Home » Білім және тарих » Ж. А. Тәшенов ел тұтастығын сақтаушы батыр тұлға

Ж. А. Тәшенов ел тұтастығын сақтаушы батыр тұлға

Астана қаласы №59 мектеп-лицейінің
тарих пәні мұғалімі Шнанов Ө.Р.

Жұмабек  Ахметұлы  Тәшенов     қазақ  жерінің      тұтастығын          сақтап қалуда  еткен  еңбегі  ұшан-теңіз.  Жастайынан  қазақтың елдік, ерлік қасиеттерін бойына сіңіріп өскен батыр тұлғаның  ел үшін арпалысуы осы қасиеттерінен екендігі анық. ХХ-ғасырдың басында алаш зиялылары қазақтың әрбір телімдей жерін  қорғап бақса, сол ғасырдың 50-60 жылдары Ж. Тәшеновтей батыр тұлға елдің іргесінің сөгілуіне жол бермеді. Алаш зиялыларының есімдерінің қатарында Ж.Тәшеновтың аты қатар аталуы да тиіс. Батыр тұлға республика басшылығында қызмет жасаған жылдары  елдің мәдени, экономикалық дамуымен қатар қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді.  Ел тұтастығын сақтаушы нар тұлғалы азамат еліміздің батыс, оңтүстік және солтүстік аудандарының өзгенің иелігінде кетуіне жол бермеді. Ол туралы Солтүстік Қазақстан Облысының зеинеткері, Рүстем Уәйісов өз мақаласында: « Республика басшыларының бәрі дерлік Тың өлкесін РСФСР-ға беруге де, орталыққа тура бағындыруға да қарсы болмады. Тек баяғы заманда Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Наурызбай сияқты батыр бабаларымыз қан төгіп, сыртқы жаулармен соғысып, аман сақтап қалған қазақ халқының атамекенін Ресейге беріп жіберуге қарсы болған жалғыз адам – Жұмабек Тәшенов» – деп көрсетеді. Шындығында да сол ерлік қасиет сонау замандардан бергі ата-бабаларымыздан қалған мұра болса керек.  Республика басышылығы құрамында жүрген Ж.Тәшенов Қазақстанның Солтүстік аудандарын соның ішінде бес  обылысты  Ресейге қосуға үзілді –кесілді қарсы болған. Н.Хрущевтің бюро мүшелері арасындағы  Қазақстанның солтүстігіндегі бес облысты Ресейге қосу туралы мәселені талқу кезінде  Ж. Тәшенов: “Я родом из Акмолинска. Двенадцать лет работал в Северо-Казахстанской области. Мои родители и их родители, да и все наши предки покоятся на этой земле. И вы теперь хотите эту землю передать России? Вдумайтесь, товарищи, какой казах с этим согласится?.. Я, например, категорически против постановки данного вопроса!..” – деп тойтарыс берген. Қазақстанның Солтүстік аудандарын аман алып қалудағы Ж. Тәшенов ерлігі туралы  академик Б. Ермұқанов «… 60-шы жылдардың бас кезінде КОКП генсек Никита Хрущев Қазақстанның бес облысы (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Павлодар) кірген Тың өлкесі деп аталатын құрылым арқылы өлкені тікелей орталыққа бағындырып, іс жүзінде қазақ жерін күштеп бөлшектеуге жанталаса ұмтылған кезде республиканың аумақтық тұтастығына айтарлықтай қатер төнген еді. Бағымызға қарай, осы сәтте Хрущевтің буынсыз жерге пышақ салған ұсынысына өжет басшы – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Ж. Тәшенев батыл қарсы шықты. Ақыры Одақ басшысының бұл даурықпа дәмегөйлік пиғылы жүзеге аспай қалды»-деп жазады.

1950-1956 жылдар аралығында  Орталықтың Оңтүстік Қазақстан Облысының  Бостандық, Мақтаарал аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы тұрған тұлғаның бірі ж. тәшенов. 1955 –1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы қызметін атқаратын Жұмабек Тәшенов өзі төрағалық етіп, осы мәселе бойынша арнаулы комиссия құрды. Комиссия шешімі бойынша: “Бостандық ауданының жері мал өсіруге ыңғайлы, құрылыс материалдарын өндіруге, су-энергетикалық қоры мол, қорғасын, көмір және машина жасау өндірістерінің жұмыскерлері демалатын санаторийлер ұйымдастыруға өте қолайлы. Сондықтан бұл ауданды Өзбекстанға беруді қолайсыз санаймыз” деген шешім шығарады.Комиссия шешімі 1955 жылдың 1 маусымында Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Л.Брежневке жіберіледі. Л.Брежнев басқарған ОК комиссияның қорытындысына қарсы келмеді. Қайта қолдау білдіріп, “Бостандық ауданы Өзбекстанға берілмесін” деген қаулы қабылдайды. Өкініштісі, Москва өз шешімдерін өзгертпеді. Алайда осы аймақтағы жерлердің көп бөлігі Ж. Тәшеновтің қарсылығы арқасында сақталып қалды.

Егер Ж.Тәшеновтей тұлғаның болмағынында  еліміз қазіргідей әлемде 9 орын емес 15-ші  орында болушы еді.  Атап айтқанда солтүстік бес облыстың ауданы   565 мың шаршы шақырым,  Маңғыстау облысы ауданы 165.6 мың шаршы шақырым,Оңтүстік қазақстан облысы 117 мың шаршы шақырым территориядан айырылып қалар едік.

Ж. Тәшеновтың  ел тұтастығын сақтаудағы ерен еңбегі қазақ тарихында мәңгі ұмытылмайды. Ел тұтастығын сақтауда қазақтың батырлары, Алаш қайраткерлері есімдерімен Ж. Тәшенов аты да қатар аталуы заңды құбылыс. Батыр тұлғаның ел үшін жасаған ұшан-теңіз еңбектерін зерттеп, зерделеу тұлғаның тарихтағы орнын анықтауға көмегін береді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*