Home » Эссе » Елбасы мақаласынан кейін туған ой-толғау

Елбасы мақаласынан кейін туған ой-толғау

Әр халықтың сан ғасырлық тарихы бар. Ал, қазақ халқының сан ғасырлық тарихы сонау тереңде жатқандығын ғалымдарымыз дәлелдеуде. Сондықтан да XXI ғасырға қай дәрежеде жеткенімізді әрбір өскелең ұрпақ білуі міндетті. Себебі әлемдегі әр түрлі халық өз мәдениетін, салт-дәстүрін жоғары бағалайды. Қазіргі таңдағы жеткен жетістіктеріміз ата-бабамыздың арқасы. Бұлай деу арқылы өзге халықтың тарихы мен мәдениетін төмен санау ойымызда жоқ. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың айтуы бойынша: «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз».

Қазақ халқын қай қырынан алса да бай халық. Осыған орай халқымыздың жеті қырын атап өту басты парызымыз.Тарихтың терең сахнасына үңіліп көрейік, халқымыз үшін киелі саналатын төрт түліктің бірі – жылқы. Ол қазақ үшін жоғары бағаланады. Өйткені, бұл түлік адамның жан серігі, айрылмас досы, атқа міну салтының да негізін қалаған біздің халық.

Ал, этнографиямыздың өзі қаншалықты жоғары екендігін ұлттық аспабымыз домбыра мен қобыз арқылы ақ білуге болады. Домбыра мен қобыз үнін естігенде тебіренбейтін жан жоқ шығар, сірә?!

Қазақ халқының тілі де өте бай. Мәселен, дарынды жазушы М.Әуезовтың өзі «Абай жолы» роман эпопеясында бір сөзді екінші рет қайталамай жазуы тіліміздің сөздік қорының молдығын дәлелдейді.

Әрбір ұлт өз әлемінің кереметтігін көрсетеді. Ал, мен үшін өз халқымыздың байлығын балалар мен ұжымыма паш етіп, мақтан тұту әдіскерлік міндеттің парызы деп білемін. Мемлекет басшысының 2018 жылдың 21 қараша күнгі шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» атты  мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» жалғасы болғандықтан тарихы терең қазақ халқының әлемдік этникалық топтардың ішінде рөлімізді айшықтап бергендей….

 

Р.Д.Айдосова,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№7 бөбекжай-бақшасының әдіскері.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*