Home » Айтарым бар » Жерлесіміз Назгүл Кенжетайқызы-ел мақтанышы

Жерлесіміз Назгүл Кенжетайқызы-ел мақтанышы

Елбасы жолдауы Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыруда басым алты бағыты бар екенін бүгінде баршамыз жақсы білеміз. Ол бірнеше бағдарламалардан тұрады. Аталған мақалада көрсетілген маңызды жобалардың бірі – «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған. Бұл жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын.

«Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы көтеріліп, республикаға танымал адамдармен қатар игі іс тындырған өзге де жайсаң тұлғалар жобаға ұсынылды. Әрбірінің формасы, жүзеге асу механизмі әртүрлі болғанымен, баршасының мақсаты бір – халықтың санасын жаңғырту, рухани құндылықтарымызды қайта тірілту.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы осы айдың басына өз мәресіне жетіп, бүкіл қазақстандықтар еліміздің 100 су жаңа есімін анықтап, олар Елбасымен кездесуде өздерінің мақсаттарын және атқарып жүрген жұмыстарын айтты. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезең жеңімпаздарының бірі – әскери журналист Назгүл Кенжетай, біздің жерлесіміз Қызылорданың тумасы. Ол 2019 жылғы 13 ақпанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің жұмыс тәжірбиесі туралы айтып берді: «Мен 23 жастамын. 2013 жылы мектепті бітіріп, Түркияның мемлекеттік грантын жеңіп алдым. Сол арқылы журналистиканы таңдадым. Қазір халықаралық фотожурналист әрі аналитикпін. Фотожобаларым көбінесе Еуропада жарияланады. Отансыздықтың жүзі, босқындардың ахуалы, сәбилердің көз жасы-осының бәрін суретке түсіру арқылы әлем жұртшылығына жеткізгім келді. Сөйтіп, әскери журналист атандым», – деді Н. Кенжетай      «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне арналған салтанатты шарада Назгүлдің суреттері шетелде жылдың үздік жобалары деп танылды. Алайда, оның негізгі мақсаты – отансыздықтың не екенін көрсету, бейбітшіліктің қаншалықты бағалы екенін жеткізу. Осы орайда әскери журналист Президентке бейбітшілікті сақтау жолындағы еңбегі үшін алғыс білдірді. «Өздеріңіз жақсы білесіздер, әлемде саяси, дипломатиялық, стратегиялық және тағы басқа себептерге байланысты көптеген қақтығыстар орын алып жатыр. Сол қақтығыстардың бірі – Таяу Шығыстағы Сирия. 2014 жылдан бері, студенттік кезден бастап осы мәселелерді жақынырақ зерттеуді қолға алдым. Адамзаттың басына келген бұл мәселені зерттеу арқылы теңізде бір тамшы болсам да, әлемге, адамзатқа көмегім тисе екен деймін. Мен жолға шықтым. Осы жолда «Жәннатта азық көп пе?» деп сұраған сәбиді көрдім… Өзендей ағып, жоқ болып кеткен бір мемлекетті көрдім. Босып кеткен халықты көрдім. Байрағы жерде тапталған ел көрдім және сол байрағын қорғай алмаған ер көрдім. Осының бәрін көрдім де, қолымнан келгенше әлемге көрсетуге тырыстым. Мақсатым отансыздықтың не екенін көрсету еді. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, мен отынсыздықтың не екенін өз көзіммен көрген жан ретінде сіздің бейбітшілік жолындағы еңбегіңіз оңайшылықпен келмегенін ұқтым. Өзімнің «Отансыздықтың жүзі» атты жобам арқылы барша отандастарымды қолда бар алтынның қадірін білуге шақырамын», – деп атап көрсетті Назгүл Кенжетайқызы қызымыз.

Өскелең ұрпақты ұлтшылдыққа, қайырымды болуға үгіттеп және жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі бола білген әскери журналист Назгүл қызымызға болашағы зор болып туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіріп, мамандығының шебері болып, қаламының ұштала беруіне тілектеспіз.

Сәуле Омарова
Текей батыр Қарпықұлы колледжінің
оқытушысы

 

15 комментариев

  1. Ел болашағы Назгүл жəне көптеген жастар қолында. Бұндай жалынды жастар Сыр елі Қызылордада бар екеніне мақтан етемін.

  2. Ботакөз Раxманқызы

    Жақсы жазылған
    Кейінгі ұрпаққа берері көп мақала

  3. Өте жақсы жазылған

  4. Керемет өте жақсы

  5. Мақалада жастарға берер тәрбие өте көп

  6. Мансур Расул

    Өскелең ұрпақты ұлтшылдыққа, қайырымды болуға үгіттеп және жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі бола білген әскери журналист Назгүл қызымызға болашағы зор болып туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіріп, мамандығының шебері болып, қаламының ұштала беруіне тілектеспіз.

  7. керемет жазылган

  8. Жерлесіміз Назгүл Кенжетайқызы-ел мақтанышы

  9. Мансур Расул

    Батыл әпкелеріміз көп болсын

  10. Керемет мақала

  11. jaksi jazilgan makala

  12. Мағжан Абылайұлы

    Назгүл қызымызға болашағы зор болып туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіріп, мамандығының шебері болып, қаламының ұштала беруіне тілектеспіз.

  13. Сапар Ақмарал

    Сауле апайдың мақаласы өте керемет жазылған

  14. Абылайұлы Мансұр

    Берері көп өте керемет мақала

  15. Асылтаев М

    Назгүл қызымызға болашағы зор болып туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіріп, мамандығының шебері болып, қаламының ұштала беруіне тілектеспіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.