыбы : Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан », «Қайраттың жазу дәптерінен»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары  туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік: Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуіне баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, бейнефильм.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім—————-Балалар(хормен)

— Әрбір адам? — Туысым, досым, жұрағат.

— Әрбір сабақ? — Үйрену, ұғу, ұлағат.

— Әрбір ісің? — Тірлік, тірек, адамдық.

— Әрбір сөзің? — Шындық, бірлік, адалдық.

— Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Оқушыларды түстер арқылы  топқа бөлу.Топта спикер ,бағалушы ,хатшы болады .

І-топ  Қызанақ

ІІ- топ Қияр

  1. Өтілген материалдарды қайталау, пысықтау.

Үй тапсырмасын сұрау.

— Балалар, бүгінгі әдебиеттік оқу  сабағы ерекше. Өйткені, сендердің білімдеріңді, біліктеріңді бағалауға ұстаз апайларымыз келіп отыр.

— Үйге қандай тапсырма берілді?

— З. Шүкіров. «Ақша қар» өлеңін — жатқа айтқызу. (3-4 оқушыға айттыру).

І-топ  Ақын ақша қарды неге теңейді?

Іі- топ Зейнолла Шүкіров туралы әңгімеле.Топтар тапсырманы орындап постер қорғайды. Кубизм әдісі арқылы үй тапсырмасы  қорытындыланады.

— Қазір қай мезгіл?

— Қыс мезгілі.

— Осы қыс мезгілінің айларын атайықшы?

— Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

— Олай болса, осы желтоқсан айында болатын ерекше мерекелердің бірін білу үшін біз қазір сөзжұмбақ шешеміз.

ТӘУЕЛСІЗДІК

III. Жаңа сабақ.

  1. Рәміз.
  2. Қазақтың ханы.
  3. Жыл басы.
  4. Киелі сан.
  5. Бұрынғы астана.
  6. Ресей халқы.
  7. Алып жануар.
  8. Қасиетті ай.
  9. Мұз айдыны.
  10. Жыртқыш құс.
  11. Қазақстан қаласы.

— Сөзжұмбақтан ерекше торкөзден қандай сөз шықты?

— Тәуелсіздік.

— «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? (Оқушылардан жауап алу).Егеменді ел

— Ал, біздің еліміз тәуелсіздікті қашан алды? (жауап алу)1991 ж 16 желтоқсан

— Ендеше, оқушылар 16 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған күн.

— Биыл біз тәуелсіздіктің неше жылын тойлаймыз? (25жыл).

— Тәуелсіздікті қашан алдық?

— 1991 жылы 16 желтоқсанда.

— Міне, балалар тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.

— Осы біздің тәуелсіздігімізге, егемендігімізге көптеген ақын, жазушы ағаларымыз, аталарымыз өлеңдер арнаған екен.

— Олай болса, біз бүгін Т. Молдағалиев атамыздың «Он алтыншы желтоқсан» деген өлеңімен танысамыз.

Тұманбай Молдағалиев көптеген ән мәтіндерінің авторы.(20 наурыз 1935 жыл, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Жарсу» совхозы — 10 қазан 2011, Алматы қаласы) — қазақтың біртуар ақыны.

Он алтыншы желтоқсан  өлеңін оқып түсіндіремін.

Өлеңді тізбектей оқыту.

Балалар ,16 желтоқсан  ерекше күн яғни 1986 жылдың  16-17 күндері қазақ жастары өз пікірлерін  жоғарыда басқарып отырған ағаларға білдіру үшін

«Өз елін ,өз көсемі»  басқарсын деген ұранмен Республика алаңына шеруге шыққан болатын.Бірақ бейбіт тілекпен  шыққан жастарды аяусыз сабаған,тіпті кейбіреуін өлтірген.Енді осы желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларымызбен танысайық.

