Home » Білім және денсаулық » АУТИЗМ ДЕРТІМЕН КҮРЕСУШІЛЕРДІ ҚОЛДАЙЫҚ!

АУТИЗМ ДЕРТІМЕН КҮРЕСУШІЛЕРДІ ҚОЛДАЙЫҚ!

2-сәуір – Бүкіләлемдік аутизм мәселесін ақпараттандыру күні.

Аутизм жайлы ақпарат тарату акциясы қарсаңында Павлодар аудандық педагогтық-психологикалық түзету кабинетінде «Аутизм спектр «Аутизм спектрімен ауратын білім алушыларға педагогикалық-психологиялық  қолдау көрсету»  атты әдістемелік кеңес өткізілді.
Осы тақырып шеңберінде Павлодар қаласының «Отбасы және балалық шақ» психологиялық орталығының жетекшісі Дронова Ирина Николаевна, тәжірибелі  психолог және «ерекше» баланын анасы — Лупикова Елена Владимировна шақырылды.

«Отбасы және балалық шақ» психологиялық  орталығының жетекшісі — Ирина Николаевна аутизм дегеніміз не, даму себептері, белгілері, көріністері балалар аутизмі және басқа да  орталықталықтағы балалармен өткізілетін жұмыс түрлері мен әдістеріне тоқталды.  Психолог Елена Владимировна аталмыш дертке ұшыраған баланың анасы ретінде сырқаттың түрлі кезеңдерінде жасалған ем-шаралары мен қиындықтары туралы әңгімеледі. Педагогтар мен мамандар өздерін көптеген  қызықтырып келген сауалдарын қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Әдістемелік кеңес  соңында қатысушылармен сауалнама жүргізіліп, отырыстың қорытындысы жасалды.

Айгүл МОЛДАШ,
Павлодар,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.