Home » Спорт » Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ұлттық ойындар арқылы салт-дәстүрімізді насихаттау  

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ұлттық ойындар арқылы салт-дәстүрімізді насихаттау  

Әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшеліктеріне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа сақталып келе жатқан дәстүрлерінің бірі – ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар біздің халқымыздың тұрмыс-тіршілігінен, өмір сүру салтынан алынған. Ұлттық ойындарды ойнату арқылы біз балаларға өзіміздің салт – дәстүрімізді насихаттап қоймай, олардың ұрпақтан – ұрпаққа жалғаса беруіне септігімізді тигіземіз. Ойын – баланың ең басты еңбегі. Ойын ойнау арқылы балада ертеңгі өміріне қажетті еңбек сүйгіштік, батылдық, алғырлық, ептілік, Отан сүйгіштік қасиеттері қалыптасады. Біздің халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің көбісі төрт түлікпен байланысты болған. Сондықтан да «Бәйге», «Қыз қуу», «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Асық ату», «Бес тас», «Ақ сандық, көк сандық», «Тақия жасыру» сияқты ұлттық ойындар, ат үстінде ойналатын ойын-сауықтар. Бұл ойындарды кез – келген адам ойнай алмаған. Мен деген аттың құлағында ойнайтын мықты, ержүрек ұл-қыздарымыз ғана ойнаған. Осы ойындар мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтап ойынның түпнұсқасын бұзбай үйретуге көп көңіл бөлемін. Тек қана мереке, ертеңгілік, ашық оқу қызметінде ғана ойнатылмай күнделікті оқу қызметінде, жеке жұмыстарда ойнауларына мүмкіндік жасаймын. Қазіргі таңда рухани жаңғыру деп көп айтамыз, бірақ аса мән бермейміз.

Балалармен ұлттық ойындар ойнатуда

Ұлттық салт-дәстүрімізді балалардың бойына сіңіре отырып соның бірі, бір тармағы ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарды да балаларға үйрете отырып кешегі ата-бабаларымыздың өткен өмірлерінен, тұрмыс-тіршілігінен хабардар қыламын. Болашаққа көз тастау еліміздің тарихын терең танудан басталады. Халықтың өткен өмірі дегеніміз – әрбір жаңа ұрпақ үңіліп, одан рухани күш пен ғасырлардың ақыл ойын қалқып алып отыратын айнабұлақ. Осы айнабұлағымызға кір түсірмей, кіршіксіз күйінде болашақ ұрпаққа аманаттау жолында еңбек етемін.

Осы бағытта Ақбота балабақшасында дене шынықтыру нұсқаушысы болып жұмыс атқарамын. Қызмет атқарған жылдар ішінде ұлттық ойындарды үйретіп ойнату кезінде балалардың бойынан ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын бар жан-тәндерін сала ойнайтындарын байқаймын. Әсіресе ат үстінде ойналатын «Көкпар», «Қыз қуу», «Жамбы ату» ойындары оларға ерекше күш қуат сыйлайды. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің өздеріне лайықтап жасалған ағаш атқа, кәдімгі атқа мінгендей отырулары таң қалдырады. Ұлттық ойындарымыздың қажетті құралдары асық, ағаш ат, қамшы, жамбы, табиғи заттардан жасалғандықтан балалардың денсаулығына еш зиянын тигізбейді. Сондада олардың қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауларын көп көңіл аударамын.

2016-2018 жылдар аралғында «Денсаулығы сәбидің қуанышы әр үйдің» атты жоба арқылы жұмыс жүргіздім. Жоба аясында көптеген спорттық іс-шаралар кезең-кезеңімен атқарылды. Бұндай іс-шараларға балалар ғана қатыспай ата-аналалармен де « Толағай», «Менің Отбасым» , «Сүйікті Жанұям» атты жұмыс атқарылды.

