Home » Tag Archives: Жансая Құрманғалиқызы

Tag Archives: Жансая Құрманғалиқызы

Елбасы мақаласына арналған брей-ринг

Жуырда Жамбыл облысы, Тараз  шаһарының №12 балабақшасында қалалық «Абай» кітапханасының ұжымымен бірлескен зияткерлік брей-ринг ойыны өтті. Брей-ринг Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласы «Ұлы даланың жеті қырына» арналған.    «Абай» атындағы кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.К.Дүнесова кітаптар арқылы «Ұлы даланың жеті қырын» таныстырды. Жүргізушілер М.Н.Орынтай, А.Н.Ошақбай брей-рингтің  бес түрлі сайысымен таныстырып, ойын тәртібінің қалай жүргізілетіндігін жеткізді. Яғни, ойын бес түрлі сайыстан тұрады, ...

Толығырақ »

 Тараз қаласының №44 орта мектебінде Амангелді батыр ұлықталды  

  Жамбыл облысы, Тараз қаласының Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде тарих пәні ұстаздары М.Ақбергенова, Д.Нұрбекова, Қ.Умиралиева, Д.Нүсіпбек және Г.Зорбаеваның мұрындық болуымен халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 145 жыл толуына орай «Ердің ері – Амангелді» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.    «Ер есімі – ел есінде» дегендей, Амангелді Үдербайұлы Имановтың 145 жыл ...

Толығырақ »

Ұлағатты ұстаз жолы

Байназарова Ләзат Ағланбекқызы – «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» МКҚК-нің меңгерушісі.  Дархан еліміздің табиғаты көркем өңірде, яғни Семей облысы, Абай ауданында 1964 жылдың 31 мамырында дүниеге келді. Жыр алыбы – Жамбыл жүрген киелі жердің Абай атындағы педучилещесін 1983 жылы тәмамдап, алғашқы жұмыс орнына орналасады.  2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.            Ұлағатты ...

Толығырақ »

«Күзгі қалпақтар» атты алтын күз байқауы

Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді, Жемістерін жинауға Шақырады біздерді – деп алтын күз туралы балабақша балалары өлең шумақтарын сахнада орындады.  Иә, балабақшадағы әрбір ертеңгілік мерекелері балаларды болшаққа тәрбиелеуге ынталандаратын кішігірім сахна екендігі аян.  Ал, Жамбыл облысы, Тараз қаласының мектепке дейінгі мекемелері бұл мерекеге әрдайым жан-жақты ат салысуда.  Солардың бірі Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты №11  балалар бақшасында өткен мерекесі ...

Толығырақ »

Балабақшадағы «Берекелі алтын күз» мерекесі

Шатыр тікті сары алтын, шартараптың бәрі алтын демекші, күзгі мереке байқауы барлық балабақшада әдеттегідей аталып өтіледі. Бұл мерекеге барлық балалар шынайы ықыласымен дайындалып, өз өнерлерін көрсетіп ата-наларын да мәз-мейрам тететіндігі тағы бар. Міне, Жамбыл облысы, Тараз қаласының мектепке дейінгі мекемелеріне қарасты №45 «Балбұлақ» балалар бөбекжай бақшасында да осындай әдемі мереке өтті. «Берекелі алтын күз» атты мерекелік іс-шара Тараз қаласындағы №45 ...

Толығырақ »

Жамбылдық ұстаздардың марапаты

 Қазанның 6-сы күні Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының  ұйымдастыруымен мұғалімдер мерекесіне орай Тараз қаласындағы «Баласағұн» мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті.  Іс-шараға Жамбыл облысының 10 ауданының білім бөлімдеріне  қарасты мекемелері мен Тараз қаласы білім бөлімінің 61 мектеп пен 45 балабақшаның өкілдері  қатысты. Жамбылдық білім саласы қызметкерлері аталмыш облыс әкімінің бірінші орынбасары Орынбеков Бекболат Серікбекұлының педагогтарға арналған құттықтау сөзін тыңдады. Ол:  – ...

Толығырақ »

Тараздық ұстаздарды марапаттау жиыны өтті

 Биылғы жылы қазанның 5-і күні Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен мұғалімдер мерекесіне орай жуырда ғана ашылған №3 мектеп-лицейінде салтанатты жиын өтті.  Іс-шараға аталған білім бөліміне қарасты 61 мектеп пен 45 балабақшаның, мектептен тыс мекемелердің қызметкерлері мен ардагер-ұстаздар қатысты. Жамбылдық білім саласы қызметкерлері бейнеэкран арқылы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы ...

Толығырақ »

Педагогтардың біліктілігін арттыруға себепкер болған

«Өзіңді  қарапайым  жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды» деп орыстың жазушысы А.П.Чехов айтқандай, адамның жақсы мінезі мен ниеті қай заманда болсын қоғам үшін маңызды екендігі аян. Өйткені, қарапайым әрі жылы лебізді адамдар әр ұжымда сый, құрметке лайық. Солардың бірі Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы №10 «Наурыз» балабақшасының әдіскері Ақылбекова Гүлмира Мәдибекқызы.      Кейіпкеріміз туралы қысқа әңгімемізді оқи отырыңыздар!   ...

Толығырақ »

Химия пәнінің өнегелі мұғалімі

Таулы аймақта орналасқан Жамбыл облысының Қордай ауданындағы елуге жуық білім ордаларының  жетістіктері үлкен. Ал, біз бүгінгі очеркімізде аталған ауданның №3 Абай Құнанбайұлы атындағы орта мектептің  ұлағатты ұстазы әрі оқу әдістемелік ісі жөніндегі директордың орынбасары Молдабаева Аида Әділбекқызының елге қосқан еңбегі мен шығармашылығы туралы сөз қозғаймыз. Айгүл Әділбекқызы 1970 жылы 28  сәуірде осы Қордай ауданы қазіргі Беріктас ауылында туған. Мектепті бітіргенде ...

Толығырақ »

Байзақ ауданының мектептерінде IT сыныптары ашылды

Жамбыл облысы, Байзақ ауданында да «төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы адами капитал» қарқынды дамып келеді. Мәселен, былтырғы жылы «Күнделік»  жобасына  21 мектеп енгізілсе,  2018 жылдың сәуір айынан бастап қалған 22 мектеп «Күнделік» жобасына тіркеліп, барлық 43 мектеп осы жобаға қосылды. Яғни аудан бойынша «Күнделік» жобасына 2473 педагог, 9689 оқушы, 6143 ата-аналар тіркелген. 2018 жылы 14 робототехника кабинеттерін сатып алуға 46 млн ...

Толығырақ »