Home » Жаңалықтар » «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» байқауы

«Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» байқауы

 

                 

       Елбасы кітапханасы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында өтетін «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» ашық республикалық шығармашылық байқауын жариялайды. Байқау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қорымен және М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайымен бірлесе өткізіледі.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

– ән шығармашылығын ұлттық және жалпыадамзаттық тәжірибені іске асырудың сирек құралдарының бірі ретінде өзектендіру;

– Н.Ә. Назарбаевтың әндерін тұлғаны қалыптастырудың аса бай ресурсы ретінде насихаттау және танымалдандыру;

– оқушы жастардың құндылық бағдарын қазақстандық қоғамның рухани-адамгершіліктік және мәдени дәстүрлер тұрғысынан қалыптастыру;

– музыкалық өнердің әртүрлі жанрындағы жас дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау.

Байқау «Бабамнан қалған кең дала» (Н.Ә. Назарбаевтың авторлық әндерін орындау), «Біздің Президентіміздің сүйікті әндері толқынында» (Н.Ә. Назарбаевтың сүйікті әндерін орындау), патриоттық тақырыпқа жазылған сүйемелдеудегі авторлық шығарма (концертмейстер, жеке аккомпанемент немесе аспаптық фонограмма) номинациялары бойынша өткізіледі.

Байқауға республиканың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, жеке орындау және ұжымдық вокалдық топтар (дуэт, трио, квартет) қатыса алады. 12-ден 14 жасқа және 16-дан 18 жасқа дейінгі жас ерекшеліктерінің санаттары белгіленді.

Өтінімдер 2017 жылғы 10 қарашаға дейін қабылданады. Байқау мәресі, жеңімпаздарды жариялау және марапаттау Астанада 2017 жылғы 27 қарашада өтеді.

Өтінімдер мен қоса берілетін құжаттар келесі мекенжайларға жіберіледі:

Астана қ., Ә. Бөкейхан көшесі, 10, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ (18 кабинет). Үйлестіруші: Данагүл Маратқызы Мырзаханова, жұмыс телефоны: 8 (7172) 69-30-68, ұялы телефоны: +7-701-777-89-18, электрондық пошта: danamarat20@gmail.com;

Астана қаласы, Ә. Мәмбетов көшесі, 1, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы. Үйлестіруші: Алмагүл Борисовна Жапарова, жұмыс телефоны: 8 (7172) 32-49-89, ұялы телефоны: +7-701-999-50-14, электрондық пошта: dvorecskool@mail.ru

Байқаудың ережелері және өтінім-сауалнамамен www.presidentlibrary.kz сайтындағы «АҢДАТПА» бөлімінде танысуға болады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.

css.php