Home » Жаңалықтар » Жаңартылған білім беру аясында ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАйдалану ЖОЛДАРЫ

Жаңартылған білім беру аясында ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАйдалану ЖОЛДАРЫ

«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында,

 ал ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»

Н.Ә. Назарбаев

 

«Қазақстан жолы – 2050бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ұлт Көшбасшысы Н.А. Назарбаев білім беру саласының басты міндеттерін айқын белгіледі:

Біріншіден, барлық дамыған елдердегідей сапалы бірегей білім беру жүйесін қалыптастыру. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту.Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек.Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білу. Тілдерді оқыту нәтижесі бойынша  оқушылар сындарлы ойлау, өзіндік  ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игерулері қажет, – деп көрсеткен болатын.

Білім беру жүйесін жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясымен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті  бастауыш білім беру стандартын» дайындады.

Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема – әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра

Инновациялардың таралу үрдісінің бір түрімен (А, Ә, Б) екінші түрінде өту ерекше функцияларды орындайды.

А -инновациялар белгілі болады, көпшілікке таралады.Жаңалықтарға жол ашылады;

Ә – олардың теориялық және әдістемелік жолдары ойлап шешіледі;

Б – жаңалықтарды енгізу жолдары қарастырылады, білім беру ұйымдарының жұмыстарына енгізіледі;

Оқу – тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтарды енгізу

IV кезеңінен тұрады.

I кезең: Жаңа идеяны іздеу

Ақпараттандыру және инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.

II кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.

III кезең: Жаңалықтарды енгізу

Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.

IV кезең: Жаңалықтарды бекіту

Оқу-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау.

    Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімдерді даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты.

    Педагогикалық инновациялар мағынасына, мазмұнына, нәтижесіне қарай

2 түрге бөлінеді:

  • білім беру жүйесіндегі инновациялар;
  • оқу-тәрбиелеу жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны мен құрылысына жататын инновациялар.

Ал оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық инновация басқадай қаралады:

  • Білім беру мекемесін тұтастай ұйымдастыру әрекеті:

Мектеп – бала бақша;

Мектеп- жоғары оқу орны;

Мектеп- оқу- тәрбие жиынтығы;

  • Мұғалімдер жұмысын ұйымдастыру: оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастыруымен сабақ берудегі әдіс пен әдістемелердің өзара байланысы, сабақ пен сабақтан тыс жұмыстар ерекшелігі:
  • Белгілі бір бағдар берушілік пен мемлекеттік білім деңгейін қамтамасыз ететін оқушылар жұмысын ұйымдастыру: жеке бас қызығушылығы мен мүмкіндіктерін дамыту мен жағдай жасау

Бұл мектеп үшін үлкен дәреже және сонымен қатар аса жауапкершілікті талап етеді.

Өткен оқу жылынан бастап  мектептерде орта білім берудің жаңа мазмұнын және бастауыш білім берудің жаңа мемлекеттік стандартын енгізу бойынша  дайындық жұмыстары қолға алынды.

Жалпы жұмыс үш бағытта жүргізілді:

1) мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды оқыту;

2) озық педагогикалық тәжірибемен танысу;

3) орта білім берудің мазмұнын жаңарту.

Мектептердегі білім беру мазмұнын жаңартудағы мұғалімнің атқаратын маңызды рөлін ескере отырып, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Орта білім берудің мазмұнын жаңарту шеңберінде:

– тілдерді оқыту;

-критериалды бағалауды енгізу;

-жобалау қызметін ұйымдастыру.

Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламалар бойынша біліктілігін арттырған ұстаздар мектептегі оқыту жүйесінде өзгерістер енгізу мақсатында өткен оқу жылында инновациялық технологияны игеру,

жасау, ендіру мақсатында сабақ үлгілерін көрсетті

Сабақтардың мазмұны оқу пәндері бойынша оқушылардың білімдерін, және дағдыларын кеңейту және тереңдетуге бағытталды.Кері байланыстар мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында, мұғалім мен мұғалім арасында жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар мектептегі оқыту мен оқу сапасын көтеріп, білім саласына көптеген өзгерістер әкелді. Мұғалімдердің үздік сабақ бейне материалдары мектеп сайтында орналастырылып, үнемі толықтырылып тұрады.

Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету жұмыстары онлайн сабақтар семинарлар, әдістемелік құралдар, шеберлік сыныптары арқылы жүзеге асады.

Қазіргі уақытта мектеп орта білім берудің жаңа мазмұның және бастауыш білім берудің жаңа мемлекеттік стандартын енгізу бойынша оқу-әдістемелік кешендерімен, нормативтік-құқықтық құжаттарымен  және оқулықтармен толық қамтамасыз етілді.

Жаңа білім беру стандартына сәйкес, балалар білімді қай жерден іздеу керек екенін, сыни тұрғыдан ойлауға, ұжымда жұмыс істеуге үйретіледі. Ұстаздар өз кезегінде олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыруға дағдыландырады.

        Қорыта келе, қазіргі таңда мұғалімге қойылатын талаптар мен оның дәстүрлі оқыту стилінен сындарлы оқыту теориясына негізделген оқыту тәсілдеріне көшуді  «Егер саған бір балық берсе, сен бір күн тоқ жүресің, егер саған екі балық берсе, екі күн тоқ жүресін, ал егер  сені балық аулауға үйретсе, сен өмір бо тоқ боласың» деген халық даналығымен аяқтап, біз, мұғалімдер, қауымы оқушыларға өміріне азық болатындай және алған білімдерін өмірде қолдана алатындай білім беруіміз керек.

 

Тойганбекова Ш.М.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша педагогикалық

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,

Тараз қаласы

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасы “Білім мемлекеттік бағдарламасы” / Қазақстан мұғалімі. – 2012. – №33-34
  2. Қазақстан Республикасында орта білімнің дамыту тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,-2009, 34б.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.