Home » Балабақша » «Наурыз – көктем» өлең оқу байқауы

«Наурыз – көктем» өлең оқу байқауы

  Баспаева Нурзия Усмановна
БҚО Орал қаласы, Губарова к.,15/1
№18 «Балдырған»бөбекжайы
қазақ тілі мұғалімі

 

 

Мақсаты:

1.Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кенейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау.Өзге ұлт өкілдері балалар арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру;

  1. Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын балалар санасына жеткізу. Наурыздың 22 – сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.
  2. Тілдерді үйреніп және құрметтеуге тәрбиелеу.Жүргізуші  1:Құрметті  қонақтар,  сүйікті  балалар! Наурыз   мерекесі  құтты  болсын!  Күлімдеген шуақты  көктеммен  бірге  қазақ  даласына жаңа жыл келді,  әр  адам келер  жылдан  үлкен  үміт күтіп,  оны  ақ  тілекпен,  ақ  ниетпен  қарсы  алады!

Ведущий  2: Добрый день, дорогие ребята, уважаемые гости! Мы приветствуем вас на конкурсе «Наурыз шуағын төккен», посвященного весеннему  празднику  Наурыз-мейрамы!

 

2.- Бүгін біздің бөбекжай балалар  арасында өткізілетін қазақ тілінен өлең оқу сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға сайыскерлер шақырылады:
Балалар тізімі:

  1. Ересек «Ромашка» тобының тәрбиеленушісі Шабанов Данил
  2. Ересек «Ромашка» тобының тәрбиеленушісі Курдюков Андрей
  3. Ересек «Ромашка» тобының тәрбиеленушісі Меркульева София

4.. Ересек «Ромашка» тобының тәрбиеленушісі Щурихина Вероника

  1. Ересек «Ромашка» тобының тәрбиеленушісі Петухов Вадим
  2. Ортаңғы «Звездочка» тобының тәрбиеленушісі Баранова Наташа
  3. Ортаңғы «Звездочка» тобының тәрбиеленушісі Свириденко Рита
  4. Ортаңғы «Байтерек» тобының тәрбиеленушісі ХайрАйзере
  5. Ортаңғы «Звездочка» тобының тәрбиеленушісі Симакин Саша

 

Әділ-қазылар алқасы:

Тапауова А.А.- директор

Салыхова А. Н. – әдіскер

Ақкереева С.Н.- тәрбиеші

Жүргізуші:

Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн – Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз – қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.

Наши дети тоже знают стихи про Наурыз, сегодня они покажут свои умения по казахскому языку.

 

1 – кезең  «Өлең – сөздің мәйегі»

Өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы

  1. Ересек «Ромашка» тобының тәрбиеленушісі Шабанов Данил өлеңін оқиды.

Армысыздар халайық!

Әркез аман болайық.

Наурыз тойын қуанып ,

Жылда қарсы алайық!

2.Ересек «Ромашка» тобының тәрбиеленушісі Курдюков Данил өлеңін оқиды.

Наурыз келді құт болып,

Мына бізге нұр болып!

Аққа аузымыз толады,

Бір жақсылық болады.

  1. Ересек «Ромашка» тобының тәрбиеленушісі Меркульева София

Дала гүлге толыпты,

Аққу көлге қоныпты.

Алақай- ау, алақай!

Көктем қандай,

Көктем қандай көрікті!

  1. Ересек «Ромашка» тобының тәрбиеленушісі Никитина Настя

Наурыз – это праздник веселья

Наурыз – это праздник Весны.

Наурыз – это праздник цветения

Наурыз – это праздник любви.

 

  1. Ересек «Ромашка» тобының тәрбиеленушісі Щурихина Вероника

Жылдын басы – Наурыз.

Жырдын басы – Наурыз.

Мерекеге арналсын,

Бугінгі жыр, әніміз.

 

  1. Ересек «Ромашка» тобының тәрбиеленушісі Петухов Вадим

Наурыз күні той-думан!

Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді төктіріп,

Інжу- маржан шашайық!

 

 

  1. Ортаңғы «Звездочка» тобының тәрбиеленушісі Баранова Наташа

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне.

 

  1. Ортаңғы «Звездочка» тобының тәрбиеленушісі Свириденко Рита

Жылдың басы- Наурыз,

Жырдың басы-Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгіңгі жыр-әніміз.

 

  1. Ортаңғы «Байтерек» тобының тәрбиеленушісі ХайрАйзере

Наурыз құтты болсын ағаларға,

Наурыз құтты болсын аналарға.

Жыл сайын тойланатын өмір бойы,

Наурыз құтты болсын баршамызға!

 

 

  1. Ортаңғы «Звездочка» тобының тәрбиеленушісі Симакин Саша

Ата-бабам тойлаған,

Науырызым, армысың!

Қызығына тоймаған,

Дархан дала,қарлы шың!

 

Әділ-қазылар алқасының шешімімен танысу.

 

Кұрметті қонақтар сіздерді  Наурыз мерекесімен тағыда құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.