Home » Эссе » Биыл — Астанаға 20 жыл!

Биыл — Астанаға 20 жыл!

2018 жылы 6-шы шілде де Қазақстан Республикасының алтын шаһары – Астана қаласы 20 жылдық мерейтойын атап өтпек. Бұл үлкен жиынға бүкіл қазақ жұрты дайындалып, асқақтатып тойлатпақ.Әрине, ол түсінікті жағдай, себебі Астана күні түгел Республика күнтүзбесінің қызыл күніне айналған. Шынымен де уақыт зулап өтуде, арада 20 жыл өткенімен Астана қаласы лашықтан, тұғыры биік мегаполиске айналды. Қаланы жоғары деңгейге көтеру оңай болмағанымен елбасы жоспарынан бір сәтке бас тартқан емес.Өйткены елбасының көзінде қала тұғыры және ұлт болашағы болды. Дәл осы сәттерге тарихи шолу жасайық. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Ал 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана — Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны 1 миллионнан асады. Қала үш ауданнан — «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады. Астана Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса — жайылма жер бедері түрінде келеді. Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды — қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң.

Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды. Ендігі кезекте Елорданың экономикалық және әлеуметтік жағдайы. Жалпы Астананың экономикалық тірегі – сауда, өнеркәсіп, көлік, байланыс және құрылыс салалары. Қазіргі уақытта Астана инвестициялар мен үлкен компаниялардың ошағына айналған. Оның себебі еліміздің басқа шетелдік елдермен нық қарым қатынас орнатуында. Мына сөзге дәлел қалада 128 мыңнан астам шығын, әрі орта кәсіпкерлік нысандардың жұмыс атқаруы Ал құрылыс нысандары ол мүлде теңеуге келмейтін ұлттық архитекторлардың тамаша туындылары. «Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды.

Мейманбек Бейбарыс
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№173 мектеп-лицей
11 «B” сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.