Home » Балабақша » Балабақша оның сүйікті үйі!

Балабақша оның сүйікті үйі!

 

Адам қабілетінің ең қиыны және
сирек кездесетіні – басқару қабілеті.
Соммери Эзоп

 

Айнұр Бимаханқызы – ерекше шешім таба білетін көрегенділігімен, мәдениеттілігімен, кәсіби біліктілігімен, тіпті келбетімен де өзіне тартатын, шығармашыл білім беретін мекеменің заманауи басшысы.

Байсалдылық пен өзіне деген сенімділік басшыны тартымды етеді, айналасындағы адамдардың қалыпты еңбек етуіне жағдай жасайды. Біздің басшымыздың ұстанымы: «Қандай жағдай болмасын, істің жалғыз дұрыс шешімін табуға жұмсаған еңбегіңді ешкім білмегені абзал. Себебі, проблеманы шешу барысында өз ой-өрісіңді дамытасың, шыдамдылыққа үйренесің».

Заманауи басшы – бұл, ең алдымен, басқару психологиясын меңгерген өз ісінің маманы болу қажет. Әрбір ұжымда даулы жағдайлар тууы мүмкін. Мұндай кезде басшымыз ата-анаға да, қызметкерлерге де тиімді, қызықты әрі бірегей шешім таба біледі. Балабақша-  сүйікті үйіне айналды. Басшының ең басты жетістігі деп педагогикалық ұжымның жоғарғы кәсіби біліктілігін атауға болады.

Менің ойымша Айнұр Бимаханқызы — өз әріптестерін жетістіктерге, инновацияларға жетелейтін, балалардың дүниетанымын арттыратын, ата-аналарды ортақ шығармашылыққа шақыратын, қазіргі өмірдің қойған талаптарын ескере отырып, өзіндік педагог моделін құрған басшылардың бірі.

Халқымызда «Көп жас жасағаннан емес, көп игілікті ісі бардан сұра» – демекші, ұжымды жетістікке жеткізуге дем беретін басшының ықпалы мен бала тәрбиесіне үлкен мән беретін жаңа жобалар дүниеге келіп, педагогтардың қызу қолдауына ие болуы. Осыған дәлел ретінде, біздің балабақшаның педагогтары- республикалық «Қыз қызығы» тақырыбында өткізілген байқауда II және III орындарды иеленді. Облыстық «Үздік бейне сабақ» сырттай байқауына қатысып жүлделі орынға ие болған Гулзада Аширбайқызы, қалалық «Ең үздік жас меңгеруші», «Жыл әдіскері»,«Үздік балабақша қызметкері» тақырыбында өткізілген сайыстарға қатысып жүлделі орындарды қанжығасына байлады.

Міне, бұл біздің балабақшамыздың жеткен жетістігі. Осы орайда, «Өзің үшін емес, біреу үшін емес, бәрімен бірге және барлығы үшін өмір сүру керек» деген басшымыздың қағидасын негізге алып, қорытындылағанды жөн көрдім.

 

Нұртаева Айгерім Еркінқызы,

Түркістан облысы, Кентау қаласы

«Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасының әдіскері

 

5 комментариев

  1. Айнұр Бимаханқызы

    1 Өз ісінің маманы
    2 Үлкенмен де кішіменде тіл табыса біледі
    3 Адамның жан дүниесіне кіріп кететіп, ауырып тұрған жерін емдеп шығатын адам.
    Айнұр Бимахановна мен сізді құрметтеймін Алла екі дүниенің рахатын көрсетсін!
    Жұлдыз Темірқызы

  2. Алтынай Илтясовна

    Айнұр жаратылысы ерекше қыз. Өз ісінің маманы. Үнемі ізденіс үстінде жүреді. Айнұр тек алға.

  3. Сəрсенбай Дулатбайұлы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, аға оқытушы

    Айнұрды білікті , білімді, əдістемелік тəжірибесі мол маман ретінде білемін.Ол үнемі жаңаша əдістер мен жұмысына керекті əдістемелік мəліметтерді жинақтап,дер кезінде енгізіп отыруды мақсат ете білген ізденімпаз маман.Оның алға қойған кез-келген мақсатына өзінің шеберлігімен, еңбекқорлығымен жете алады деп сенемін.

  4. Айнұрды жақсы, білікті маман ретінде білемін.Ол өз жұмысын шебер білетін, ізденімпаз, еңбекқор басшы.Айнұрдың зор табысқа жететініне сенімім мол. Сариева Зауре, Тараз қаласы, инженер- жобалаушы

  5. Альмира

    Мен Айнұр апайды қамқор, жанашыр тəрбиеші ретінде құрметтеймін. Айнұр апай кез-келген істе өзінің шеберлігімен, еңбекқорлығымен, адалдығымен көзге түседi.Менiн мейiрiмдi, суйiктi тарбиешiм!!!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.