Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ескене ауылы Талдыбұлақ
ЖОББ мектебінің мектеп психологы Дуанбекова Сайлаукүл Иманқұлқызы
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, ватман, маркерлер және т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
Тренинг барысы: Психологтың кіріспе сөзі.
Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар.
Отбасы-Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы-адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке-шешесінің қасында өтеді. Ал, сіздер ата-аналар, өміріңізде үш рет мектепке баратындарыңызды естен шығармаңыздар. Бірінші рет-өзіңіз, екінші рет-балаңыз, үшініші рет немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі отырысымызға қатысып отырған ата-аналараға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп, мектепке келе беріңіздер демекпін. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген ниетпен тренингімізді бастаймыз.
«Танысу» жаттығуы: ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиетін кезекпен айтып шығады.
Талқылау: қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
- Топқа бөлу: ата-аналар сол тұрған күйлерінде жемістерді таңдайды. Жемістер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
- Ой жинақтау: үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар өз ойларын ортаға салады.
І топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
ІІ топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
ІІІ топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек?
- Ситуациялық сұрақтар:
Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
- Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
- Баламен сөйлесе білу де өнер, 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрнеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады…деген сияқты таусылмайтын сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?
- Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
- Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
- Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
Сұрақ-жауап: «Мадақтау мен жазалау»
Мақсаты: Ата-ананың балаға көңіл бөлуін байқау.
Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөдерді жазыңыз. Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасалу ұсынылады.
«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы
Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:
- Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тасырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
- Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңызбен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
- Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт аз беріледі.
- Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауаға болмайды.
Осыдан кейін ата-аналараға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.
Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, психолог олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:
Үй — адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата—ана өзін өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.
Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл адам қарым-қатынасқа ашық адам.
Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жайт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.
Жол — адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.
Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
Жылан — «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретіндігіңіздің айғағы.
Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айырық тілі аузынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.
Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.
Бокал — адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.
Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның шімдікке немқұрайлы болғаны.
Шалбар мен орамал — ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді. Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамдарды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.
«Эмоция» ойыны: (шармен)
Үш топқа шар беріп, үрлеуін сұраймын. Бірінші топ шарды үрлеп, аузын байлап жарады. Екінші топ шарды үрлеп, желін жаймен шығарады. Үшінші топқа үрілген шар берілп, соны жаруды ұсынады. Қай шардың жарылуы ұнады.
Талдау: Біздің эмоцияларымызда осы шар сияқты ашу ызаңды толық шығарып жіберсеңіз, балаларыңзбен қарым-қатынасыңызға зияны тиеді. Балаларыңызбен қарым-қатынаста сабырлық қажет.
Қорытынды: Данышпан Абай Былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі ата-анадан, екіншісі-ұстаздан, үшіншісі-құрбысынан». Сондықтан қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. «Балапан ұядан не не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Баптау жетілдіреді», «Әкеден-ақыл, анадан-мейір», «Баланың бас ұстазы-ата анасы». Бала-әр отбасының бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.
Жүректен жүрекке
Түрлі түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Қызыл — адамгершілік. Сары — адалдық. Көк — сүйіспеншілік. Жасыл -әдептілік. Ақ — қайырымдылық. Осы қасиеттер бойларыңызға дари берсін.