Home » Білім және заң » Жаңашылдық – табысты білім кепілі

Жаңашылдық – табысты білім кепілі

Қазақстан халқы Елбасының жыл сайынғы Жолдауларынан тың жаңалықтар күтіп, болашаққа деген сенімдері мен үміттерін ұштай түсетін қалыпты жағдай. Өйткені, Жолдауда ел дамуының жаңа межелері белгіленіп, халықтың әлеуметтік-рухани жаңғыруының көкжиектері айқындала түсетіні сөзсіз. Тәуелсіз еліміздің болашағы білімді  ұрпақ десек, биылғы жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Елбасы «Сапалы білім беру Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының негізі» екендігін атады.

Біздің мектепте ғылыми-әдістемелік жұмыстың негізгі тақырыбы  «Нәтижеге бағытталған білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негіздері». Күрделі және маңызды тақырыпты іске асыру жолында төмендегі бағыттар басшылыққа алынды:

  • НЗМ тәжірибесін тарату бойынша жоспарлы семинарлар ұйымдастыру;
  • кәсіби сайыстарға қатысу;
  • жас мамандармен жұмыс;
  • дарынды балалармен жұмыс.

Биылғы Жолдауында Елбасы «Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады» деп атап өтті.

«Назарбаев Зияткерлік Мектебі», ДББҰ үздік шетелдік тәжірибе саналып, шығармашылық өңделетін негізгі алаң болып табылады. Осыған байланысты, 2016-17 оқу жылында мектеп әкімшілігі мен ұстаздары Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  мен НЗМ біріге отырып өткізген оқыту семинарларына қатысып, 2017-18 оқу жылы аудан көлеміндегі мектептер үшін бес семинар өткізілді.Олардың тақырыптары: «Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны», «Критериалды бағалаудың ерекшеліктері», «Тәрбие мен оқытуды кіріктіру: тәрбие және перспектива», «Білім мазмұнының ерекшеліктері» және қорытынды ретінде «Жетістіктер шеруі».  Мектеп директоры С.Бибосынов «Басқару мен білім берудегі көшбасшылықты дамыту», оқу-ісінің орынбасары А.Садвакасова «Жаңартылған білім мазмұнын тиімді оқытуды ұйымдастырудың жолдары», тәрбие ісінің орынбасары А.Айтжанова «Тәрбие жұмысының мазмұнын жаңарту» атты баяндамалар жасаса, мектеп психологы А.Серикбаева «Ұжымдық қарым-қатынас» ойын-терапиясы арқылы қатысушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, бір-бірімен еркін сөйлесу, тығыз байланыс орнату жолдарын көрсете білді. Оқушыларды кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында « READx»          формасы негізінде «кітапханашы-оқушы-пән мұғалімі» серіктестігі арқылы Д.Исабековтың «Гауһартас-нәзік сезімнің символы» атты пікір-талас жоғары дәрежеде өтті. Рефлексия ретінде шараға қатысушылар «оқимын» деген смайликтарын бір ауыздан көтеріп, жаңа формадағы пікір-таласты «біз үшін бұл жаңалық керемет болды» деп тұжырымдады.

«100 кітап» жобасы аясында мектеп сахнасында А.С.Пушкиннің «Маленькие трагедии» (орыс тілінде), «Alice in wonderland» (ағылшын тілінде) көрсетілді.

«Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері» атты ата-аналар, қамқоршылар кеңесі үшін ашық есік күні өтті.

Назарбаев Зияткерлік Мектебінің тәжірибесін тарату бойынша мектеп жетістігі деп атап өтерлік жайт: оқушыларымыз бен ұстаздарымыз Облыс әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған облыстық «Ұлы дала мұрагерлері» форумына қатысып қайтты. Онда НЗМ мектебінің әлеуметтік тәжірибелері негізінде «100 кітап» жобасы аясында Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» шығармасы желісінде театрландырылған қойылым, «TEDx» формасын көрсетіп, Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

Жыл қорытындысы ретінде «Жетістіктер шеруі – 2018» форумында оқытудын өткен ауданның 13 мектебі НЗМ тәжірибесін трансляциалау бойынша стратегиялық бағыттарын қорғап, мектеп өміріне еңгізіліп жатқан тәжірибелерін слайд-презентациялар арқылы көрсетіп өтті. Жыл бойы 5 семинар, 3 коучинг, 9 тренинг, 3 ашық есік күні, 2 онлайн-сабақ өтті. Жас мамандармен жұмыс бағытында өткен «Дебют – 2018» сайысы көпшіліктің көңілінен шықты. Қатысушы жас мамандар білімін, шығармашылығын, өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Мектепішілік сайыстың жеңімпазы Сәлкенов Думан аудандық, облыстық сайыстарда жүлделі орынға ие болып, Семей қаласында өткен «Дарынды оқушыға – талантты ұстаз» Республикалық байқауда жүлделі 2 орынды жеңіп алды.

Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету, стратегиясын жүзеге асыруда оқушылармен жұмыс жасаушы шығармашыл топ мұғалімдерінен «Серпін» алаңы құрылды. Алаң аясында «Оқу шаттығы», «Біздің айналамыздағы математика», «Геоград» жобалары нәтижелі жұмыс жасауда.

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында оқушының бойында креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу – ерекше мәселе.

Дарынды балалардың қабілеттерін дамытуда ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық, зерттеу жұмыстары, реферат, жоба қорғау), пәндік үйірмелер мен олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, шеберлер байқаулардың маңызы зор.Сарыарқа дарыны ұйымдастырған облыстық жаратылыстану  пән олимпиадасында  Пазыл Мәди география пәнінен жүлделі 3 орынға ие болды. Халықаралық «Зияткер», «Кенгуру», «Тарих ата», «Русский медвежонок», «Clever» т.б. олимпиадаларда  60 — 1 орын, 73 – 2 орын, 107 оқушы – 3 орындарға ие болды.

Жыл сайын өтетін дәстүрлі Б.Амалбеков атындағы аймақтық математикалық олимпиадада жүлделі 1 орын біздің оқушылар еншісінде.

Дарынды балалармен нәтижелі жұмыс жасауда мектепішілік «Ұшқын» ғылыми қоғамының рөлі ерекше.

Мектептегі әр ұстаз ізденуді, білім беруді, баулуды, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндет деп санайды.

Жас ұрпақты білімді, жан-жақты етіп өсіруге әрбір ата-ана, мектеп және бүкіл жұртшылық жұмыла қатысады. Нәтижесінде мектептің білім сапасы 79% пайызды көрсетіп отыр.  Алға қойған мақсатымыз – сабақта және сабақтан тыс жүргізілетін жұмыс жүйесін оқу-тәрбие үрдістерімен байланыстыра отырып, ғылыми деңгейге көтеру, танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімді, жан-жақты дамыған Отанының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын тұлғаны қалыптастыру, білім сапасын жақсарту сияқты міндеттерді орындай отырып,еліміздің  болашақ жастарын ұлағаттыққа тәрбиелеу болады. Білім адами капиталдың басты құндылығына айналып отырған ХХІ ғасырда Президент рухани жаңғыруымыздың ең негізгі тетігі – «білімнің салтанат құруы, аса білімдар адамдарға ғана, білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жете алады» деген болатын.

                                                  Жаңаарқа ауданы

                                         Қарағанды облысы

                                                 Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы

                                                 тірек мектебі ( РО)

                                                 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

                                                 Аханова Гульмира Рахметовна

                                              

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.