Home » Балабақша » Бізге – 10 жыл

Бізге – 10 жыл

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толғаннан кейін, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 2008 жылы іргетасы қаланып, 09.02.2009 жылы өз жұмысын бастаған, Алматы қаласы Жетісу ауданы Құлагер ықшам ауданында орналасқан МКҚК № 162 бөбекжай-балабақшасы бүгінде 10 жасқа толып отыр. Балабақша тұсауын ҚР Білім және ғылым вице–министрі Күләш Ноғатайқызы Шамшидинова кесіп, балабақша кілті меңгеруші Жанар Өмірбайқызы Рыскуловаға салтанатпен табыс етілген еді. Кешегі күн – тарих болып қалды, ертеңгі күнді ешкім білмейді. Ал бүгінгі күн – үлкен сыйлық !

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби.  Ал балабақшадағы тәрбие ата-анадан берілген тәрбиені жалғастырып жандандырады. Балабақша бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балаша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні мекемеде 162 бала тәрбиеленіп, 17 педагог, медбике, аспазшылар, және тәрбиеші көмекшілері де жұмыс атқаруда.  Соның ішінде балабақша меңгерушісі Жанар Өмірбайқызымен 10 жыл бірге Жанар Сериковна, Ардак Мураткановна, Казна Кулбаевна, Меруерт Мухаметқызы, Жанар Калибековна, Меруерт Жабайдильдиновна, Хурбуви Курванжановна, сияқты қызметкерлер үздіксіз жұмыс атқаруда.    Балабақша педаготарының басты мақсаты: Қозғалыс белсенділігі жетілген, өзара мәдени-әлеуметтік қатынасқа дайын, танымдық іс-әрекеттің дағдыларын меңгерген қабілетті тұлғаны тәрбиелеу. Балабақша ұжымы «Жүректен жүрекке мейірімділікті жеткіземіз» – деген ұранмен жоғары адамгершілікті сезіне отырып еңбек етеді. Сонымен қатар, аудан, қала көлемінде ұйымдастырылып отыратын байқаулардан қалыс қалған емес. Бірнеше рет алғыс хат, мадақтау грамоталарымен марапатталып келеді.

Балабақша меңгерушісі Рыскулова Жанар Өмірбайқызының бастамасымен балабақша педагогтары бүгінгі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы аясында және «Ағылшын тілі – компьютер, әлемдік ғылым, мәдениет тілі. Біз, қазақтар, әлемдік ғылым мен мәдениетке орыс тілі арқылы шықтық. Бірақ қазір ағылшын тілін меңгеріп, көкжиегімізді кеңейте түсуіміз қажет», – деп айқан сөзін ескере отырып ағылшын тілін үйренуді қолға алды. Кем дегенде үш тілді меңгеру – заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі болғандықтан балабақша педагогтары «V&A education services» білім беру орталығынан ағылшын тілінен дәріс алуда. Бақшадағы әр тәрбиешінің шығармашылық белсенділігі, жаңалыққа құмарлығы,  жаңашылдық пен ізденімпаздық – міне біздің мекеменің басты ұстанымы.

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан біздің мақсатымыз – болашақ дені сау, саналы ұрпақты тәрбиелеу. Балабақша бізге балада бар ең нәзік, бала жан дүниесін сезінуге, аялауға, бағалауға үйретеді. Балабақшаның әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен сүйіспеншіліктен тұрады. Балалардың күлкісі мен мейірімі арқасында біздің балабақша жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп, жасара түсуде.
Рыскулова Жанар Өмірбайқызы, 21 ақпан 1971 жылы дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1991 жылы Қаскелең педагогикалық училищесін «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. 2005 жылы Қазақ мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтын «Педагогика және психология» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады. 2017 жылдан бастап  Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білімін жалғастыруда. Педагогикалық еңбек өтілі – 27 жыл. Атқарып отырған лауазымы бойынша еңбек өтілі – 13 жыл. 2009 жылдан бері МКҚК № 162 бөбекжай-балабақшасында меңгеруші қызметін атқарады. Меңгеруші Рыскулова Ж.Ө. үнемі біліктілігін арттырып отырады. Рыскулова Ж.Ө. 2016 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды; 11.01.2016 жылы № 46911901 «Нұр Болашақ» мектепке дейінгі ұйымдар одағы ЗТБ Президенті Г.Мақсұтованың Құрмет грамотасымен марапатталды; 2016 жылы Жетісу ауданы «Ұстаз»  кәсіподақ ұйымының мадақтамасына; 2016 жылы «Нұр Отан» партиясының Жетісу аудандық филиалының Алғыс қағазына; 15.05.2017 жылы Білім беру саласының үздігі» құрмет медаліне ие болды.

Рыскулова Ж.Ө. басшылық еңбек жолында үлкен жауапкершілікпен, шығармашылықпен жұмыс жасайды. Балабақшадағы ұйымдастырылатын оқу-әдістемелік жұмыстарда тек бағыттаушы емес – қатысушы да. Басқарып отырған жас мамандардан құрылған педагогикалық ұжымға талап қоя отырып, жетекшілік жасайды, өз еңбек тәжірибесін ұсынады. Меңгеруші Рыскулова Ж.Ө. аудандық, қалалық қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады. Жетісу ауданы бойынша МКҚК № 162 бөбекжай-балабақшасында сайлау учаскесі орналасқан. 2016 жылы ҚР Президентін сайлауы және 2018 жылы Алматы қаласының Маслихат депутаттарын сайлауда Рыскулова Ж.Ө. учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы болып, белсенді жұмыс атқарды.

Меңгерушінің негізгі ұстанатын бағыты – балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың дұрыс жолға қойылуы болып табылады. Әр қызметкер мен ата-аналардың ескертулері мен ұсыныстарына аса жауапкершілікпен қарайды. Мінезі ашық, жанашыр, тәлімгер басшы ұжымда беделді.

Ақбота Бауыржанқызы,
Алматы қаласы,Жетісу ауданы.
МКҚК № 162 бөбекжай-балабақша әдіскері.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.