Home » Білім және заң » АДАМ – ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті

АДАМ – ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті

Қазақстан Республикасы Президентінің бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамының 12 қадамында жаңа этикалық ережелерді енгізу белгіленген.

Әдептілік — адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіреді.

Бабаларымыз адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады деген.

Осыған орай, Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілер – адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс.

Сонымен бірге, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуі қажет.

Алайда, кейбір мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп Кодексінің талаптарын сақтауға құлықсыздық танытып отырғанын көруге болады.

Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.

Сонымен бірге, Әдеп кодексі Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізуімен де ерекшеленіп отыр.

Қазіргі таңда, облысымыздағы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының  Әдеп жөніндегі уәкілі қызметіне Иса Есенәлі Жарылқасынұлы тағайындалып, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды, олардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдауды және басқа да функцияларды жүзеге асыру бағытында қызметін бастады.

Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.

Қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртіптік шара қолдануға алып келеді.

Мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын мінсіз сақтау қызметтегі бағалауда және ілгерілеуде оң әсерін тигізеді.

Осыған негізделе Агенттік бастамасымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының жадынамасы бекітілді.

Бұған қоса, Агенттікпен мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс деген негізбен, мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдарын бекітіп, қызметшілер назарына ұсынылды.

Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, мақсаты – жазалау емес, Әдеп ережелерін бұзушылықтың алдын алу. Жалпыға жария ету кінәлі тұлғаны қаралау емес, ол жіберген қателікті өзгелер қайталамаса екен деген оймен шығатынын айтқым келеді.

 

Нұргүл Жанназарова

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 

қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау  облысы 

бойынша  департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.