Home » Жаңалықтар » ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ БАС ҚОСТЫ

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ БАС ҚОСТЫ

Облыстағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мұнайлы аймақта алтыншы жыл табысты қызмет етуде. Аталған мерізімде оқу орынды бес жүзден астам түлек тәмамдады. Қазіргі таңда олар еліміздің және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында кәсіби білім алуда.

Биыл аймақтағы Назарбаев Зияткерлік мектебін бітірген түлектердің алдыңғы лебі санаулы айлардан кейін жоғары білімді аяқтайды. Осыған орай мектептің түлектерін жұмысқа орналастыру, оларға өңірде сұранысы жоғары мамандықтарды таныстыру мақсатында алғаш рет оқу орында «Zhastar times» мектеп түлектерінің форумы өткізілді.

Еңбек нарығын отандық мамандармен толықтыру, өндірістік мекемелерде кадр тапшылығын азайту мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларының бірі. Осыған сәйкес Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектер форумына облыстық кәсіпкер палатасы, мемлекеттік басқармалардың өкілдері, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

  • Әр білім ордасы үшін оның ең үлкен жетістігі – олардың табысты түлектері. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары сіздерге мектептің табалдырығын аттағаннан бері барлық жағдайды жасады. Осы залда отырған әрбір түлек алтын ұядан терең білім, тәрбие мен өнеге алды. Ал қазір сіздер, еліміздің және шет елдің үздік оқу орындарында білім алып жатырсыздар. Санаулы айлардан кейін түлектердің алдыңғы лебі жас маман атанады. Енді міне, мемлекет жасаған барлық игіліктерді елге, өз ұлтыңызға еселеп қайтаратын кез келді. Мен баршаңызды өз отаныңызға, туған жеріңізге оралып, осында еңбек етуге шақырамын. Өйткені мемлекет сіздерге үлкен сенім артуда», -деді өз сөзінде мектеп басшысы Айдарбек Айтбөкешев.

«Zhastar times» түлектер форумында университет студенттері оқу орындағы жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдау және кәсіби білім алу жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл бағытта «Медицина және жаратылыстану ғылымдары», «IT технологиялар», «Инженерия», «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар», «Химия өнеркәсібі» сынды тақырыптық секциялар жұмыс істеді. Мектептің жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауға көмектесу, оларға кәсіби бағдар беру Н.Ә.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты халыққа жолдауында анық көрініс тапқаны белгілі.

Форумда республикадағы зияткерлік мектептердің түлектер қауымдастығының вице-президенттері Аяжан Рүстемова мен Дамира Джанзакова Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үздік түлектеріне қауымдастыққа мүшелік төсбелгілерін табыстады. Астаналық меймандар атыраулық жастарды «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  түлектерінің қауымдастығына қосылуға және белсенді болуға шақырды.

Осылайша Елбасының жарлығымен Жастар жылын қолдауға бағытталған жаңа жылдағы алғашқы шара барлық қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Арадағы жылдардан кейін сағынышпен алтын ұяға оралған түлектер оқу орынға, мектеп ұжымына алғыс білдіріп, оқушыларға табыс тіледі.

Ануар Джаманкулов,
Атырау қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

 

One comment

  1. It was interesting!
    http://www.kstu.kz

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*