Home » Оқу-әдістемелік материалдар » «Lesson Study» тәсілі  тиімділігі

«Lesson Study» тәсілі  тиімділігі

  Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study –ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді. Сабақтағы  іс-әрекеттегі зерттеу негізінде мұғалім тәжірибесіне тиімді әрекеттерді  таңдау арқылы өзгеріс енгізе отырып білім беруді  жетілдіру  арқылы білімді жетілдіруге бағытталған ерекше үлгісі таңдалған педагогикалық тәсіл болып табылады .

 Lesson Study-дің тарихына көз жүгіртсек, ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу»  яғни  Жапон тілімен Lesson Study тәсілін 70 жыл бұрын қолданыла бастаған екен. Мақсаты:  Тәжірибені жақсарту және  жетілдіру  екені сөзсіз. Зерттеу сабақтарын жүргізу барысында  әрбір ұстаз мынадай  сұрақтарға жауап іздейді екен:

  • Неліктен біз оқытуда тәжірибемізді жетілдіруге, зерделеуге тиіспіз?
  • Ол үшін біз не істей аламыз?
  • Оны қалай істейміз?

Жалпы мен өзіме «Өзгерістерді қалай енгіземін,неден бастаймын?» деген сұрақ қойдым.  Негізігінен зерттеу сабақтарын математикадан өткізу қиын болады деп есептейтін болатынмын. Себебі сабақтарымды   қаншама  жаңа әдіс тәсілдерді  қолдансам  да тізбектелген сабақтарға зерттеу жасап көрмеген едім.  Дегенмен  зерттеу сабақтар  өткізе отырып, барлығын жасауға болатынына  көзім жетті.

Іс-әрекетті зерттеу үшін, оның ішінде  белгілі бір сыныпты зерттеу нысаны ретінде  Lesson Study сабағын өткізу жоспарланды. Зерттеу нысаны ретінде 8 «а»  сыныбы алынып, жұмыстар жасалынды. Мектебіміздегі  деңгейлік курстар бойынша бірінші және екінші, үшінші  денгейлік курстарды аяқтағаны жөнінде  сертификатты бар ұстаздармен бірлесе отырып,  оқушыларды  АВС  деңгейлер бойынша   бөлу арқылы олардың белсенділіктерін бақылады. Яғни негізгі мақсатымыз: А,В,С деп таңдап алған үш оқушымыздың  біз белгілеген  табыс критерийіне  жетуін бақылау  және сыныптың  тұтастай  топтық жұмыстар арқылы белсенділікпен  жұмыс істеуі.

Ақылдаса келе бұл сабақтарды өткізу барысында  оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында сабақтар арасында   «Аквариум», «Броундық қозғалыс», «Таза  тақта» , «Ия десең де, жоқ десең де  дәлелде»  әдістерін пайдалдандым.  Бұл әдістерді  өткізген әр сабағыма  тиімділерін пайдаланып отырдым. Осы зерттеу сабақтарын өткізу кезінде байқағаным, оқушылардың барлығы да белсене сабаққа қатынаса бастады.  Мәселен, «Таза  тақта»  әдісінде оқушылар   жақсы  араласып, толымсыз  толымды квадрат теңдеуді ажырата  білді. Не  себепті, сен қалай ойлайсың деген сияқты  сұрақтарды қою арқылы олардың  жауаптарын алып отырдым.  Оқушылар  өздерінің белсенділіктерін  «Ия десең де, жоқ десең де  дәлелде»  әдісі арқылы да  жақсы көрсете  білді. Себебі оқушылар жазылған  пікірге  өз ойларын айтып, оны талдап  айта алды. Бұл әдіс оқушының өз пікірін ашық айтады, өз ойын  айтып қана қоймай дәлелдей алатын болады. Жалпы  оқушыны сыни ойлауға, сыни  ойлана алуға  дағыландырытын болады.

Мен осы зерттеу  сабақтарын өткізу барысында  өзіме  қажетті мол мәліметтерді  ала білдім десем артық айтқаным емес. Бастапқыда жүрексінгенім рас, дегенмен әр сабақ өткен сайын жақсы өткізуге тырыстым.  «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп айтқандай, бірлесе жасаған  жұмыстың  нәтиесі ондай  болары сөзсіз екеніне тағыда көзім жетті. Пайдаланған  әдістерімді түрлендіре түсетін  боламын.

Зерттеу  сабақтары  мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға, сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге бақсада мұғалімдердің пікірлерімен санаса білуге, олардың тәжірибелерімен алмаса отырып жұмыс  жасауға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, Lesson  Study   нәтижесінде  біз оқушылардың  білімдерін  жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық  және  оқушыларымыздың  оқу үдерісіне толыққанды  қатысуына  ықпал  ете  білдік. Сабақ соңында өз мақсатымызға жеттік,қалыс қалған   оқушылар болған жоқ. Бағдарламаның  жеті модульдерін ықпалдастыра отырып, оқушылардың  сұрақтарға толық  жауап беруіне,ойларын ашық айта білулеріне дағдыландырдық. Болашақта да  осындай  әдіс-тәсілдерді  қолдана отырып  оқушылардың білім – білік дағдыларын арттырамын  деген  сенімдемін.

 

Дулыбаева Каламкас  Алпысовна
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі
математика пәнінің мұғалімі

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*