Home » Айтарым бар » Адыраспанның химиялық құрамы

Адыраспанның химиялық құрамы

Адамзаттың тіршілік ету барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен қатар дәрілік өсімдіктерді  зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор.

Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Насыр-Әл Фараби, Әбу-Әли Ибн-Сина, Беруни қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі – дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапия деп аталады. Үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін ем – домды дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы « Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады» деп медицинасы ілгері дамыған Қытай елінің дәрігері Шин Нон айтқан. Шындығында өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара бермейміз. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. Жергілікті жердің өсімдіктеріне мән берсек… Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің 60% өседі. Оларға мынандай өсімдіктер жатады: жолжелкен, қалақай, жусан, жалбыз тікен, сексеуіл, мия, итбүлдірген, адыраспан. Соның ішінде адыраспан өсімдігіне жеке тоқталсам.

Адыраспан – түйетабандар тұқымдастарына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Сабағы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30 – 80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз – күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл – шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі өседі. Ол кәдімгі адыраспан.

Өсімдікке сипаттама. Сабағы бұтақшалы. Тамыры діңгекті 2-3 м-ге дейін жетеді. Сабағының ұзындығы 30-80см, жалаңаш жасыл түсті. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген, етті өсімдік.

Гүлі ақ және сары түсті, ірі жалғыз немесе үш гүлі сабаққа гүл табаны арқылы бекітілген. Тостағаншасы – бес, күлтесі бес бөлімді сары түсті, ұзындығы 1,5-2 см, аталығы 15. Мамыр, шілде айларында гүлдейді, шілде, тамыз айларында  піседі. Қатты хош иісі бар.топтанып өседі. Жеке ірі бұтақтарында 150-ге дейін сабақтары болады. Өсімдіктің жер бетінде өсіп өнуі наурыз айының аяғы мен сәуір айында болады. Бүршіктенуі сәуір айында басталады, мүшелердің шығуы тамыз айында басталып, күзде үсік болғанда аяқталады.

Өсімдікті дайындау. Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің өзі, тұқымы және тамыры пайдаланылады. Өсімдіктң шөбін гүлдеген кезде дайындайды, тамырдан жоғары жерінен кесіп алынады. Кептірер кезде темір шатыр астына көлеңкегежәне ауа өтіп тұратын жерге кептіріледі. Сақтау мерзімі 2 жыл.

Қауашағы ашыла бастағанда тұқымын тереді. Төбесі жабық ауа өтіп тұратындай жерде немесе күн астында кептіреді. Астына мата төсеп, сосын тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратады.

Өсімдіктің химиялық құрамы. Адыраспанның тұқымында 3,5-6% алкалойд, 60% гармалин, 30% гармин және аз мөлшерде гармалол, пеганин мен дезоксивазицинон. Шөбінің құрамында 1,5-3% алкалойд, 60% пеганин және вазицинон бар. Және де аз мөлшерде пеганидин, пегамин, дезоксипеганидин, пеганол табылды. Көп мөлшерде алкалойдты заттар бар, хиназалин мен индол. Тамырында 1,7-3,3%,  сабағында 0,23-3,57%, жапырағында 1,07-4,96%, гүлінде 2,82%, жемісінде 1,08%, тұқымында 2,83-4,59%. Жас өсімдіктің тамырында алкалойд 2 есе көп болады.

Өсімдік өскен сайын жер асты бөліміндегі алкалойдты заттың мөлшері азаяды. Алкалойд затты таза күйінде алу үшін бұл жағдайды ескеру керек. Тұқымында бояғыш зат және 14,25% майлы май болады.

Сақталу жолы: шикізатты салмағы 20кг-нан аспайтын қапқа салады. Сақтау мерзімі 2 жыл.

Өсімдіктің фармакологиялық құрамы. Адыраспан дәрісі қабыну ауруын басатын, зәр айдайтын, тер шығаратын, ішек құрттарын өлтіру үшін, орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін қолданылады. Гармин және пеганин алкалойдын паркинсонизм, сал, қояншық ауруларын емдеу үшін қолданады. Гармин мен пеганиннің әсері қан қысымын көтереді, тыныс алуды жиілетеді, асқазанның, жүректің жұмысын баяулатады. Гармин препаратын көп мөлшерде қабылдаса безгек ауруына шалдығады. Пеганин гарминге қарағанда күштірек.