Наурыз мейрамы қарсаңында «Асығың алшысынан түссін» атты мерекелік іс-шараға ата-аналарды қатыстыра отырып ертеден келе жатқан асық ату, иіру әдістерін қолдана отырып екі топтық жарыс өткізілді. Сонымен бірге «Ханталпай» ойыны ойнатылып ерекше ұмытылмас көңіл-күй сыйлады. Осындай іс – шаралар арқылы салт – дәстүріміздің ұмытылмауына септігімді тигіздім.

Балаларға оқу қызмет кезінде ғана көп көңіл бөлмей, оқу қызметінен тыс уақытта «Ұлттық ойындар» атты вариативтік бөлімін жүргіздім. Бұл деген әр балаға жеке көңіл бөліп, ойын элементтерін дұрыс үйретуге үлкен мүмкіндік. Вариативтік бөлім 4-5 жас аралығындағы балалармен күннің екінші жартысында жүргілді.

Ұлттық ойындардың баланың бойында жақсы сақталуы үшін олардың құралдарының жеткілікті болуына, эстетикалық жағынан жоғары болуына көңіл бөлемін. Бұл бір жағынан баланың дене бітімінің мінсіз болып өсуіне әсер етеді. Ұлттық ойындарымыздың балалармен ойната отырып, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіріп жатқаныма кішкенеде болса септігімді тигізгеніме қуанамын. Ұлттық ойындарымыз ғасырдан ғасырға мұра болып, қаймағы бұзылмай жетсе екен деп тілеймін. Өйткені ұлттық ойындарымыздың тек қана ойын емес, біздің денсаулығымыздың мықты болуына әсер беретініне сенімдімін. Ал адамзат үшін – денсаулықтан асқан байлық жоқ.

Кыдуакасова Айнагуль Аятбековна,
Балқаш қаласы «Алпамыс» МЖДМ КМҚК
Дене шынықтыру нұсқаушысы

 

 

Әдебиеттер:

  1. «Отбасы мен балабақша» №4 1991ж
  2. Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» -Алматы 1978ж.
  3. С.Әлімбаев, М.Жаздықбаева, Г.Қайбулдаев «Ойын технологиясы»

Алматы 2007ж.

 

23 комментария

  1. Еңбегіңіз жемісті болсын!

  2. Гульназ

    Өте білімді, өз ісінің шеберісіз, ұйымдастырушылық қабілетіңіз жоғары мамансыз , түрлі сайыстарды ата-аналармен бірге өткізіп, тәрбиеленушілеріңіз жүлделі орын алды. Бұл сіздің еңбегіңіз!!! Әрқашан биіктерден көріне беріңіз!!!

  3. Өте тамаша жазылған Айнаш сәттілік😘

  4. Перизат

    Биік шыңдардан көрініңіз!

  5. Сәттілік Айнаш жаксы жазылган.

  6. Өте орынды жазылған мақала👍

  7. Жарайсын !!!!!!!

  8. Еңбегінез жансын, биіктен көріне беріңіз!!!

  9. Жарайсың, еңбегің жана берсін!!! Бұндай мұғалімдер елімізде көбейе берсін!

  10. Сәттілік Жарайсың

  11. Күшті, жарайсыз!!!!

  12. Биік шыңдардан көріне беріңіз

  13. Ерболды

    Өте жақсы, бір мезгіл далаға шығып сабақ өткізу керек

  14. Сәттілік Айнаш биіктерден көріне бер

  15. Еңбегініз жансын, биіктерден көріне берініз

  16. Керемет! Жемісін көріңіз!

  17. Оте керемет такырып, жарайсыз!

  18. Айнагүл Аятбекқызы өте жақсы тәрбиеші.өте жақсы көреміз сәттілік тілейміз 🌷🌷🌷

  19. Сәттілік Айнаш

  20. Алтынай

    Өте жаксы жұмыс!

  21. Жанібек

    Осы мақсатта жалғасытыра беріңіз.

  22. Жарайсыз еңбегіңіз өрге бассын!

  23. Айкүнім

    Ұлттық ойындарды насихаттау тақырыбы көңілімнен шықты тамаша

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.