Home » Жаңалықтар » «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» жас қаламгерлердің VI дәстүрлі  жыр мүшәйрасы  

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» жас қаламгерлердің VI дәстүрлі  жыр мүшәйрасы  

Көлік және коммуникация колледжінде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты VI дәстүрлі жыр мүшәйрасы  өтті. Сүбелі сөзден жыр терген ақындар сайысының мақсаты –Елбасының көшбасшылық, данышпандық ерен еңбегімен байланыстырған жас ақындардың өлеңдерін көркемдеп оқу ғана емес, ақындық өнерлеріне шабыт беру.

Колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы көрермен қауымды Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, дәстүрлі байқаудың маңыздылығына тоқталып өтті. «Атаулы мереке жыл сайын тойланып, халықтық сипатқа ие болды. Егемен  еліміздің гүлденуі мен тұрақтылығы жолында  табысқа жетуіміз Тәуелсіз мемлекеттегі жас ұрпақтың білімі мен рухани құзіреттілігіне байланысты» деп, жыр сүйер қауымды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтады.

Жыр мүшәйрасының  арнайы қонағы – «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, қоғам қайраткері, қазақ тілінің жанашыры Оразкүл Асанғазықызы Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы мен өркендеуі жолындағы Елбасының ерен еңбегін жастарға үлгі етті. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы қазақтың тағы бір қыры — қазақтың ауыз әдебиеті, жыры, эпосы, өлеңі» дей келе, Тұңғыш Елбасы күніне ұйымдастырылған іс-шараға атсалысқан ақындар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

Жыр додасына қазылар алқасының мүшелері ретінде белгілі ақындар арнайы шақыртылды. Атап айтар болсақ, Ахметов Мұңсызбай Дүйсенұлы — ақын, тіл жанашыры, Құралай Омарова — ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Фариза Нұржакыпова — V дәстүрлі жыр мүшәйра байқауының бас жүлде иегері.

Қазақтың атын аспандатар алып ойын алаңында батырлар сынға түссе, қара сөздің қаймағын қалқыған ақындар да аянып қалмасы анық. Осы жыр-бәйгеге жас қаламгерлермен бірге колледж ұстаздары да өз жыр шумақтарын арнады. Мүшәйраға барлығы студенттер мен оқытушылардан құрылған 22 қатысушы болды.

Қазылар алқасының төрағасы Мұңсызбай Дүйсенұлы өлең жолындағы сөз қадірі мен жыр жолдарының әуезділігін, ақындардың өлеңді өрнектеудегі өзіндік ізденістерін айта отырып, оқытушылар мен студенттер арасынан үздік өнер көрсеткендерге арнайы жүлделі орындарды белгіледі. Оқытушылар арасынан үздік өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алған  арнайы пәндер оқытушысы Бахыт Ұланбек.  I-орын — арнайы пәндер оқытушысы Шаяхметова Жазираға,   II-орын —   арнайы пәндер оқытушысы Бекенова Ардаққа,  III-орын — химия пәнінің оқытушысы Туловская Еленаға бұйырды. Студенттер арасынан үздік өнер көрсетіп, бас жүлдені Қаржаубай Елдос(2 курс студенті) жеңіп алса, I-орынды Байқадамов Нұржан (1 курс студенті), II-орынды  Болғанбаев Ернар,  III-орынды  Клейн Кристина иеленді.

Дәстүрлі мүшәйраға қатысқан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарын, VI дәстүрлі жыр мүшәйрасының  жинағын табысталды.

Л.К. Нығыметова

Г.Т. Базилбаева

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.