Дәрілік құрамы. Пеганин гидрохлорид, дезоксинпегонина гидрохлорид. Өсімдіктің медицинада қолданылуы. Тұнба ретінде ішкі мүшелерге суық тигенде, малярия, лихорадка, мерез ауруларына пайдаланады, ал шөптің ваннасы буын ауруына және қышыма мен тері ауруларына қолданылады. Шөптің тұнбасымен ірі қара малдардың қотырын мал дәрігерлері емдеген. Әсіресе ботаның қотырын. Шөптің қайнатпасын невростении және қояншық ауруларынаи қарсы ішкізеді. Ал қызыл иек ауырғанда шөптің қайнатпасымен ауызды шаяды. Ауғаныстанда адыраспан итүтінімен сал ауруларын емдейді, ал жапырағынан ісікке таңатын булама жасайды. Тұқымның қайнатпасымен демікпені емдейді. Үндістанда жақында ғана адыраспанды ішек құртқа қарсы инсекцидтік құрал ретінде қолданады. Кавказда адыраспанның жаңадан жасалған шырынын іш ауруының алғашқы стадиясын емдеу үшін береді. Көз нашар көрсе адыраспанды балмен, шараппен, фенхель шырынымен және тауық өтімен араластырып ем ретінде қолданған. Буындарға суық тигенде ауырған жерге жағады. Бұл өсімдікті 1928 жылдан бері дәрі – дәрмекке пайдаланып келеді. Мұны жүйке және сал ауруына қарсы қолданады. Адыраспаннан жасалған гормалин алкалойды әсері жағынан банистерин алкалойдынан асып түседі. Ол энцефалиттің шығуы салдарынан болған ауруды және жүйке жүйесінің бірқатар басқа да ауруларын емдегенде жақсы нәтиже береді.бұл гармалин алкалойдын қолданғанда қан қысымын жоғарылатады, тыныс алуын жиілетеді, жүректің, ішектің, жатырдың бұлшықетін демалдырады.

Шөптің тұнбасы: 1 стакан қайнатылған суға 1 үлкен қасық адыраспан шөбін салып 30 мин қойып қою, дәкемен сүзіп алу. Бір қасық дайындалған ерітіндіні күніне 2-3 рет суық тигенде және малярия ауруына қолданылады.

Тұқымынан « Дезоксипеганин  гидрохлорид » деген препарат алынады. Бұл препарат  мононеврит, неврит, полиневрит және миазтенид ауруларын емдеу үшін қолданылады.

Қарсы көрсеткіштері:Адыраспан өсімдігі улы. Өсімдіктің таралатын жері. Шөл, шөлейт, жайылымды жерде, тасты аймақта, құмды өзен мен көл жағасында, жақын ауыл аймақтарда, жол жағасында, үй маңында өседі. Ресейдің Еуропалық бөлімінің оңтүстік аймағында, Батыс Сібірде, Кавказда, Орта Азияда, Украинада, Оңтүстік Қазақстанда соның ішінде Жамбыл облысының Т.Рұсқұлов ауданында жиі кездеседі.

Халықтық емдеу жолдары.Адыраспанды жазда немесе күзде жинап жаңа күйінде немесе турап кептіріп дайындайды. Тұқымын піскенде жинап алады. Қасиетті уы бар. Өкпені тазалап, жөтелді басады, уытты қайтарады.

Басты ем болатын түрі және әзірлеу тәсілі.

1.Сабағы мен жапырағын қайнатып өлшем бойынша ішсе талма, сал ауруы, ұмытшақтық, суықтан ми қабыну, тарамыс ауруына ем болады.

2.Құстыруға сабағымен жапырағынан 30 грамм шаншып, 120 мг суға қайнатып шырынын сүзіп алып 90 грамм бал, 60 грамм күнжіт майымен араластырып ішкізсе дереу құстырады.

3.Бастың созылмалы ауруына талмаға, 50 грамм шөбін 0,5 литр қызыл араққа қайнатып күніне 30 граммнан бір ай ішсе жақсы нәтиже береді.

4.Ревматизм ауруларына, күніне 4-6 грамм 15 күн ішсе ауруды басады. Оған зығыр тұқымын қосып жалғастырып ішсе демікпені басады.

5.Тіс ауруына, адыраспанның шөбімен ыстаса, тістің қақсап ауырғаны басылады.

6.Буынның қабынуына жас сабағын жапырағымен лайықты мөлшерде шаншып, буынға тартады.

Емдік қасиеті. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алды. Ол улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал дәрігерлік тәжірибиеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалойд бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған  тұнбаны адыраспан шаруышылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан улы өсімдік, дәмі де ащы, мал жемейді. Жаз күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды. Тұмау тиіп ауырғанда отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ – қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш рет булайды.

Мурахмет Жанеля
№ 119 Маятас жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.