Home » Жаңалықтар » СҚО: «Білім.Өрлеу.Жетістік» жаңа телевизиялық жоба

СҚО: «Білім.Өрлеу.Жетістік» жаңа телевизиялық жоба

Дамыған елдерде  теледидар білім берудің мықты және ажырамас құралы болып табылады. Аудиторияға үлкен әсер, қол жетімділігі мен жаппай хабар тарату сипатын ескере отырып, бұрыннан ТV оқыту құралы ретінде пайдаланылады.

Бүгінгі таңда білім беру теледидары нарықтың өзіндік құрылымы ретінде қаралады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» ақпараттық-имидждік қызметтің жаңа деңгейіне шықты.

2017 жылдың 10 сәуірінде эфирге СҚО ПҚ біліктілігін арттыру инс «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ  бірлескен    келісім бойынша бірегей телевизиялық жоба,  заманауи білім берудің өзекті мәселелеріне арналған «Білім.Өрлеу.Жетістік»  телебағдарламалар циклін трансляциялау әзірленді және іске асырылды.

Мақсаты: білім беру саласының өзекті мәселелеріне жаңа көзқарасты ашу, білім беру жүйесін реформалаудағы негізгі міндеттерді  жариялау, «Өрлеу» біліктілік арттыру жүйесінің қызметін имиджілеу.

Ұзақтығы: 2017 жыл барысында айына 2 рет.

Хронометраж: 10 минут.

Жанр: ақпараттық-білім беру.

Аудитория: барлық жас санаты.

Біздің телехабар топтамасы –   қазақстандық білім берудің бүгіні мен болашағы туралы  өзіндік интерактивті диалог.

Телехабар топтамасының бірегейлігі – облыс тұрғындарының көпшілігін қызықтыратын білім берудің ауқымды мәселелері мен әрбір эфирдің тақырыбы бойынша мәліметтердің толыққанды берілуінде.

Телевизиялық аудиториямен интерактивті байланыстың маңыздылығын ескере отырып,  телекөрермендер білім саласындағы толғандыратын кез-келген мәселе бойынша сұрақтарды филиал сайтына (http://www.ipksko.kz/index.php/obratnaya-svyaz/zadat-vopros) жібере алады. Ең өзекті деген сұрақ келесі хабарымыздың тақырыбы болады.

Әлеуметтік қоғамның сұрақтарына қарай мемлекеттік органдардың өкілдері мен қоғамдық бірлестіктердің  мамандарын, сонымен қатар ата-аналарды, оқушылар мен студенттерді, бір сөзбен айтсақ, білім беру мәселелері бойынша мүдделі  кез келген адамды студияға шақырылады.

Бірінші хабарымыз тұрғындардың көпшілігін толғантып отырған  биылғы оқу жылының  қорытынды аттестатциялауы мен  ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеудің) жаңа форматының  ерекшеліктеріне арналды.

Осындай жаңа телевизиялық жобалардың пайда болуы тұрғындардың білім мен интеллектуалды даму деңгейін арттыруда көмек береді.

 

Тайланова А.С.,

Mухамадиева  А.Д.,

қоғаммен байланыс және

баспа қызметі бөлімінің мамандары

One comment

  1. Can you want something startup new? Take a look at this link. Only there the choice of girls for every unique guy and completely free! They are responsible slaves, they will implement everything you say !
    http://gov.shortcm.li/kings#L55

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*