Home » Таным » Бүгінгі күннің ежелгі мерекесі

Бүгінгі күннің ежелгі мерекесі

2018 жылдың 21 сәуірі күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» Наурыз мейрамы атап өтіліп, оған «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жаумбай Қараев, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының корпоративтік даму бойынша орынбасары Иса Самсаев, ұжым қызметкерлері, облыс педагогтары және біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары қатысты.

Іс-шара облыстың әр аймағынан келген бейнелеу пәні мұғалімдерінің ұлттық нақыштағы шығармашылық жұмыстары ұсынылған көрме-жәрмеңкеден басталды және қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Өз сөзінде Ж.А.Қараев қазақ халқының есінде сақталып келе жатқан ежелгі мереке жаңа рухани-адамгершілік құндылыққа ие екендігін, сонымен бірге ұлттық бірлік, ынтымақтастық пен бауырластықты, жас ұрпақтың бойына жоғары моральдық қасиеттерді сіңіре отырып тәрбиелеуге шақыратындығын атап өтті. Оның айтуынша, филиалда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақ бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған көрме-жәрмеңке қазіргі ұрпақтың ұлттық құндылықтардың, ұлттық салт-дәстүрлердің маңыздылығына назарын аударады.

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Кеңесбаев біздің елімізде ұлттық салт-дәстүрлердің ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріліп келе жатқандығын  және бүгінде көпұлтты Қазақстанда Наурыз мейрамының барлық халықтарға бірдей қымбат екенін атап өтті.
Шара барысында филиал қызметкерлері мен курс тыңдаушылары  дайындаған мерекелік концерт қойылып, көрермендерге керемет әсер сыйлады. Әсіресе, «Беташар» рәсімінің  театрландырылған қойылымы, «Салтанат» би ансамблінің және талантты жастардың ұлттық нақыштағы өнері  көрермендердің ерекше қызығушылық оятты.
Мерекелік іс-шараның соңына қарай қонақтарға дәстүрлі Наурыз-көже үлестіріліп, басқа да ұлттық тағамдар ұсынылды.

 

Айгүл НҰРАҚБАЕВА,
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы
«Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты»,
Қоғаммен байланыс және баспа қызметі
бөлімінің бас маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.