Home » Жаңалықтар » Елбасы мақаласына арналған брей-ринг

Елбасы мақаласына арналған брей-ринг

Жуырда Жамбыл облысы, Тараз  шаһарының №12 балабақшасында қалалық «Абай» кітапханасының ұжымымен бірлескен зияткерлік брей-ринг ойыны өтті. Брей-ринг Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласы «Ұлы даланың жеті қырына» арналған. 

  «Абай» атындағы кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.К.Дүнесова кітаптар арқылы «Ұлы даланың жеті қырын» таныстырды. Жүргізушілер М.Н.Орынтай, А.Н.Ошақбай брей-рингтің  бес түрлі сайысымен таныстырып, ойын тәртібінің қалай жүргізілетіндігін жеткізді. Яғни, ойын бес түрлі сайыстан тұрады, бірінші түрі сұрақ-жауап арқылы «Қазақстан тарихы» туралы болса, екіншісі «полиглот» арқылы әр топ жұмбақ шешіп, шешуін үш тілге аударды.

Ал, «жалпы сұрақтар» деген сайыс түрінде ежелгі қалалар мен ғалымдарға байланысты сұрақ қойылып, тұшымды жауаптар алынды.  «Суретте кім бейнеленген?» атты сайыс түрінде мониторда ғалымдардың суреті көрсетіліп, кім екендігі толықтай айтылды. «Менің Қазақстаным» атты рефлексиялық сайыста қатысушылар өз ойларымен сөйлемдерді толықтырылып, қызықты жауаптар алынды.

P.S. Жамбыл облысы, Тараз қаласының № 12 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі М.Р.Балтабаева «Абай» кітапханасы ұжымын алғыс хатпен марапаттап, болашақта бірлесе жұмыс жасауға ұсыныс жасады.

Жансая Құрманғалиқызы,
«Білім айнасы»,
Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*