Home » Айтарым бар » Анаға ақталу

Анаға ақталу

Қырық алты жасқа толып асыл Анасы,
Қуанып ед ер жетті деп баласы.
Тосын кенет ажал келіп жалмады,
Табылмады-ау кеселіне дауасы.

Түгелдеп ап әулеттің төрт көзін,
Қыршын жаста бәріне сен «Қош»дедің.
Ұрпағыңнан бар алғаның сондағы,
Ұлы денең оранатын ақ кебін.

Еңшіңе алған екі метр жер ғана,
Құлыптасқа жазып қойған сөз ғана.
Одан басқа алып кеткен түгің жоқ.
Ошағыңнан от үзбеген жан ана

Соны ойласам,сорлы көзден жас шығып,
Жанарымды жауып алам тас қылып.
Баласына өшпес таңба секілді,
Қатал тағдыр жасап кеткен қаттылық.

«Балапаным-бақытым»деп жүруші едің
Бақыттысың, жан Анашым,бүгін сен.
Ұлыңның сен ұлағатың көрер ең,
Уақытша болса дағы тірілсең.

Таптың,бақтың кете бердің ортадан,
Қарызыңды қалай енді қайтарам?!
Жан Анашым жайың болсың жәннәттән,
Дұға жасап тұрам әр кез арқаңнан!

Сейдалиева Несіпкүл Аманкелдіқызына
Ұлың: Қуаныштан

Анаға сағыныш

Асыл анам, аяулы анам Жан Анам!
Іштей жылап әр күн сені еске алам.
Маған ғана арнап едің өмріңді,
Риза болшы ақ сүтіңе Жан Анам!

Кім сағынар сендей енді келгенімше,
Аман-есен көзімен көргенінше.
Тағы біраз жанымда болғаныныңда,
Еш арманым болмас еді өлгенімше.

 

Ұлың: Қуаныштан

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.