Home » Айтарым бар » Мен OFFLAIN

Мен OFFLAIN

Бір күні мен сабақтан келіп, сабақты оқуға дайындалып жатқанмын. Сол кезде мен ертеңгі жоспарымды құра бастадым.

  1. Сабақта берілген тапсырмаларды орындау.
  2. Кешкі тамағымды жеп алу.
  3. Компьютерлік ойындарды ойнау.

Ертеңгі күн – 27 қаңтар.  Қазақ тілі мұғалімі Ақмарал апайдың 27 қаңтардың Халықаралық интернетсіз күн екені туралы айтқаны есіме түсе кетті. Бір сәт қынжылсам да, қатты қуандым. Ал көп сыныптастарым апай  27 қаңтар күні желіге қосылмағандарын өтініп, хабарландыру айтқанда  шулап кетті. Олар  OFFLAIN болғысы келмейтіндігін айтты. Барлығымыз интернеттің көзге зиян екенін білеміз, бірақ бір сәт интернетке кірмеу мүмкін еместей. Егер 27 қаңтарда  интернет жұмыс істемей тұрса, компьютерім  де қосылмайды. Бір күн болса да, таза ауаға шығып, демалып,  қар үстінде жүгіріп, достарыммен кездесетін болдым деп  ойладым.  Жақсы емес пе, миымыз тынығады, көздеріміз де рақмет айтатын шығар. Ең қиыны да, қызығы да интернет ойындары ұдайы өзіне шақырып тұратындай.  Егер интернет 1 тәулік бойы барлық жерде де өшіп тұрса ғой, компьютерді де, телефонды да қоспас едім. Мен ертеңгі интернетсіз күнді асыға күтемін.

Мен OFFLAIN болуға қарсы емеспін. Негізі, интернетті аз қолданғанды қалаймын.

 

 

6″Г”сынып  оқушысы: Айдарұлы Мұрагер
жетекші мұғалімі: Шатемірқызы Ақмарал
№173 мектеп-лицей
Әуезов ауданы
Алматы қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.