Home » Жас қалам » Менің Қазақстаным – менің болашағым.

Менің Қазақстаным – менің болашағым.

 

Алып ұшып жүрегімнің сезімін
Батырдың-ау көңілімнің төзімін,
Атам заман тарихынан суырып,
Бізге жеткен көңіл шіркін жібитін.
Туған елім, туған жерім сен дейтін,
Алабұртып жүрегіме көнбейтін.
Ізі келіп жол көрсетіп біздерге,
Жоғалтпа деп жүрегіңнің төзімін.
Ашар болсам өткен тарих есігін,
Сақ, түркінің  тербетуге бесігін.
Керей, Жəнібек Қозыбастың төрінде,
Құрды хандық таңдап «Қазақ» есімін.
Қазақ жұрты тарихы бар тамырлы,
Ұлт басынан күндер өтті дауылды.
Тектілікті мақтан тұтар елім бар
Ал болашақ талап етер дамуды.
Бас қосылды Еділ, Жайық төрінде,
Ел нығайып, нұр ойнайды жүзінде.
«Қасым ханның қасқа жолы» аңыз боп,
Басын иді қара халық тегінде.
Жоңғарлармен болды соғыс алапат,
Ауыр тиді елімізге сол зұлмат.
Сұм тағдырдың сынағына сынбаған,
Қасиетті халқым қандай ғаламат.
Өз тілінен, өз дінінен адасып,
Дəстүріміз салтыменен қабысты.
Ұлан ғайыр кең байтаққа орыстар,
Кене сынды тастай қатып жабысты.
Хандық құрған қазағым кеп орысқа,
Басын иді таба алмады жол басқа.
Қарсы шыққан Исатайдай адамдар
Жазым болды Махамбеттей марқасқа.
«Жасасын алаш, жасасын» – деп жыр етіп,
Сұлтанмахмұт ұран етті жан беріп.
Əлихандай алты алаштың көсемі,
«Азаттық» – деп əнімізде егіліп.
Арыстарым Ахмет, Жүсіпбек, Мағжанда,
Азаттық деп қолын созды жалғанда.
Қайран ерлер  болып жазықсыз
Жете алмады көкейдегі арманға.
Үш ғасырдай бодан болдық өзгеге,
Қатпарлы кек жиналып кеп кеудеге
Қайрат, Лəззат, Ербол сынды ағалар!
Көтеріліп, тастады ой біздерге.

Тəуелсіздік теңдік берді бағалы
Аз уақытта меңгердік көп саланы.
Индустрия, технология қарыштап,
Қабылдадық əлемдегі жаңаны.
Өркендейік үлкен шыңға өрлейік
Менің елім бəріненде ең биік,
 Қазақты ойла, ұлтты ойла бауырым
 Азаттықты енді ешкімге бермейік.

 

 

Сағымжан Жанерке,
Шығыс Қазақстан,
Үржар ауданы,
Қабанбай ауылы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.