Желтоқсан оқиғасы кезінде жазықсыз жала жабылып , осы оқиғаның құрбаны болған  аға-апаларымызды еске сақтайық.  Олар: Қайрат Рұсқұлбеков,Ербол Спатаев
Сабира Мұхамбетжанова , Лаззат Асановалар болды.

«Желтоқсан» оқиғасына байланысты «Желтоқсан желі ызғарлы» атты бейнефиль мді көрейік.

— Міне, балалар жаңа біз  видеосынан болған оқиғаларды да көрдік. Ағаларымыз бен апаларымыздың алаңға шыққанын, одан кейінгі қиыншылықтарын көрдік.

— Осы тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін білдік. Тәуелсіздік, егемендік жолында қазақ жастары шеруге шыққанын , жастарды аяусыз сабаған,тіпті кейбіреуін өлтіргенін.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан

Тарихы оның тым әріден басталған

Бостандықтан құтқарам деп елімді

Талай боздақ қара жерді жастанған

  1. Сергіту сәті.

 Дәптермен жұмыс .

Күннің  ретін , сабақтың тақырыбын  жазу. Ал , балалар , 16- желтоқсан қандай мереке екен ?(Тәуелсіздік )

Ендеше балалар ұмытпас үшін дәптерлерімізге жазып алайық .

16- желтоқсан -Тәуелсіздік күні .

Сөздік жұмыс :

Тәуелсіздік- еркіндік

Ерекше-дара, бөлек

Мәңгілік –өмір бойы.

Жадымызда –есімізде .

Сұрақтарға жауап аламын

  1. Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталады? ( себебі ,1986 жылы осы күні жастар алаңға шыққан желтоқсан оқиғасы болды )
  2. Бұл қандай мереке? (Тәуелсіздік күні ).

Біздің көптеген аға – апаларымыз желтоқсан оқиғасының құрбандары болды.

Солардың ішінде біз бүгін Қайрат ағамызға ерекше тоқталамыз.

Қайрат Рысқұлбеков

Жан сыры.

— Осы абақтыда жатқан кезде өзінің ішкі жан сырын қағаз бетіне түсіріп отырған.

— Ендеше, бүгін бізге де «Қайраттың жазу дәптерінен» үзінді берілген екен. Сонымен танысайық. Мәтінді түсініп оқу .

Топтар  тапсырманы  орындап постер қорғайды.

І-топ Тәуелсіздік дегеніміз не ?

Шаңырағымыздың тыныштығыкүннің шуағындай бірлікте, достыққа өмірсүру,өз теңдігімізді білу.

ІІ- топ Қ. Рысқұлбековтің асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсыңдар? (оқушылардан жауап алу) Қайрат өз халқының бостандығын, ел болашағын, тәуелсіздігін өз алдына мақсат, асыл міндет етіп қойды.

Топтар тапсырманы орындап постер қорғайды.
V. Сабақты қорыту.

1.Бүгін балалар қандай өлеңмен , мәтінмен таныстық ? «Он алтыншы желтоқсан», «Қайраттың жазу дәптерінен».

  1. Өлеңнің авторы кім ? Т. Молдағалиев.

3.Желтоқсан оқиғасына биыл неше жыл толады ? (29жыл).

4.Желтоқсан құрбандарын кім айтады ?( Қайрат Рұсқұлбеков,Ербол Спатаев
Сабира Мұхамбетжанова , Лаззат Асанова )

5.Қайрат Рысқұлбеков кім ? (Қазақтың қайсар рухты батыры )

Жарайсыңдар . балалар, бүгінгі сабақты жақсы меңгеріпсіңдер.

Биыл Қазақстан  тәуелсіздігіне неше жыл толды ? (24 жыл)

  1. Бағалау. Сабақты қорыту.
    — Біз бүгінгі сабағымыздан не үйрендік? Не білдік?
    Бағалау бетшесі  арқылы бағалау.

Инсерт кестесін толтыру.

БілемінБілдімБілгім келеді

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.