Home » Tag Archives: НИШ

Tag Archives: НИШ

«Сәтті қадам» жаңа мұғалімдерге жол ашады

Баланың сапалы білім алуы білікті ұстазға тікелей байланысты. Сол үшін де қазір мектеп мұғалімдеріне қойылатын талап өте жоғары. Отандық білім саласының темірқазығына айналған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздарына бұл тарапта жауапкершілік ерекше артылады. Осыны ескерген Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу жылының басында жұмысқа жаңадан қабылданған, Зияткерлік мектептерде жұмыс істеу тәжірибесі жоқ мамандар арасында «Сәтті қадам» атты сайысы ...

Толығырақ »

Семейлік оқушылар жаһандық мәселелерге алаңдайды

Соңғы 2 жылдан бері Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «БҰҰ моделі» элективті курсы жұмыс жасайды. Міне, осы аталған курстың арқасында оқушыларымыз БҰҰ моделінің түрлі конференцияларына қатысуға дайындалады. Конференцияларға қатысу шәкірттеріміздің басқа мектеп оқушыларымен тығыз қарым-қатынас қана орнатып қоймай, сыни ойлау мен пікірталастарда өз көзқарастарын еркін жеткізе білуге тәрбиелейді. БҰҰ моделі – ғаламдық мәселелерді шешуге ден қойған әлемнің әр ...

Толығырақ »

НЗМ: Әріптесіміз «100 жаңа есім» қатарында

Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Анар Баймұрзаева ұстаздар арасында «100 жаңа есім» қатарына енді. Дәлірек айтқанда, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушылары арасында өткен «Жылдың үздік ұстазы» атты республикалық байқауына қатысып, 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, оның есімі ...

Толығырақ »

«Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің» тәжірибесі мектептерде

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Н.Ә. Назарбаев        Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының мектеп басшысы Қалдықыз Айтжанқызы Мусаева Назарбаев Зияткерлік Мектебінің тәжірибесі «100 кітап, 100 ән» жобасын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 ән, 25 кітап» жобасы деп мектеп тәжірибесіне енгізу қажеттігін айтты. Жобаның мақсаты – оқушыларға қазақ әдебиетінің алтын ...

Толығырақ »

Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Бағдан Қайыржанов: Тәжірибе тарату – оңай шаруа емес

       Дана халқымыз «ғылым – теңіз», білім – қайық» деп текке айтпаса керек. Әркім өз ұрпағының білімді болғанын қалайды. Білімпаз оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытып, білімділігін жетілдіру мақсатында республикамыздың аймақтарында ұлт көшбасшысының тікелей тапсырмасымен ашылған физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектептері әлемдік тәжірибені қолданып отырған еліміздегі алдыңғы шептегі білім ордасы болып саналады. Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінен білім алғандар біздің елді былай қойғанда, ...

Толығырақ »

Оқушылар ардагерлермен кездесті

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 28 жыл. Тарих қойнауына еніп, санадан көмескіленіп бара жатса да, 10 жылға созылған соғыстың лайықты бағасы әзірге толыққанды берілген жоқ. Десе де, әскери ант қабылдап, Отан алдындағы борышын туған елінен жырақта өтеген интернационалист – жауынгерлер өскелең ұрпақ үшін үлгілі жандар. Еліміздің ертеңі жастарымызды отаншыл, патриот ретінде тәрбиелеуде сүбелі үлес қосып жүрген ауған ардагерлері Отанды ...

Толығырақ »

Ақтаулық оқушы Президенттік олимпиаданың жеңімпазы

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Жәңгір Махмутов 7-10 қараша аралығында өткен Х Президенттік олимпиададан алтын медаль иеленді. Сайыста республикадан келген ең үздік 160 оқушы жаратылыстану-математика бағыты бойынша өз бақтарын сынады. Олимпиада үш кезеңде өтті – бірінші кезеңге Зияткерлік мектептерден 500-ден астам оқушы қатысты. Екінші кезең республиканың барлық өңірлерінде бір мезгілде онлайн режимінде өткізілді. Сондай-ақ, бұл кезеңде эссе жазды. ...

Толығырақ »

Зияткерлік мектептерге Израильдік стартап технологиялар енгізіледі

Стартап индустрияны қалыптастыруға және инновациялар экожүйесіне арналған «Моментум» халықаралық жобасы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қазан айынан бастап жұмыс жасайтын болады. Мұндай келісім Астанада Зияткерлік мектептер басшылығының Израильдік стартап саласындағы белгілі сарапшысы Елена Донецпен кездесуі барысында белгілі болды. «Бастапқы кәсіпкерлік машықтар жөніндегі оқыту курсы арнайы қазақстандық оқушыларға бейімделіп әзірленген, іскерлік ойлануға және бизнес инструменттерін иеленуге бағытталған. Курс аяқталғаннан кейін балалар венчурлік қор ...

Толығырақ »

Зияткерлік мектептерінің геологтары Францияны таңғалдырды

Зияткерлік мектептерінің геологтары Францияны таңғалдырды Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары Францияда өткен «IESO» (International Earth Science Olympiad) – Жер туралы ғылымдардың Халықаралық олимпиадасына қатысқан 10-сынып оқушысы Аружан Калымова мен 12-сынып оқушысы Мөлдір Шынғыспен кездесті. Олимпиаданың командалық кезеңінде ESP (Earth Science Project) – Жер туралы ғылымдар бойынша жоба қорғаған Аружан мен Мөлдір олимпиаданың күміс жүлдегері атанған болатын. ...

Толығырақ »

PYP семинары

Жаңа оқу жылының қарсаңында Астана қаласындағы Халықаралық мектеп тағы бір мәрте мұғалімдерінің оқытушылық әлеуетін арттыруға бағытталған шара ұйымдастырды. Мектеп ұжымы халықаралық бакалавриат сарапшысы, (DP) дипломдық және (PYP) бастауыш сыныптар мен мектепке дейінгі білім беру бағдарламалары бойынша сабақ беретін мұғалімдерді кәсіби дамытудың тренері, халықаралық авторизациялаушы және емтихан комиссияларының мүшесі, ресейлік Пермь қаласының тұрғыны Михаил Новосёловты екі күндік семинар өткізуге шақырды. Семинардың ...

Толығырақ »