Home » Сол мектептен шыққанбыз » Мектебіме тағзым

Мектебіме тағзым

15 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қабанбай ауылында “Б. Майлин атындағы орта мектебінде” елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында баса айтылған “Туған жер” бағдарламасын қолдап, елжанды, елін сүйген азамат ретінде “Туған мектебім” акциясы аясында үлкен форум өтті. Қайырымдылық – халқымыздың ең ірі қасиеттерінің бірі, балалардың қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу — əрбір адамның азаматтық парызы. Бүгінгі күн біз үшін өміріміздің мəні қайрат-жігеріміздің, қабілетіміздің бастауы.

Осы мектепте түлеп ұшқан қазіргі жастарымыз бен қарттарымыздың мектебімізге салған қаржылары мен аяулы алақандарына алғысымызды білдіреміз. “Көп түкірген көл болар” демекші, аз қаржыдан үлкен қомақты қаражат шығарып мектебімізге үлкен қажеттілік əкеледі. Əр таңдаған əрбір игілікті іс пен сенімді болашаққа қадам бізге күш-қуат берері мол. “Туған мектебім” акциясы бағыты бойынша қазіргі таңда жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге байланысты өзіңіз білім алған мектебіңізге жаңа үлгідегі биология, работотехника кабинеттерін жабдықтауға ықпал етілді.

Ең бірінші қонақтарды қарсы алу, яғни кішігірім концерттік бағдарлама өткізілді. Қонақтарымыз шығып өзінің ізгі тілектерін жаудырып өзінің қолынан келетін қаражатын салды. Осы мерекелік іс шараға ауылымыздың əкім жəне имамына бірінші сөз кезегі берілді. Кейін үлкен қарт ата-əжелеріміз де осы мерекелік іс-шарада осындай жанашыр адамдарымыздың барына бір марқайып қалды. Ең соңында біздің мектеп директорымыз – Айгүл Келесқызы сөз түйінін жеткізді. Кейін қонақтарымызды ыстық ықыласпен ақ тілектерін жеткізді. Алдағы уақытта əрбір сынып ата-аналары мен мектеп түлектері жарқын күндерде жолыққанша деп қонақтарымызды шығарып салдық. Ерекше үлкен көңілді де қызықты іс-шара өтті деген сенімдеміз.

Сағымжан Жанерке,
Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы,
Қабанбай ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.