Home » Менің ұстазым » Менің ұстазым

Менің ұстазым

Ұстаз… Ұстаз деген ұлы жан ғой. Балаға тәрбие білім береді, сауттылыққа үйретеді. Ұстаз – ол ұлағатты жан. Ал, менің, ұлағатты ұстазым – Байгалиева Үміт Нұрманқызы. Менің ұстазым өте байсалды, білімді адам. Мінезі ашық, ақжарқын, мейірімді жан. Алғаш осы сыныпқа келгенімде менімен ашық жарқын сөйлесіп, жылы қарсы алды. Бойындағы асыл қасиетінің бірі – оқушымен бір деңгейде сөйлескені. Осындай керемет мінезімен, білімділігімен, байсалдылығымен ерекшеленеді.

 

Үміт Нұрманқызы үш тілді жетік меңгерген педагог. Ұстазымыздың бойынан ұлы ақынымыз Абай атамыздың  даналығы, ақылдылығы көрінеді.  “Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады”, ”Жастықта көкірек зор, уайым жоқ” ,  “Жастықта бір күлгенің мың қаралық” – деген  сөздерді үнемі айтып отырады.  Болашақты болжап, бағыт-бағдар береді.  Өзі салауатты өмір салтын ұстанады. Күнде таңертең жаттығу жасатады. Пайдалы тамақ ішуге шақырады. Қаланың көрікті жерлеріне апарады.  Осындай мінезі мен кішіпейілділігімен шәкірттерінің білімге деген құштарлығын оятады. Мен үшін Үміт әпкейдің орны әрқашанда ерекше.

Ұстазыммен өткізген әр бір уақытым білімге деген құштарлығымды оятады. Менің ойымша ұстаз өз шәкірттерінің өмірінде биік орын алатын тұлға. Үміт Нұрманқызы менің балалық шағымның қызықты өтуінде, қажетті білім алуымда, өмірден өз орнымды дұрыс түсінуімде, қиыншылықтармен күресе білуімде көп көмегін беріп, жігерлендіріп отырады. Тек маған ғана емес барлық сыныптастарыма да жақсы қасиеттерін дарытуда аянбай еңбек етіп келеді. Менің ұстазым әлемдегі ең сұлу жанның бірі. Ол менің екінші анам. Ұстазымның бойынан ең бір үлгі тұтар қасиетім – байсалдылық. Осындай дара мінезімен сыныбымды татулыққа, бірлікке баулуда. Менің ұстазым әр уақытта бірлікті, адалдықты, ұйымшылдықты талап етеді. Бірлік пен татулық орнаған жерде тек жеңіске жететінімізге сенемін.

Ақжарқын, мейірімді, білімді, ұлағатты ұстазыма айтар алғысым шексіз. Әрқашанда мен үшін ата-анамнан кейінгі ең құрметке ие адам – ол Үміт Нұрманқызы. Оңым мен солымды тануда көп көмек көрсеткен аяулы ұстазыма мың алғыс! Осындай бойында асыл қасиетті жинаған аяулы да ардақты ұстаздың шәкірті болғанымды мақтан тұтамын!

 

Мәденқызы Калима,
 5 “A” сыныбының білім алушысы,
жетекшісі Байгалиева Үміт Нұрманқызы,
№3 мектеп-лицейі,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.