Home » Білім және тарих » «Ұлы Дала ұлағаттары»

«Ұлы Дала ұлағаттары»

SAMSUNG CSC

ПМПИ, Е.Бекмаханов атындағы
ғылыми кітапхана
ҒББ бастығы: Қ.Төлеубаева

Биыл еліміз Тәуелсізідігіміздің 25 жылдығын атап өткелі отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» атты жаңа туындысын тәмамдап, баспаға ұсынған. Сол туындыны «Егемен Қазақстан» газеті 2016 жылдың 21 қыркүйегінде жариялады. Бұл еңбек кітапханашылар үшін де, оқырмандар қауымы үшін де өте жақсы жаңалық және тәрбиелік мәні зор.

Президент бұл еңбегінде ел мен жердің тарихы және тағдыры, әлемнің, қоғамның дамуы, жас буынның алдында тұрған келелі міндеттер, басқа да көптеген, соның ішінде жаһандық та мәні бар мәселелер туралы өзінің пайымдаулары мен ой-толғамдарын күллі адамзаттық құндылықтармен сабақтастыра баяндалған.

«Ұлы дала ұлағаттары» еңбекте еліміздің 25 жылдық торқалы тойына арналған сый тарту. Бұл туындыда Н.Ә.Назарбаев: «Өз еліңе пайдалы болу, өз Отанының тағдыры үшін жауапты болу – әрбір отандық саясаткердің, әрбір қазақстандықтың борышы мен ар-ожданы» сөзімен басталған.

Осы еңбекте жиырма бес жылдық мүшелді мерзімде мемлекетіміз үшін қалыптасу тұғыры болып қана қойған жоқ, қазақ елі өзгелерге де үлгі болатындай биіктерден көріне бастады. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы жиырма бес жыл жаңылмай, сүрінбей келеді.

Елбасы осы тәуелсіздік қағидаттарын тал бойларына сіңіріп өскен өркен, жас ұрпақтар екенін атап өтті. Сонымен қатар ендігі болашақ сол жастардың қолында және мемлекеттің келешек тағдырын сеніп тапсыратына тоқталып өтті. «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» деп аталған Жолдау мемлекетттік идеяның түпқазығы – біздің жалпыұлттық аңсарлы арманнан бастау алатынын жан-жақты ашып көрсетуге бағытталды, «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам- Ұлт жоспарын» орындаудың практикалық кезеңі басталып, оны жүзеге асыру жолындағы жұмыстар қарқын алып, игі істер халықтық қағидаға айналып, қолдау табуда.

Н.Ә.Назарбаев халқымыздың қадірлі қасиеттері ұшан-теңіз екенін және қазақ-ойшыл халық, ақын халық екенін атап көрсетті. Халық ауыз әдебиетінің қайнарынан сусындаған ұлтымыздың ұлы тарихындағы ұлағатты белестер бұған нақты дәлел екенін айтып өтті. Ұлы Даламыз кейде ашық жатқан жыр кітабы сияқты болып та көрініп, жадыңды жаңғыртып, дұрыстап жақсылап оқи алсаң, жан дүниең жадырап, тарихтың тылсым сырын, туған елінің мәңгілік жырын қайыра естіп, байтақ әлемге құлашыңды кең жайғандай боласың. Осы нақыл сөздерден өз бойыңа жақсы қасиеттерді барынша дамытып, өзіндегі кемшіліктермен күресе білуге, оны жоюдың тиімділігін арттыра аласың.

Елбасы «Менің Қазақстаным» деген әрбір қазақстандықтың жан жүрегін баурайтын сөз деп деп түсенімін» дейді, осындай маңызды мәнісі бар қайсар сөзден ұлттық әнұран болып жүректің төрінен орын алады. «Менің Қазақстаным» – біздің тәуелсіздігіміз! Оны қорғау, нығайту, өркендету керектігін және Қазақстан – Ұлы Дала елі, Мәңгілік Ел екеніне тоқталып өтті.

Оқырман қауым, «Ұлы Дала ұлағаттары» Елбасының жаңа туындысын оқуға шақырамын.  Туынды жастарды патриоттық тәрбиеге, өз тарихымызды білуге және Ұлы Дала тағылымын жеткізген Н.Ә.Назарбаевтың сөзін қазақ елінің тарихына берілген бағасы деп ойлаймын. Қазақ халқының өткеніне құрмет көрсету арқылы еліміздің өсіп өркендеуіне үлес қосуға бар күш-жігерімізді жұмсай берейік дегім келеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*