Home » Оқу-әдістемелік материалдар » «Жылулық жүректен» тренингі

«Жылулық жүректен» тренингі

Қатысушылар: 9-11-сынып.

Мақсаты: оқушыларға эмоция мен сезім-адамның айналадағы өмір шындығына тигізер әсері туралы түсінік беру және эмоция мен сезімдерді қалай басқаруға болатындығын үйрету.

«Эмоция» жаттығуы.

Шаршадым — «УҺ!» дедім.

Ренжідім — «ТУҺ!» дедім.

Қорықтым — «ОЙ!» дедім

Өкіндім — «АҺ!» дедім.

Шарасыз — «ЕҺ!» дедім.

Таңырқап — «О!» дедім.

Кейідім — «И!» дедім.

Біліп ап — «Е!» дедім.

Қуанып — «Ха-ха-ха!» дедім.

  • Қызығушылықты ояту.

 

Оқушылар ортаға шақырылады. Көшеде жүрген адамдардың қарбалас жүрісін саламыз. Сіз көптен кездеспеген екі досыңызды немесе сыныптасыңызды көрдіңіз, сіз ол кісімен қалай амандасар едіңіз?

Суретте гномдар бейнеленген. Суреттегі көңіл күйіне қарап, олардың әрқайсысына ат қой. Қазіргі уақыттағы өзіңіздің көңіл күйіңізді белгілеңіз. Өз есіміңді жазып, өзіңе ұнаған гномды дөңгелектеп сыз.

Мақсаты: күн бойы эмоция мен сезімге талдау жасау, жақсы психоэмоциялық көңіл-күй туғызуға үйрету.

Нұсқау: Бір күннің эмоциялық портретін жасайық. Бүгінгі күнді таңертеңнен бері еске түсіріңдер. Барлық оқиғаны қарап шығыңдар, жеке үзінділерді көз алдарына келтіріңдер. Енді соларды жазыңдар. Басқа адамдардың әсерінен болған оқиғалар мен сезімдердің астын сызып қойыңдар. Жақсы-жаманын атап көрсетіңдер. Осыдан кейін эмоция сәтіндегі жеке ерекшіліктерге талдау жасалады.

  • «Менің эмоцияларым» жаттығуы.

 

Мақсаты: Өз эмоцияларын орындап, дәл жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

Керекті құралдар: адамның эмоциялары жазылған карточкалар: «қайғы-бет, қуаныш-ерін, кербездік-оң қол, мақтаншақ-арқа, үрей-аяқ, таңдану-қас».

Нұсқау: алдарыңыздағы карточкалар арқылы берілген тапсырмаларды орыңдаңыздар.

Топ сол тапсырманың шешімін табу керек.

Талдау: Эмоция дегенді қалай түсінесің?

Адам өміріндегі эмоцияның рөлі қандай?

  1. Мини лекция. «Өз эмоцияларыңды қалай басқаруға болады?»

Жағымсыз эмоциялардан қалай айырылуға болады?

Сені түсінуге тырысатын достарыңның арасында айтуға болады.

Егер сен жалғыз болсаң, көпшікті не су орамалды қысып тартуға болады. Өйткені, барлық қысым қолдың, саусақтың, иықтың бұлшық еттерінде сақталып қалады. Спорттың қандай да бір түрімен айналысу да көмек береді. Байқасаңыздар, спортшылардың денсаулығымен қатар жаны да сау болады. Адамға табиғат та жағымды әсер етеді. Серуен, тамашалау, бақылау, тіпті қиын деген жағдайлардың өзінде де жағымды әсер етеді. 3-4 қысқа дем алу, сонша рет дем шығару. Бұл кезде миға баратын импульстер көбейеді, ал ол стресс кезінде үлкен көмек. Табиғат бізді күлкі мен жылауды психикалық ауыртпалықтардан қорғаныс ретінде жаратқандай.

«Менің ең жақсы қасиеттерім» ескертпе бланкісі.

Мені ең жақсы сапаларым:

Менің ең жақсы сапаларымМенің қабілеттерім мен дарынымМенің жетістіктерім

Адам өміріндегі эмоцияның рөлі қандай?

4.«Кім өзін жақсы мақтайды немесе сәтсіз күндерге ескертпе» жаттығуы.

Мақсаты: өзі туралы жағымды ішкі диалог жүргізу дағдысын дамыту, өзіндік талдауды дамыту.

Нұсқау: Кейде бос өмір сүріп жүргендей, қолыңнан ештеңе келмейтіндей сезімдер кездеседі. Мұндай кездері қуанышты сезімдер, қабілеттер, жеткен жетістіктер мен жеңістер ұмытылып кетеді. Барлығымызда мақтан тұтарлық болса да бір ісіміз бар ғой.

«Менің ең жақсы қасиеттерім» ескертпе бланкісі.

Мені ең жақсы сапаларым:

Талдау: Сіз бұл жаттығудан не алдыңыз?

4.Толғаныс

5.Эссе. «Эмоция және сезімдер менің өмірімде».

Бутабаева Айгерим Тельмухамбетовна,

«Көкжайық орта мектебі» КММ

Педагог-психолог,

Шығыс Қазақстан облысы, Көкжайық ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.