Home » Жаңалықтар » «Айгөлек» бөбекжайы алған 1-ші орын

«Айгөлек» бөбекжайы алған 1-ші орын

      2018 жылдың  мамыр айында № 7 «Айгөлек» бөбекжайының ұйымдастырумен Даму Стратегиясы аясында «Парасат» кәсіби қауымдастығы   жоспарына сай «Салауатты ұлт – Қазақстан болашағы»   атты тақырыпта іс-шара өткізілді. Оған қауымдастыққа мүше  6 команда   №5 «Тамаша» бөбекжайының «Қыран» тобы,   №7 «Айгөлек» бөбекжайының «Байтерек» тобы, № 12 «Салтанат» бөбекжайының  «Жалын» тобы, № 13 «Ертөстік» бөбекжайының «Ертөстік»  тобы,  № 14 «Балдырған»  бөбекжайының  «Балдырған» тобы, № 15 «Гүлдер» бөбекжайының « Алау» тобы қатысты.
Педагогтарға спорттық қимыл жасай отырып,  қуаныш силау жақсы  көңіл күй туғызу, салауатты өмір салтын қалыптастырып,  денсаулықтарын нығайту.  Бір-біріне көмек көрсетуге, оқуға, үйренуге деген белсенділіктерін арттыруға қалыптастыру.
Мереке ұлттық бимен ашылды. Құттықтау сөз бөбекжай директоры Кульбаева Бибігүл Төлегенқызына беріліді. Алты кезеңнен тұратын спорттық сайысқа қатысушыларға, ол кісі  сәттіліктер тіледі.
«Жарқыраған күніміз», «Қаптағы мысық», «Менің добым –көңілді әрі жылдам», «Допты сақинаға түсіру», «Көңілді секіргіш», «Арқан тарту» сияқты кезеңдерде командалар асқан ептіліктері мен шеберліктерін көрсетті. Команда капитандарына қойылған логикалық сұрақтар да өз ара тартысты болды.       «Айгөлек» бөбекжайының ұжымымен ұйымдастырылып қойылған әуезді әннен шашу шашылып,  топпен билеген бишілер тәнті етті.
Спорттық сайыстың нәтижесін әділқазы мұшелері қорытындылап, жүлделі орындар мен номинациялар тағайындады. Жүлделі Гран-При мен 1-ші орынды «Айгөлек» бөбекжайы иемденсе, 2-ші орын «Тамаша» бөбекжайына бұйырды. Ал 3-ші орынды «Гүлдер» бөбекжайы иеленді.  «Белсенді топ», «Жігерлі топ», «Ұйымшыл топ» деген номинацияларды өзгелері бөлісті.
Спорттық шара өте қызықты, көңілді өтіп, жанкүйерлер мен қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады деп айтуға болады.

 Гүлсім АЙТБАЕВА, Назгүл МҰРАТОВА,
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
№7 «Айгөйлек» бөбекжайы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.